Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті
(СӨЖ)
Тақырып: Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар.
Орындаған: Женісова Н.Н
Тексерген: Акыш Б.О
Жоспар
1.1Әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдары мен бағыттары.
1.2 Әлеуметтік лингвистиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны
2. Тілдік құрылымдар мен әлеуметтік лингвистика деңгейлері.
2.1 Тілдік және тілдік емес қарым-қатынас: қатнас жағдаяты және ортасы
3. Тұлғааралық қатынастағы тіл
3.1 Тілдік қауымдастық
4.Әлеуметтану және әлеуметтік психология
Әлеуметтік лингвистика - терминологиялық жүйесінің өзгерімпаздығымен сипатталатын: кейде үнемі жаңа терминдер мен термин секілді тіркестер пайда болып, кейде олар ескіріп стилистикалық бояуы бар сөзге аусып кететін, ылғи маңызды түрдегі өзгерістерге ұшырап отыратын ғылым. Осылайша әлеуметтік лингвистика өзі өзгеріске түсіп, біртіндеп терминологиясының бұқаралық сипаттығы кеміп, ұғымдық аппараты жетіле түседі. Әлеуметтік лингвистика пәнінің өзгерімпаздығы, уақытқа тәуелділігі үнемі жаңаруды және әлеуметтік лингвистикалық терминдерді қайта ой елегінен өткізіп отыруды талап етеді. Біздің еліміз үшін әлеуметтік лингвистикалық терминдер сөздігін жасау тек теориялық маңыздылыққа ғана ие емес, өзге ел ғалымдарының бұл міндетті қалай қарастырып жатқанынан да хабардар болуды көрсетеді. Ол қазіргі Қазақстандағы және сондайақ бұрынғы кеңестер одағына қараған елдердегі тілдік құрылыс үдерісін құрайтын өзекті мәселенің бірі болып табылады.Әлеуметтік лингвистика (латынның soci (etos) - қоғам және француздың Lingistigue Lingue - тіл деген сөздерінен 7 алынған термин), қысқаша - социолингвистика - түрлі ғылымдармен (әлеуметтану, этнография, антропология, психология, мәдениеттану, педагогика, тарих, саясаттану, дінтану, заң ғылымы т.б.) және тіл білімінің жекелеген салаларымен (когнитивті лингвистика, гендрлік лингвистика, лингвистикалық статистика, ареалдық лингвистика, психолингвистика т.б.) тығыз әрі пәнаралық байланыста дамып келе жатқан жас ғылым саласы.
Қандай бір ғылымның объективті шындықты сипаттайтын өзіндік ұғымдар жиынтығы болады, бұл оның пәні деп аталады. Мысалы, тіл білімі тілдің дыбыстық жүйесін, сөздік қоры мен грамматикалық құрылысын қарастырады. Тілдің осы жүйелерін фонетика, лексикология және грамматика салаларында қарастырылып, өз ішінде алуан түрлі ұғым-түсініктермен, оларға қатысты терминдермен түсіндірілетіні мектеп қабырғасынан белгілі. Ал әлеуметтік лингвистиканың пәні не, ол тілді қалай зерттейді? Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тіліне, оның күнделікті сөйлеу дағдысына әлеуметтік ортаның көптеген әсерлері болады. Міне, осыны әлеуметтік лингвистика қарастырады. Егер мұны бізге жете таныс дәстүрлі лингвистикамен салыстыратын болсақ, ол тілдік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, әлеуметтік лингвистика сол тілдік таңбаларды адамдар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ортасына, білім деңгейіне, мәдени ұстанымына т.с.с. байланысты қалай пайдаланады: бәрі бірдей ме, әлде әртүрлі қолдана ма дегенге баса назар аударады. Адамның сөйлеу ерекшелігі көбінесе қарым-қатынас жағдаятына тәуелді болады. Әрбір жағдаятта адам әртүрлі сөйлейді: әңгімелесушімен тең жағдайда немесе одан өзін жоғары, басым ұстауы (кейде оған тәуелді болуы) мүмкін. Жалпы адамдар қоғамда бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда әр алуан рөлдерді: әке - бала, күйеу - әйел, бастық - бағынышты - қызметкер, жұмысшы, сатушы - сатып алушы, дәрігер - емделуші, мұғалім - оқушы, оқытушы - студент т.б. орындайды. Осындай рөл түрлері сөйлеу мен сөз саптау дағдысының ерекшелігін танытады. Айталық, бала әкесімен құрдасындай сөйлеспейді. Сондай-ақ 11 студент пен оқытушының, дәрігер мен емделушінің, бастық пен бағыныштының сөз саптаулары қалалық көліктегі таныс не таныс емес адамдардың сөйлесулеріндегідей болмайды. Осы айтылғандардан көріп отырғанымыздай әлеуметтік лингвистика өз назарын тілге, тілдің ішкі құрылысына емес, оның қоғамда қалай қолданылатынына назар аударады. Осыған байланысты оған әсер ететін факторлар, сөйлеушілердің әр алуан сипттамаларынан бастап (жасы, жынысы, білім, кәсібі т.б.) нақтылы сөйлеу ерекшелігіне дейін есепке алынады. Әлеуметтік лингвистика тілді дұрыстап сөйлеп, дұрыс қолданушылармен емес, өз сөйлеулерінде қоғамда, тілдік ортада қалыптасқан тілдік норманы бұзатын, қателесетін, бірнеше тілдік стильдерді немесе бірнеше тілдің элементтерін араластыратын нақтылы адамдарды нысана етеді. Тілді қолданудағы осындай барлық ерекшеліктерді білу, оларды талдап түсіндіру, болу себептерін анықтау тілді дамыту жұмыстары үшін маңызды мәселе болып табылады. Зерттеу нысаны тілдің қоғамдағы қызмет етуі болып табылатынын әлеуметтік лингвистика тілдің ішкі құрылымын жалпы мәлімет ретінде қабылдағанымен оны арнайы қарастырмайды. Дүниеде бір тіл емес, екі тіл немесе одан да көп тілдер қолданылатын қоғамдар (мемлекет, ел, аймақ т.б.) бар. Міне, осындай екі, үш одан да көп тіл қызмет ететін қоғамдағы әлеуметтік лингвистиканың нысанасы қандай? Мұндай жағдайда әлеуметтік лингвистика бірнеше тілдердің өзара қарым-қатынаста қызмет ету тетігін зерттейді. Олар әлеуметтік өмірдің қандай салаларында қолданылады? Қандай тіл басымдылық танытады, яғни қай тіл негізгі қатынастағы мемлекеттік немесе ресми тіл болып табылады? Оның мәнісі неде? Отбасылық не тұрмыстық тілдерге қанағаттанушылық қажеттігі қандай? Адамдар бір тілден екінші тілге неге көшеді, ана тілін ауыстыру себебі неде? Қандай жағдайда және қандай формада қостілділік, көптілділік түрлері дамыған? Міне, қарап отырсақ, осындай мәселелермен дәстүрлі лингвистика да әлеуметтану да емес, тек әлеуметтік лингвистика айналысады. Әлеуметтік лингвистика деген атынан көрініп тұрғандай бұл ғылыми пән бірнеше ғылымдардың (тіл білімі, әлеуметтану, психология, тарих, этнография, демография, экономика, саясаттану т.б.) тоғысқан жерінен пайда болған. Әлеуметтік лингвистиканың осындай пәнаралық сипатын көптеген ғалымдар мойындайды, бірақ бұл мойындаушылық оның қай ғылымға көбірек жақын екендігіне жауап бола алмайды. Осыдан бұл ғылымды зерттеумен кім айналысады деген сұрақ туады. Мұндай сұраққа қазіргі әлеуметтік лингвиститка - бұл тіл білімінің бір саласы деп нақты жауап береді. Өйткені, оның қай ғылымға жататындығы, өзіндік мәртебесі туралы даудың күні өтті. Ол - әлеуметтік лингвистиканың пайда болу, қалыптасу кезеңіндегі мәселе. Бүгін, XXI ғасыр басында әлеуметтік лингвистика өзінің нысанын, мақсаты мен міндеттерін ғана анықтап қойған жоқ, сонымен қатар тіл білімі ғылымына тән нақтылы нәтижелерін де беріп үлгірді. Сонымен әлеуметтік лингвистиканың нысаны - қолданыстағы тіл. Өзі қамтамасыз ететін қоғамның әлеуметтік-коммуникативтік жүйесіндегі тілдің немесе тілдердің қызмет ету тетіктері мен олардың өзара қатынасы әлеуметтік лингвистиканың зерттеу аясын көрсетеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әлеуметтік лингвистика тілдің ішкі құрылымын зерттемейді, бірақ көптеген тілдік элеметтердің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы элементтермен шартты байланыстарын қарастырады. Жалпы тіл қоғамда белгілі бір әлеуметтік құрылымдарға ие бола отырып, қаншалықты қызмет етсе, тілді әлеуметтік контексте зерттейтін әлеуметтік лингвистика ғылымы туралы да соншалықты айтуға болады.
Енді әлеуметтік лингвистиканың біршама танымал болған пәндік анықтамаларына талдау жасай отырып, оның зерттейтін нысанына тоқталайық. Көрнекті филолог О.С.Ахманова Лингвистикалық терминдер атты сөздігінде әлеуметтік лингвистика немесе социолингвистика терминін екі мағынада түсіндіреді:
1.Тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел языкознания, изучающий причинные связи между языком и фактами общественной жизни).
2.Тілдің әлеуметтік саралануын, яғни оның түрлі әлеуметтік диалектілерін зерттейтін тіл білімінің саласы (орысшасы: Раздел языкознания, изучающий социальную дифференциацию языков, т.е. различные его социальные диалекты)
Осында келтірілген соңғы анықтамаға қарасақ, мұнда әлеуметтік диалектология сөз болған. Ал әлеуметтік диалектологияны әлеуметтік лингвистиканың бір бөлігі ретінде танушылық бар. Демек, мұндай жағдайда әлеуметтік диалектологиядан (кәсіби говорлар, кооперативтік жаргондар, арго т.б.) ғана емес, тілдердің әлеуметтік саралануының барлық түрлері қарастырылатын кең көлемді пәнді түсіну қажет. Ал алдыңғы анықтама әлеуметтік лингвистиканың тіл және қоғам атты басты проблемасын дұрыс көрсетеді. Бірақ онда тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байланыстың бағыттары ашып көрсетілмеген. Әлеуметтік лингвистиканың тағы бір анықтамасын 60-жылдардың соңында академик В.М.Жирмунский ұсынған болатын. Мұнда ол әлеуметтік лингвистика өзара тығыз байланысты екі проблеманы қарастырады: 1) таптық қоғамның белгілі тарихи даму сатысындағы (сол тарихи кезеңдегі қоғамдық ұжымда) тілдердің әлеуметтік саралануын; 2) тілдің әлеуметтік даму үдерісін, оның тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде қарау деп тұжырымдай келе, әлеуметтік лингвистика сипаттама және тарихи болып екіге бөлінеді дейді. Тіл білімі бойынша оқу құралдары мен оқулықтардың, сондайақ әлеуметтік лингвистика бойынша арнаулы зерттеулердің авторы Б.Н.Головин әлеуметтік лингвистика пәні мен оның міндеттерін қарастыра отырып, оны кең және тар мағынада сипаттауға болады дейді. Ол тілдің құрылымы мен оның қызмет етуін анықтай келе, тілдің әлеуметтік саралануы мәселесіне басты назар аударды. Сөйтіп, тілдің әлеуметтік саралануының төмендегідей жағдайларын көрсетеді:
1. Аумақ бойынша саралануы (бұл жергілікті, аумақтық диалектілердің болуынан көрінеді)
2. Сөйлеу материалының түрі бойынша саралануы (бұл жалпы тілдің ауызша және жазбаша формаларынан көрінеді).
3. Сөйлеу үдерісінің құрылымы бойынша саралануы (бұл тілдегі диалогтік және монологтік варианттардан байқалады).
4. Әлеуметтік ұжымның типі бойынша саралануы (бұл функционалдық стилдерден көрінеді).
5. Халықтың әлеуметтік тобы, жігі бойынша саралануы (бұл тілдегі кәсіптік, әлеуметтік варианттардан байқалады).
6. Сөздік шығармалардың жанры мен типі бойынша саралануы.
7. Сөздік шығармалардың авторлары бойынша саралануы (бұл тілдің варианттарының варианттарынан байқалады)
. Б.Н.Головин әлеуметтік лингвистиканы кең мағынада қарастыра отырып, былай дейді: ...должна обьять всю систему полскосных членении языка, всю систему его вариантов. Ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz