БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ

Жарылғасынқызы Анель

Ғылыми жетекші - Какимжанова Нургуль Тукеновна

АҚ «Қаржы Академиясы», Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

Аңдатпа

Түйінді сөздер

Заңдық, құқықтық актілер жүйесіне негіздеп іс қызмет жүргізетін мемлекет бар кезде қоғамдағы барлық әрекет заңмен реттелетіні белгілі. Одан қоғамдық-шығармашылық және экономикалық бостандықтың барлық формалары, критерийі, сипаттары да тыс қалмайды. Журналист қызметінің заңдық, құқықтық нормасы жоғары жауапкершілікті сезінген, шығармашылық бостандыққа кең мүмкіндік ашқан, оны экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, құқықтық негізін қалаған тұрпатта болуға тиіс. Сондықтан, БАҚ қызметінің бостандығы жайындағы заңдық-құқықтық актілердегі нормалар сол қоғамдағы мерзімді баспасөздің, радио-телевизияның еркіндігі жеткен деңгейінің айқын көрінісі болатындығымен ерекшеленеді.

Адам құқығының реттелуін екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, адамның шынайы, туғаннан бергі ажырамас құқығы болса, мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар негізіндегі адамның құқығы мен бостандығының өлшемі пайда болады.

Сөз бостандығы да, адам құқығының реттелуіндегі екінші жағына жатқызылады. Яғни, билік шығарған заң негізінде сөз бостандығының өлшемі анықталмақ. Анығына келсек, құқықтық тұрғыдан Қазақстан Респупубликасының Конституциясы, Қазақстан Респупубликасының «БАҚ туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Азаматтық, Әкімшілік құқық бұзушылық, «Тіл туралы», «Мемлекеттік құпия туралы» заңдары арқылы реттеледі.

XIX, ХХ ғасырлар тұсында бекітілген демократиялық жүйедегі батыс елдерінің Конституцияларныда да баспасөз бостандығы туралы мәселелелер нақты көрініс тауып жатты. Айталық, Германияның негізігі заңында: «Әр адам өзінің көзқарасын жазбаша, ауызша, бейнелеу . . . тәсілдерімен еркін білдіруге және таратуға құқылы. Баспасөз бостандығына және радио, кино ақпарат еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тиым салынады» [1] - деп атап көрсеткен.

Азаматтық, құқықтық мемлекет дамыған сайын бұқаралық ақпарат қызметі бостандықтың принципін сақтаумен қатар БАҚ ісін құқықтық тұрғыдан міндетті түрде үйлестіру қажеттілігі туған. Нәтижесінде, БаАҚөтың жауапкершілік бостандығы деген көзқарас ұғымының жасалуына түрткі болды. Германияның Конституциясында ақпарат бостандығын мәлімдеп, цензураға тиым салғаннан кейін дереу осы құқықтардың нормасын үйлестірген заң шығарылған. Сол арқылы сөз бостандығын асыра пайдалануға қарсы күресуге болатынын да ескерген. АҚШ-тағы баспасөз бостандығы да жоғарыдағыдай деуге болады. Сөз бостандығына шек келтірген заң қабылдауды Конституциямен ауыздықтаса да АҚШ жоғары сотының комментариийі, штаттардың дербес заңдары, БАҚ практикалық қызметтеріне кеңес ретінде қабылдағаннан сот шешімдері қолданысқа түседі. Осындай көптеген құқықтық актілер бар.

Жалпы журналистика қызметін құқықтық тұрғыдан үйлестіріп, дамытып келген бірнеше бағыттар бар:

Біріншіден, мемлекет пен үкіметтің мүддесін қорғау. Жоғарыда мысалға алынған Германия Коституциясында: «Көзқарас білдіру бостандықты еркін лемократиялық тәртіпке қарсы күресуге пайдаланған әрбір адам осы негізгі құқығынан айырылатын болады. Негізгі құқықтан айырудың нормасын федеральдық республиканың Конституцияға соты анықтайды» - деп атап көрсеткен. Ал, АҚШ Жоғарғы соты Конституцияға комментарий жасағанда егер БАҚ «қастандық әрекет жасаса», мемлекетке «қатты қауіп төндірсе» «қоқаң-лоқы жасаса» оны жазалауға болады деп есептейді. Сондай-ақ, Ұлы Британияда «үкіметтің жоғарғы билігін ұстаушының, біріккен корольдық мемлекеттің Конституциялық жүйесінің, парламентінің қайбір палатасынң немесе сот құрылымының абыройын көптің алдында қорласа», «түрлі топтардың арасында өшпенділік тудырса» немесе мемлекет басшысына тіл тигізу мақсатпен баспасөз туындыларын таратса - қылмыс болып саналады. Оның сыртында Англияда «белгісіз» атты жүйе бар. Ондағы тізімге енген ақпарттар әшкереленсе ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келеді деп санайтындықтан оған заң бойынша тиым салынған.

Әлем елдерінің бәрінде мемлекеттік және әскери құпиялар туралы заңлар бар. Кейбір өркениетті елдердің өзінде көңілдері қаламаған газет-журналдарды таратпауға, радио-телебағдарламаларды эфирге шығармай өоюға дейін баратын кездері болып тұратын көрінеді.

Екіншіден, жеке адамның заңдық мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі. «Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы», БҰҰ бекіткен өзге құжаттардың негізінде барлық елдердің азаматтық, мемдекеттік, экономикалық, қоғамдық, мәдени және өзге де негізгі құқықтарына заңмен кепілдік беріледі. Адам құқықтарына қандай бір жолмен, соның ішінде БАҚ арқылы нұқсан келуден қорғайды. Хат-хабар құпиясы, тұрғын үйге әлдебіреудің басып кірмеуі, соттың шешімінсіз ешкімді де қылмыскерге санамау, нәсіліне, ұлтына, жасына, шеттетпеу, жеке адмның еркіне қол сұқпау дегендерді журналистер жақсы білуге тиіс. Сонымен қатар адамдардың ақпарат алу, тарату қажеттіліктеріне, сенім-нанымын, көзқарасын, ой-пікірін білдіру құқығына да құрметпен қарауға міндеттіміз. Адамдарға жала жабу, келемеждеу, жікке бөліп шеттету, өзара жауластыру секілді жат әрекеттер заңмен қудаланады.

Кейбір елде диффамация деген бар. Яғни, шын дерекке негізделіп тұрса да адамның атақ-абыройына нұқсан келетін ақпарат жариялатса жауапқа тартылады. Егер сондай ақпарат таратылғанын сот «арнайы мақсатпен жасалған» деп тапса жаза тағайындайтын көрінеді. Сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың техника, техналогиялық, сауда-саттық, ақша жинағы және мұрагерлік құпиялары секілді экономикалық мүдделер де қорғалады.

Алайда, мұнда бір елеулі айырмашылық бар. Айталық, мемлекеттік деңгейдегі қоғамға кеңінен танымал адамдар жайындағы ақпараттар салыстырмалы түрде ашықтау әрі азырақ қорғалса, қатардағы жеке адамдар туралы мәліметтер жабық әрі тұйықтау болып келетіндігімен ерекшеленеді.

Конституция және тағы басқадай заңдық-құқықтық актілерде көрсетілген нормалар аясында журналист бостандығының (құқығы мен міндеті) деңгейі анықталады. Әлем елдерінің бәрінде болмаса да, бірсыпырасында журналистердің және баспасөз бостандығына қатысты құқықтық нұсқаулар мен қарарлар БАҚ туралы заңдарда орын тепкен.

1999 жылдың желтоқсан айында қабылданған БАҚ туралы заңға 250-ге жуық толықтыру мен түзету енгізілді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл өзгеріс БАҚ өкілдерімен қызу пікірталас негізінде жүзеге асқан. Ал тәуелсіз сарапшылар жаңа заңда сөз бостандығын шектеп, журналист жұмысына кедергі келтіретін көптеген шикілік барын айтады. 2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға түзетулер енгізген соң Қазақстан билігі оны "жетілдіру" жұмысын жалғастырып, нәтижесінде дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне негізделген зерттеу әзірленді. Құқық қорғаушылардың пікірінше, осы жұмыс қазақстандық журналистердің құқығын шектейтін БАҚ туралы жаңа заңның пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

БАҚ туралы заң және сөз бостандығы . БАҚ туралы заңның 13-бабында БАҚ қандай жағдайда өз жұмысын тоқтататыны көрсетілген. Жаңа өзгерістен кейін заңның ауқымы кеңейе түскен. Мысалы, журналист қылмыстық істерге қатысты зерттеу жүргізсе, қылмыстық кодекстің талаптарын бұзбауы керек. Бұл БАҚ туралы заңның 25-ші бабының, 2, 3 тармағында көрсетілген. Яғни журналист заңды бес саусағындай білуі тиіс. Әйтпеген жағдайда, сотталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
БАҚ-ң саясатта алатын орны
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері
Бұқаралық ақпарат құралдары
Сөз бостандығы және баспасөз
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz