Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Абдуалиева Камила
Кя 181
24-25 Практикалық сабақ
1.Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер.
2.Тәуелсіздік жылдардағы жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны.
3.Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларын жетілдіру
1.
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді.
Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі кезеңдерге бөліп қарастырамыз:
1.1991-1994 жж. - жоғары білімнің заңнамалық және нормативтік- құқықтық базасының қалыптасуы;
2. 1995-1998 жж. - жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту;
3. 1999-2004 жж. - білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру;
4. 2005-2010 жж. - 2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу;
5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін - жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру.
Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға мүмкіндік берілді; ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке ие болды.
1997 жылы Қазақстанда жаңа әлеуметтік стратегияның құрылуына негіз болған ұлттық жобалар дайындалды. Бұл бағдарламалар адами капиталды дамыту, оның білімі, денсаулығы, игілігіне қатысты сұрақтардың шешімін табуымен маңызды. Білім сапасын көтеруге байланысты елімізде 2005 жылға дейін Ауыл мектебі атты мемлекеттік бағдарлама жүргізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздегі ауылдық мектептерді белгілі бағыттар бойынша дамыту болды. Көптеген аймақта мектептер жетіспегендіктен, жауапты министрлік ауыл мектептерін білікті мамандармен қамтуды қолға алды. Осы шаралар Білім мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалғасын тапты.
2.
Мемлекеттің білім беру саясатын дамытудың ұзақмерзімді құжаты - 2004 жылы қабылданған ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы болды. Тұжырымдама - білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат.
Тұжырымдама ҚР Конституциясына, Білім туралы ҚР Заңына, Ғылым туралы Заңға, Қазақстан-2030 Стратегиясына, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Балалардың құқықтары туралы конвенцияға және т.б отандық және халықаралық маңызды құжаттарға сәйкес әзірленді.
Білім беруге байланысты қабылданған құжаттар экономикалық, қоғамдық жаңғыртудың барлық қажеттіліктеріне жауап береді және білім жүйесіне деген халықаралық талапты ескереді. Қазақстандық жүйенің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық стандарттық білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясатының инфрақұрылымы
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
Қазақстанның ғылым, білі, мәдениет саласындағы негізгі даму бағыттары
Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы, білімі және мәдениеті
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнім
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Пәндер