Еңбек ақы және мерзімді еңбек ақы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ 13.
Модуль 5. Еңбек ақы төлеу
Тақырып 1. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні және оның жіктелуі
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесінің мәні және түрлері
2. Аккордты-кесімді жүйенің мәні
3. Мерзімді жүйе және оның түрлері
4. Мерзімді еңбек ақы төлеуді қолданудың артықшылықтары

1. Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесінің мәні және түрлері

Кесімді еңбек ақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбек ақы төлеудің 5 жүйесі бар:
* Тікелей кесімді жүйе;
* Кесімді- сыйақылақ жүйе;
* Ілгерішіл - кесімді жүйе;
* Жанама - кесімді жүйе;
* Аккордық жүйе;
Тікелей кесімді төлемде еңбек ақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кесімді - сыйақылық төлемде кесімді еңбек ақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.
Ілгерішіл - кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).
Жанама -- кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама - кесімді бағалаулар төленеді.
Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.
Кесімді, сондай -- ақ мерзімді еңбек ақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының еңбек ақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынай үлесін есекере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнініде айталық. Бригадалық табысты бөлу КТУ ескерілген тариф бойынша жалақыға пара - пар жүргізіледі.
2. Аккордты-кесімді жүйенің мәні

Кесімді форманың ерекше түрі аккорды еңбек ақы. Оның мәні жұмысшыға немесе оның тобына келісілген өнім көлемі үшін жалақының жалпы соммасының алдын ала көрсетілуінде. Аккордты еңбек ақының мөлшері сол жұмысқа немесе ұқсас жжұмысқа әрекет етіп отырған кәсіпорындардың мөлшері мен бағалауынан тәуелді болады.

Ұжымдық (бригадалық) еңбек ақы оны ұжымдық формада ұйымдастыру және өндірістік үдеріс кезінде, бірнеше жұмысшы мен немесе бригадамен, арасында толық еңбек бөлінісі болмайтын, мамандардың бірігуі дамыған (ірі және күрделі жабдықты жинау, ерекше станоктармен агрегаттарға қызмет көрсету),өндірісі толасыз ұйымдастырылған кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жүйе өнімді шығаруды арттыруға бригадаларды қызықтыруға мүмкіндік береді, аралас мамандарды біріктіреді, өзара көмекпен, квалификацияның өсуіне жағдай жасайды. Ұжымдық жалақы әрбірінің үлесін ескере отырып, жекелеген мүшелерінің арасында бөлінеді.

Толасыз тізбекті әрбір жұмысшыға белгілі бір операция бекітілген, жалақы бригадамен шығарылған өнім көлемі арқылы соңғы операция және жеке бағалау бойынша есептеледі. Жеке бағалау өнімділіктің бригадалық мөлшері және сол жұмысшының тарифтік мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Жалпы бригадалық кесімдіде кесімді бағалауды бекітудің бірнеше әдістері қолднылады:

* күрделі агрегаттардың тұрақты құрамына бригадамен қызмет көрсеткен жағдайда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны
Еңбек және еңбек ақы сипаты. Еңбек ақыны есептеу
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Міндетті зейнетақы төлемдер
Еңбек ақы төлеу
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі
Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру, өнімге баға беру
Тарифтік кесте - жұмыскерлер біліктілгі және орындалатын жұмыстың күрделілігінің белгілері бойынша дифференциациялануды қарастыратын тарифтік коэффициенттер және тарифтік разрядттар жиынтығы
Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
Пәндер