Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы айыппұл: құқықтық негіздер мен сот тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ағымдағы жылдан бастап айыппұл түрінде жаза қолдану көзделген. Айыппұл - бұрыннан келе жатқан жаза түрі. Бұл көптеген мемлекеттердің қылмыстық құқығында қолданылады. Айыппұл дегеніміз - қылмыс жасағаны үшін салынатын, әдетте мемлекет пайдасына өндіріп алынатын ақшалай қаражат.

Айыппұл салу өз кезегінде қылмыс жасаудың нәтижесінде мемлекетке немесе жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін келесі көлемде айыппұл салынады:

Пара алушылар үшін жаза:

Параның 50-80 еселік сомасы

15 жылға бас бостандығынан айыру (сараланатын белгілерге байланысты)

Делдалдар үшін жаза:

Параның 10-20 еселік сомасы

6 жылға бас бостандығынан айыру (сараланатын белгілерге байланысты)

Айыппұл көлемін анықтаған кезде, әрбір нақты жағдайда оның мөлшері сотталушы жасаған қылмыстың ауырлығына байланысты саралануы қажет.

Егер сотталушы сот тағайындаған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарса, онда жаза түрі бас бостандығынан айыру секілді анағұрлым ауыр жазаға өзгертіледі.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, 2015 жылдан бастап елорда соттары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 11 лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде жаза тағайындады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша сотталушы тұлғалар бюджетке 300 миллион теңгеден аса айыппұл төлеген

Айыппұл (штраф) - заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы. Әдетте айыппұл ақшалай түрде мемлекет пайдасына алынады. Айыппұл түрі ретінде қолданылады:

а) қылмыстық құқықта - жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы ретінде қолданылады;

ә) азаматтық құқықта - өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағандығы үшін, жеке мүліктік емес құқыларға нұқсан келтірілген кезде қолданылады;

б) тұрақсыздық айыбының бір түрі;

в) әкімшілік құқықта - әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға судьялар, уәкілетті органдар (ішкі істер бөлімі, өрттен қорғау, санитарлық, мал дәрігерлік қадағалау және т. б. ), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады;

г) іс жүргізушілік құқықта - заңда көзделген (мысалы, сот мәжілісінің тәртібін бұзған) реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады. [1] [2]

Айыппұл әлемнің көп елдерінің қылмыстық заңындаында кеңінен қолданылады: бұл Англия, Франция мен АҚШ-та қолданылу жиілігі бойынша ең таралған жазалау шарасы болса, Германия айыппұлды маңыздылығы жөнінен екінші орынға қояды; айыппұл Ресей Федерациясы мен Қазақстанда да қолданылады. Қылмыстық жазалау түрі ретінде айыппұлдың артықшылықтарына мыналар жатады: түрмеде отырғандардың санының азаюы; шағын мөлшердегі қылмыс жасағандар мен түрмеде ұзақ отырған ауыр қылмыспен сотталғандардың арасындағы тікелей байланыстың болдырылмауы; жазаның осы түрін орындауына байланысты үстемелердің шағын мөлшерде ғана болуы (арнайы атқарушы органдарын құруға қажеті жоқ) ; мемлекеттік бюджетке кіріс; сотталып жатқан азаматтың жағдайына байланысты соттың жекеленген үкім шығыра алу мүмкіндігі; заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын ынталандыру шараларын қолдану мүмкіндігі (айыппұлды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, өнегелі мінез көрсетуі үшін айыппұл мөлшерін төмендету) .

Айыппұл төлеу өз бетімен бөлек жазалау шарасы ретінде көптеген жағдайларда қолданыла алады. Мысалы Францияда айыппұлды келесі қылмыстық әрекеттерде тағайындайды: абайсызда өлімге әкелген жағдайда, жәбірленушінің жарақат немесе созылмалы ауруына әкелген зорлық-зомбылық қасақана актілер, жыныстық қатынаспен байланыспаған басқа барлық зорлық түрлері, есірткі саудасы, біреуді қауіп-қатерде қалдыру, т. б. Сонымен қатар айыппұл басқа бір ауыр жазаның орнына немесе бас бостандығынан айырумен қатар бірге қолданылуы мүмкін. Соңғы жылдары көптеген батыс елдерінде айыппұлды несие сияқты бөлеп төлеу де қолданысқа еніп жатыр, себебі көптеген азаматтардын айыппұлды бірден толығымен төлейтін мүмкіндіктері болмайды.

Қазақстанда да айыппұлды қолданудың ауқымы жылдан-жылға артып бара жатыр. Мысалға келсек Әкімшілік Кодекске өзгертулер енгізіліп, жол қауіпсіздік ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері екі есеге артты. Аталмыш заң 19 сәуірде арнайы баспасөзде жарияланды. [3] Заңға енгізілген өзгертулер айыппұл көлемін арттырып, оның төлем тәртібін күрделендірген. Ең көп кездесетін - жылдамдықты 10-нан 20 шақырымға дейін асыру, рұқсат етілмеген жерге тоқтау, белгіленбеген жерден бұрылу, қиылыста кептеліс жасау сияқты тәртіп бұзушылықтар бойынша арттырылған айыппұлды жүргізушілер сезінетін болады. Ондай тәртіп бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі екі есеге артқан. Яғни, бұрын 5 АЕК (9 260 теңге) болса, енді 10 АЕК (18 520 теңге) болды. Мегаполис тұрғыны ретінде екінші қатарға көлік қоюшыларға айыппұлдың артқаны өте қуанышты жайт. Оның мөлшері 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке (37 040 теңге) дейін артты. Мас болып көлік басқарғандар 3 жылға жүргізушілік құқығынан айырылады. Бұған дейін ол мерзім - 2 жыл болған еді. Сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасаса, онда 5 жылға жүргізушілік құқығынан айырылады. Сонымен қоса, енді полиция қызметкерінің рұқсатынсыз жүргізушінің, жолаушының көліктен шығуы және полицияның талабы бойынша көліктен түспей отыруы 5 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланады. Ірі көлемдегі айыппұл, ұзақ мерзімдік қамау жол-көлік апаты орынынан заңсыз бірінші болып кетіп қалғандарға, наркодиспансерлік тексеруден өтуден бас тартқандарға тағайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: теориялық негіздер және Қазақстандағы тәжірибесі
Отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы рөлі мен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық-құқықтық жауапкершілік
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: құқықтық негіздер, мәдениет және алдын алу шаралары
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: құқықтық негіздер, жіктеме және іс-қимыл механизмдері
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы: құқықтық негіздер мен халықаралық тәжірибе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: құқықтық негіздері, себептері және Қазақстан тәжірибесі
Қазақстандағы корпоративті басқарудың құрылуы мен дамуы және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы негіздер
Конституцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тетіктері мен институттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: теориялық негіздер, себептік-кешендік факторлар және халықаралық-құқықтық құралдар (Қазақстан тәжірибесі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz