Ұлы тұлғалар


Әрбір халықтың ұлы тұлғалары бар. Олар өз елінің мақтаныштары және сол елдің тарихын жасаушы тұлғалар және ұлы азаматтар. Түріктер Мұстафа Кемалды, немістер Гетені, қытайлықтар Конфуцийді, үнділер Тагорды, өзбектер Науаиды, орыстар Пушкинді, ағылшындықтар Шекспирді, америкалықтар Джордж Вашингтонды, әзірбайжандар Низамиді, моңғолдар Шыңғысханды, қазақтар Абайды ұлылық деңгейіне көтерді. Есімдерін ұрпақтарының есінде мәіңгі сақталады. Халқымыздың ұлы тұлғалары әл-Фараби, Күлтегін, Сұлтан Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары, Абай және Әлихан Бөкейханов және тағыда басқа да көптеген ұлы тұлғалар халқымыздың мақтаныштары. Соның ішінде ұлы Абай атамыздың орны ерекше.
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келген. Бірақ, қазақтың бас ақынының туған күні әр деректерде әртүрлі беріледі. Оның туған күні юлиан күнтізбесі бойынша 29 шілде болса, григориан күнтізбесі бойынша 10 тамыз деп көрсетілген. Абайдың шын есімі -Ибрахим, бірақ әжесі Зере еркелетіп Абай деп атап кеткен. Абай Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келді. Ол Шыңғыс тауын жайлаған атақты Тобықты руынан Ырғызбайдан тараған. Әкесінің есімі Құнанбай, атасы Өскембай, арғы атасы Ырғызбай. Құнанбай өз заманында атақты, беделді ақсүйетердің бірі болды. 19 ғасырдың соңында Құнанбай патша үкіметінің сайлауымен Қарқаралы ауданының аға сұлтаны болып бекітілді. Абайдың анасының есімі Ұлжан, ал әжесі Зере. Абай ауыл молдасының қолында оқып жүріп, кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Балалық шақта үйде ауыл молдасынан басталған тәрбие, Семейдегі Ахмет-Риза молданың медресесінде жалғасты. Онда араб, парсы және басқа шығыс тілдері оқытылды. Сонымен қатар, Абай орыс мектебіне де барды. Бес жылдық оқу аяқталарда ол өлең жазуды бастайды. 13 жасынан бастап әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару ісіне баулиды. 28 жасында Абай ел ісіне араласудан бас тартып, өзін тәрбиелеп, ғылым-біліммен айналысады. Бірақ, ол тек 40 жасынан бастап ересектерге арналған алғашқы өлеңдерін жаза бастайды. Абай үшін маңызды оқиға саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылып келген Е. П. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросспен арасу болды. Ол Тарту қаласына жер аударылып, кейіннен Семейге ауыстырылған статистика басқармасында жұмыс істейтін Михаэлиспен танысып, дос болды. Михаэлистің ғылыми ағартушылық қызметі тікелей Қазақстанмен байласысты болған. Абай мен Михаэлистің таныстығы Семейдің қоғамдық кітапханасынан басталды. Олар, сол сәттен бастап бірнеше жыл қатарынан тығыз араласты. Абайдың дүниетанымын қалыптастыруға шығыс ақындары мен ғалымдары ықпал етті. Ол гуманистік идея ұстанған Фирдоуси, Әлішер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина сияқты ғалымдардың, сондай-ақ ресейлік классиктердің шығармаларын және тұтастай еуропалық әдебиеттерді көп оқыды. Ол Крылов, Лермонтов, Пушкин, Гёте және Байронның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына үлес қосты. Ол біраз уақыт бойы ел билеу ісіне араласып, Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болды. Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған…» туындысынан бастаған. Ол қазақ поэзиясына мүлдем жаңа форма енгізген жаңашыл ақын. Оның «Көктем» (1890), «Жаз» (1886), «Күз» (1889), «Қыс» (1888) атты жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері бар. Ал «Масғұт» (1887) және «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының сюжеті шығыс классикалық әдебиетінің мотивтеріне негізделген. Ол қазақ өлеңдеріне жаңа қыр, өлеңдер мен поэтикалық формалар енгізді. Абай 170-тен астам өлең, 56 аударма мен «Қара сөздер» және поэмалар жазды. Абай тек ақын емес, сондай-ақ композитор да болды. Оның бүгінгі таңда көпшілікке танымал жиырмадан астам әуенді құрды. Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңіне музыка қосылып, танымал халықтық ән болды. Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірбаяныАбай үш рет неке қидырған, ең үлкен бәйбішесі Ділдаға 16 жасында үйленген. . Абайдың ең танымал туындысы - 45 қысқа әңгімелерден немесе философиялық трактаттан тұратын «Қара сөздері». Бұл прозалық поэмада тарих, педагогика, моральдық және этникалық қазақтардың мәселелері көтереді. Абай «Қара сөздерін» қартайған шағында жазды және олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, олардың арасында орыс, қытай, француз және басқалары.
Абай мұрасының тәрбиелік мәні мен тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, бірден еске түсетіні Абайдың өз басының адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына деген ілтипатымыз, құштарлығымыз бүгінгі күннің өзінде жойылмаған. Оның ақ жүрегінен тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл қуат беріп, жанға жайлы, ыстық леп есетіндей. Бар асылын, ойын замана жастарына, келер ұрпаққа да арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет пен еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғиқаяларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
«Адамның білімі, өнері - адамшы-лықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі - жастық шақты оқуға, ғылымға, жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе:
«Дүние де өзі, мал да өзі Ғылымға көңіл бөлсеңіз…», - деген тұжырым ұсынады. Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына қандай қасиеттерді егу керектігін «Ғылым таппай мақтанба…» өлеңінде:
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz