Ерекше білім алуында қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыту жұмыстарында қолданылатын әдістердің мазмұны


Ерекше білім алуында қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыту жұмыстарында қолданылатын әдістердің мазмұны .
Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.
Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі - үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі
Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3] .
Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген:
− VI- IX ғ. ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы;
− Х-ХV ғ. ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу ;
− XVI- XVII ғ. ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру; − XVIII ғ. ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру;
− XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау;
− XIX ғ. 30 ж. - ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау; педагогикалық әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау; − 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін тоқтату; − 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау
«Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы келмейтін кеңірек ашатын анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы-елдердің Парламентаралық Ассамблеясында қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім беру) туралы» Үлгілік заңында берілген. Үлгілік заңға сәйкес « . . . үйде оқыту - денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру мекемесіне бара алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде оқыту іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруі».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Баланы үйде оқытуды ұйымдастыру мектеп педагогтары мен оқушы ата-анасының (немесе заңды өкілдердің) қатысуын ғана емес, сонымен қоса территориялық ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, арнайы білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қорғау органдарының және сол сияқты басқа да білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуын талап ететін күрделі және көп еңбекті процесс. Дегенмен, жалпы білім беру бағдарламасымен баланы үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыс білім беру ұйымымен, оның ішінде бала тіркелген жалпы білім беру мектебімен жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала оқығаннан бастап мектеп басшыларының, мамандары мен педагогтарының арнайы білім беру саласында, соның ішінде балаларды үйде оқыту бойынша қосымша кәсіптік құзыреттерді игеруі міндетті.
Мектеп басшылығы мен мамандардың (болған жағдайда педагог - психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтар ) ойластырылған өзара әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуы мен дамуындағы қиындықтарды еңсеруде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мен іске асыруға, олардың отбасына, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылармен жұмыс істейтін мұғалімге көмекті ұйымдастыруға бағытталады. Осындай жағдайда команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің негізгі ережелері өзара сыйластық, команданың барлық мүшелерінің өзара көмекке дайын болуы, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қызметтерді анық бөлу, түзету және білім беру процесінде барлық команда мүшелерінің тең дәрежеде қатысуы, өзінің және ортақ жұмыстың нәтижесіне жауапкешілік болып табылады.
Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.
Үйде оқытуды ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері:
− баланы оқытатын мұғалімдер, ата-анасымен (заңды өкіл) сабақ кестесін келісу;
− білім алушылармен, олардың ата-аналарымен байланысты қамтамасыз ету;
− үлгерім журналы мен табельді жүргізуді қадағалау;
− ата-аналарды (заңды өкілдерді) білім беру процесіндегі барлық өзгерістер туралы уақытында ақпараттандыру;
− білім беру процесі үшін салдары бар қиындықтар туралы мектеп әкімшілігін уақытында ақпараттандыру.
Мектеп әкімшілігі келесі мәселелерді шешеді:
− білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер негізінде үйде жеке тегін оқыту туралы ереже, жеке оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жұмыс бағдарламалары және басқа жергілікті актілерді дайындау;
− оқу жоспары мен бағдарламаларын, жеке оқыту әдістемесін орындауды, білім алушылардың аттестациясын, құжаттарды жүргізу және рәсімдеуді тоқсанда, жартыжылдықта бір реттен кем емес қадағалау;
− үйдегі сабақтардың уақытында өткізілуін, үйде оқытылатын балаларды есепке алу журналын жүргізуді қадағалау;
− үйдегі оқытатын мұғалімдер мен мамандарды уақытылы таңдау;
− үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша шешімдерді уақытында қабылдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz