Өтеген батыр мен Кенесары ханның кесенелері – жаңа туристтік маршрут



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өтеген батыр мен Кенесары ханның кесенелері -
жаңа туристтік маршрут

Сулейманова Сауле Маматовна
ssaule.1969@mail.ru
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы
№ 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аннотация: Бұл шығармашылық жобада Қордай ауданының тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруты туралы көрсетілген.
Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында Өтеген батыр мен Кенесары ханның ескерткіштерінің тарихын, ерекшелігін, зерттеуді,саяхат ұйымдастыруды елге таныту мен насихаттауды жоспарлаған.
Жұмыстың мақсаты -Өтеген батыр мен Кенесары ханның ескерткіштеріне жаңа туристтік маршрутын ашылуын, зиярат жасауды насихат етуді ұсыну
-болашақтың дамуына үлес қосатын жастарды көбейту
Тірек сөздер: Өтеген батыр мен Кенесары хан,зиярат жасау,аңыз,ұлы тұлға

Өтеген батыр - ел арасында аңызға айналған адам
Өтеген Өтеғұлұлы, Мүйізді Өтеген -- 1699 жылы Шу өзенінің саласындағы Изенді деген жерде туған.(Қазіргі Жамбыл облысы, Көктерек ауданының шығыс жақ бетінде. )
Аңыз әңгіме: Ел аузындағы әңгімелер мен ақындардың жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз желілерінде Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың ержеткен он екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады. Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты батады. Жер ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айрылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге қайғырып, құдайдан соның тілеуін тілейді. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде батырға бір ақ сақалды, сары тісті қария келіп былай дейді:
- Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін,- дейді. Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақ сақалды қария былай деп бата берген екен:
- Құдай тілеуіңді берді, он екі ұлға татитын ұл көресің!
Бергі атасы-Сырымбет,
Арғы атасы Дулат-ты.
Туғанша осы Өтеген
Тілекпен елді шулатты,-
деп Сүйінбай атамыз жазған екен.
Көп ұзамай Өтеғұл кіші әйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында жаныс жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: Батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын! - деп атын Өтеген қойдырыпты.
Өтеген батырдың өмір сүру жолын үлкен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады екен.
oo Оның бірінші кезеңі - Бұқара медрессесін бітірген үлкен ғұлама ретіндегі қазақ елінің ішінде хазірет атанған кездері.
Өтеген сурет салды,өнер тапты
Көтерді қолға байлап қаламсапты...-деп
бұл жайлы Қазыбек бек Тауасарұлы жазған.
oo Екінші кезеңі - Өтегеннің қазақ елін Ақтабан шұбырындыға ұшыраған жоңғардың басқыншыларына қарсы күресі. Өтегенге міндет зор,
Жасынан жаумен алысты...(Тілеміс Есболұлы)
oo Үшінші кезеңі - Жоңғар халқының 1734 жылы болған екінші соққысынан кейін оңтүстік қазақтары қатты күйзелістерге ұшырағанда, Төле бидің жау өтінен шалғай жерден қоныс іздеуге жіберіп, қазақ еліне жайлы,малына қолайлы жер іздеп жүрген кезі
Мен табамын-табамын,
Бұлақ аққан жерлерді
Көгі көктеп, гүл жарып,
Құрақ атқан жерлерді,-деп бұл кезең жайлы Өтеген батыр дастанында Жамбыл атамыз жырласа;
Алатаудай жер қайда?
Иран,Ауған,Түрікмен,
Бұған тура келмейді.
Ауасы жайсыз жылы екен...Қазанғап Байболұлы жазған.
Оны алғаш жырлаған Сүйінбайдың бабасы - Күсеп ақын.
Сөйлесем,тоқсан тоғыз өгізім жоқ,
Өгізім жоқ та болса,көңілім тоқ..,-деп Жаужүрек Қаражанұлы Өтегеннің ақылдығын, даналылығын бейнелеген.
Өтеген әулиелігіне қатысты бір аңыз бар: Бір жылы қыс қатты болып,қар қалын түсіпті де, мал жаппай қырылып.Елдің бір қариясы Өтегеннің көріпкелдігін еске алып:Құдайдың кеңшілігі бола ма,әлде мал қырыла ма?-, деп сұрайды.Сонда Өтеген: Қар екі күннен қалмайды.Бүгін түнімен ауылына жет.Бүгіннен қалсаң,ертең өзен өткел бермейді-деген екен.
Осы секілді ел тағдырында , күн райына қатысты болжам айту,сирек кездескенмен де адам табиғатында бар қасиет қой...-, деп Марал Ысқақбай еске алады
Өтеғұлұлы Өтеген (1699- 1773) - XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі - Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан
Қапшағай су электр станциясын салу барысында бұл жерді су басатын болғандықтан, батырдың сүйегін 1973 жылы онын ұрпақтары осы жерге әкеліп жерлеген. 1999 ж. батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай оның сүйегі жерленген биік дөң басына жаңа кесене тұрғызылған.
Жатыр енді туған жерде сүйегің,
Қабір етіп Қарасудың жиегін...
...Жақсылық пен жарқын өмір көксеген
Жатқан жерің жайлы болсын жарықтық...-деп бұл жайлы жазушы Несіпбек Дәутай жазған сөзі.
Кесене тік бұрышты дәстүрлі порталды-күмбезді композиция темір-бетоннан тұтастай құйылып, ақ мәрмәр тақталармен қапталған.
Құрылыстың авторлары және сәулетшілері С. Дембай, Н. Баекеев. Күмбездің жоғарғы жағына ай мен Бабамыз батыр Өтеғұлұлы Өтегенге ескерткіш.
1699-1773 деген жазу қашалған. Төменгі жағына оның ұрпақтарының атынан ескерткіш өлеңдер жазылған.
Өтеген батырдың кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.
Кесененің жанында тасқа сайт пен сілтемесі қашалған
Өтеген бабамыздың боз үйінің маңдайшасы.
Өтегеннің сегізінші баласы Тарпаңнан тараған Әлімбайұлы Қожабек деген ағаның үйінде сақтаулы.Атадан балаға мұра болып келе жатқан қымбат дүние.Көз қарашығындай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу парызымыз.

Тағы бір аңызға сүйенсек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктері
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Көлік түрлерімен саяхаттарды жоспарлау
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Ұлытау аймағындағы туризм
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Қазақстан аумағында туризмнің дамуы
Қазақстандағы туризм индустриясының қалыптасуы
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Пәндер