БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖАЙЛЫ МАҚАЛА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ

Твоя фамилия, имя и отчество

Аннотация: Мақалада бүгінгі күні әлемдік мәселеге айналып отырған бала құқығы туралы айтылады. Бала құқығының заңмен қорғалып, шын өмірде қандай дәрежеде екені автордың пікірімен беріледі. Сонымен қатар бала құқығы туралы тарихи деректер, ұйымдар туралы хабар беріледі. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың жағдайы қарастырылады. Мақала құқық саласының студенттеріне, қызметкерлеріне арналған.

Кілт сөздер: бала, құқық, ұйым, бап, конвенция, заң, отбасы, жетім, ЮНИСЕФ, БҰҰ, Еуропа, халықаралық, мемлекеттік орган.

Отан отбасынан басталады. Бұл қарапайым халық мақалы бүгінгі күні көптеген мәселелердің түпкі моральіне айналмақ. Сондықтан біз ең алдымен отбасы тәрбиесіне, яғни адамды туған отбасысынан бастап қадағалауымыз қажет. Тіпті бала ана құрсағында жатқан кезден бастап дұрыс тәрбие алып, ана мен баланың құқығы мемлекет тарапында қадағалауда болу керек. Мемлекет балаға қаншалықты көңіл бөлсе, ол да өз елің соншалықты сүйіп өседі. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамызында қабылданған бала құқықтары туралы заң 53 баптан тұрады және жан-жақты қарастырылып жасалған. Сонымен қатар 1994 жылы Қазақстан Бала құқыықытары туралы конвенцияны ратификациялады. Бұл - еліміздің жас тәуелсіз мемлекет мәртебесінде қол қойған, 100-ден астам актілер мен жарлықтарда заңмен бекітілген тұңғыш халықаралық келісімі. 1 Алайда бұл балалардың құқығы мүлдем бұзылмайды деген сөз емес.

«Бала кезінен адам белгілі бір құқықтарға ие болады. Бала және оның құқықтарын қорғау мәселесі әрқашан өзекті болып келеді. Мария Монтессори баланы құлмен салыстырып, баланың құқығы ересек адаммен бірдей болуы керек дейді. Алайда, бүкіл балалардың құқығы тарихымыз бойы бұзылып келді. Тек 1917 жылы алғаш рет БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Халықаралық балалар жылы» деп жариялады. Бұл балаларды қорғауға арналған іс-әрекеттің бастауы болды. Бүгінгі күні балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдар бар: Халықаралық балаларды күту қауымдастығы, балаларды құтқару Одағы, Балалар Қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИСЕФ) және т. б., бірақ балалардың қоғамдағы жағдайын әлі де жақсарту керек және дереу әрекет етуді талап ету қажет». 2

«ЮНИСЕФ-тің негізгі қызметі - дамушы үкіметтерге көмек: мектептерге арналған жабдықтарды, азық-түлік өнімдерін жеткізу; дәрі-дәрмектер, оқытушыларға стипендия беру. 36 мүшеден тұратын ЮНИСЕФ-тің Атқарушы кеңесі мыналарды айқындайды: қызметінің негізгі бағыттарын талдайды және бекітеді. Штаб-пәтері ЮНИСЕФ хатшылығы орналасқан Нью-Йорк 140-тан астам елде (оның ішінде Қазақстан Республикасы бар) өз бюролары арқылы жұмыс істейді (200-ден астам) . ЮНИСЕФ шеңберінде баланы дамыту халықаралық орталығы жұмыс істейді. Ол 1988 жылы мамандандырылған ғылыми-зерттеу және оқу мекемесі ретінде Италия үкіметінің қолдауымен құрылды». 5

Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары туралы конвенциясында «бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша көзқарасын еркін білдіруге құқылы. Үлкендер балалардың пікіріне құлақ асулары қажет» деп көрсетілген. Мысалы, біздің елімізде бұл конвенция қабылданғанмен, іске асырылмаған деп ойлаймын. Өйткені, ешбір бала ашық түрде өз ойын білдірмейді. Оның басты себебі - баланы тыңдайтын қоғам жоқ. Оның ойымен ата-анасы келіспейтін болса немесе балаға қатыгездік танытатын болса, бала сол ата-атаның қатты тәрбиесіне көніп жүре береді. Ол бұл мәселелерді қалай шешіп, оның құқығын қорғайтын адамның кім екенін білмейді. Осы орайда, біздің балаларымызбен ашық жұмыс істейтін жеке мемлекеттік ұйымдар қажет. Олар тікелей балабақшалармен, мектептермен жұмыс жасап, әрбір баламен сұхбат жүргізіп отыруы қажет. Әсіресе, шет аймақтарда, ауылдарда тұратын балаларға бұл ұйымдарға хабарласу қолжетімді түрде болу міндетті. Мысалы, әрбір оқушының күнделігінде және мектеп, балабақша, ойын-сауық орталығында балалардың құқығын қорғайтын ұйымдардың нөмерлері тұрса, әлдеқайда қолжетімділік пайда болады.

«Бір зерттеулерде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтық мәртебесінің ерекшелігі - бұл балалардың халықтың ең қиын және осал санатына жататындығы, өйткені бастапқыда қалғандарымен тең құқықтарға ие бола отырып, олар іс жүзінде оларды жүзеге асырудың әлдеқайда аз мүмкіндіктеріне ие екендігі туралы айтылған». 3 Бұл сөздермен келісе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы екі есе қорғауда болу керек екенін түсінеміз. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңының 1-тарауының 7-бабында «жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру» деп жазылған. Бұл баптың кілт сөзі «тәртіппен», яғни жетім бала бірден жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етілетініне кепілдік берілмейді. Ол тек өзінің кезегін күту керек. Осы уақыт аралығында қамқоршысы жоқ адам өмірден түңіліп, көптеген жағымсыз жағдайларға кезігеді. Осы жағдайды ескере отырып, біздің мемлекет әр жетім баланы кем дегенде жұмыспен, одан кейін тұрғын үймен, бірден оқу бітіргеннен соң қамтамасыз етсе, көше кезіп жүргендердің саны азаятын да шығар.

«Баланың өз бетінше ішкі қорғаныс ұйымдарының талабымен заңды түрде арыздана алмайтыны анық және баланың заңды өкілдері кейде оның құқықтарын бұзушылардың өзі болатынын ескере отырып, адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың тәжірибесінде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше өзекті болып көрінеді. Адам құқықтары мен балалардың негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның ережелерін қолданылады. Балаларды қорғау туралы істерінде Еуропалық конвенцияның келесі баптары жиі кездеседі: a) "3-бап. Азаптауларға және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға тыйым салу (атап айтқанда, балаларға мектепте, ата-аналарымен немесе сот шешімі бойынша дене жазаларын қолдану жағдайларында) ; b) 6-бап. Әділ соттың құқығына ие болу (қылмыс жасады деп айыпталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот үшін арнайы іс жүргізу ережелерін белгілейді) ; c) 8-бап. Отбасылық өмірді құрметтеу құқығы (оның аясында сот отбасы ұғымын түсіндіреді; заңсыз балалардың мәртебесі; баланың мүддесі үшін әрекет тұжырымдамасын анықтайды (дінді, есімді таңдау және т. б. ) . ) ; баланы қамқорлыққа алу құқығын мемлекетке беру; ата-аналар мен балаларды ата-аналарын депортациялау себебі бойынша ажырату жағдайлары) ; d) 10-бап (2-Б. ) . Денсаулық пен имандылықты сақтау мақсатында өз пікірін білдіру, ақпарат алу және тарату бостандығын шектеу; e) 14-бап. Кемсітушіліктен қорғау; f) Хаттаманың 2-бабы 1. Білім алу құқығы (мысалы, жеке мектептердегі білім; ата-аналардың философиялық сенімдерін құрметтеу) ". Осы баптардың негізінде сот Халықаралық құқықтағы балалардың құқықтық жағдайын реттейтін белгілі бір құқықтық стандарттарды жасады. Бұдан басқа, бала құқығының бұзылуын негіздеген кезде баланың құқықтарын бекітетін басқа да халықаралық-құқықтық актілерге, атап айтқанда, 1989 жылғы Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сілтемелер рұқсат етіледі». 4

Заң тұрғысынан, көріп отырғанымыздай, балалардың құқығы халықаралық дәрежеде қорғалған. Тек сол заң бұзылған жағдайда баланың өз бетінше арыздануы дамыған Еуропа елдерінде де өзекті мәселеге айналып отыр. Менің ойымша, баланың құқығы ересек адамдардың құқығымен тең болғанмен, ол интеллект тұрғысынан ересек адамнан төмен болғандықтан мемлекет балаға өзінің қамқорлығын тікелей білдіріп, «міне, мен сенің құқығынды қорғаймын, сен бақытты өмір сүресің, мен саған көмектесемін» деп қарапайым түрде әр баламен жұмыс жасау қажет. Бұл үшін әр елді-мекенде баланың құқығын қорғайтын жеке ұйымдар ашу қажет және оның адресі, телефон номері әр баланың қолында болу міндетті. Сонымен қатар бұл ұйымдар сәбиі бар отбасыларды да бақылауда ұстау керек.

«Заң ғылымында дәстүрлі формада «балалық шақтың құқықты қорғанысы» атты термині қолданылады. Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы бұл қорғауды әлеуметтік саясаттың ажырамас бөлшегі ретінде қарастырады». 5 Расымен, баланың бүгінгі күні қорғаныста болуы - болашақ мықты саясаттың кепілі. Өйткені, әр бала сол елдің азаматы. Ол сол елге қызмет етуші. Сондықтан біз балаларды саясат тұрғысынан да бақылауға алуымыз керек. Саяси тұрғыдан жетім, ауру балаларға қоғамдық жағдайлар жасауға болады. Олардың әлеуметтегі орның теңестіріп, материалдық жағдайларын қарастыру керек.

«1924 жылы Женевада Ұлттар Лигасы өзінің 5-ші сессиясында Балаларды құтқару саласындағы халықаралық құқықтар декларациясын қабылдады. Бұл халықаралық құқықтық сипаттағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында алғашқы құжат болды. 5 декларациядан тұратын құжат мақсатты түрде бекітіледі. Декларация бойынша, бірінші қағида: балаға материалдық және рухани дамуға мүмкіндік беру керек; екінші қағида: аш баланы тамақтандыру керек, науқас балаға қамқорлық жасау керек, қатал балалар тәрбиелену керек, жетімдерге баспаналар және бар қажетті заттар берілуі тиіс; үшінші қағида: апат болған жағдайда ең бірінші бала көмек алуы керек; төртінші қағида: балаға өмір сүру үшін ақша табуға мүмкіндік беру керек; бесінші қағида: бұл бала саналы түрде оның ең жақсы қасиеттері келесі ұрпақтың пайдасына қолданылатынын біліп тәрбиелену керек». 5 Бір ғасырдай бұрын 5 қағидамен қорғалған балалар құқығы қазір жүзден аса баппен бекітіліп қорғалса да, әлі күнге дейін бұл мәселенің шешімі табылмады. Статистикаға жүгінсек, 2019 жылы Қазақстанда 5 мыңнан аса жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың әрқайсысы тұрғын үймен қамтылмаған. Бірақ біздің мемлекет үшін 5 мың адамды үймен қамтамасыз ету қолжетімді. Заңмен жүздеген баппен қорғалған осы мәселенінің материалдық жағын неге шешіп қоймасқа? Бұл 5 мың бала біздің мемлекетіміздің болашағы. Оларға қазір тек мемлекет өз қамқорлығын білдіре алады. Олар басқа ешкімге керек емес. Бұл тікелей мемлекеттің парызы. Заң тұрғысынан да мемлекет мейлінше кең түрде көмек көрсету керек. Мемлекет тарапынан да бұл балалар үшін көмек берілмесе, ата-анасыз бұл балалар қылмыстың жолына түсіп кетуі әбден мүмкін. «Сот тәжірибесі көрсеткендей, жасөспірім жасаған қылмыс неғұрлым қауіпті болса, мораль, білім және мәдениет тұрғысынан оның отбасындағы өмірі неғұрлым нашар болды». 6 Осы тұрғыдан ата-анасыз өскен баланың қылмысқа, жамандыққа беріліп кетуінің дәрежесі төмен емес. Сондықтан мемлекет материалдық тұрғыдан болсын, барлық жетім мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға бірдей тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалар құқығы және журналистика
БАҚ-тағы ұлттық және діни алауыздықтың жазылу ерекшеліктерін зерттеу арқылы қоғамдағы дінаралық, ұлтаралық өшпенділіктің алдын алу
Қазақ журналдарының тарихы
Қазақ медиасының шағын шежіресі
Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер
Әйелдер басылымдарының дизайны
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
Суррогат ана
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz