Scratch программалау ортасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Scratch программалау ортасы
Түсінік хат
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Бұл ұсынылып отырған бағдарлама арқылы 5-сынып оқушылары АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыра алады.
Scratch - бұл кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуальді тілі. Оны әр алуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады. Scratch - бұл бағдарламалау бастамасының өте жақсы әдісі. Scratch программалау ортасында оқушылар визуалды нысанға өз беттерінше шығармашылық жобалар жасай отырып, программалаудың алғашқы сатыларын меңгереді.
5-сынып оқушыларына Scratch программасын оқытуды енгізу - оқушыларды программалау мен ақпараттық технологияларға баулудың негізі болып табылады. Scratch программалау ортасы 5-6-сынып оқушылары үшін қызықты бағдарлама екені сөзсіз. Аталған бағдарламалау ортасында әрбір бала өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алады. Себебі Scratch программалау ортасында түрлі мультфильмдер, ойындар, анимациялық ашықхаттар, тұсаукесерлерді дайындауға болады. Сонымен қатар алуан түрлі суреттер салып, өз кейіпкерлеріне графикалық өңдеу жұмыстарын жүргізіп, дыбыстық сүйемелдеу арқылы қызықты оқиғалар мен ертегілер құрастыра алады. Осының барлығын оқушылар аталған бағдарламаның мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдана отырып, жүзеге асырады. Бұл бағдарламалау ортасында өз кейіпкерлерін қозғалысқа келтіріп, сурет салып, түрлі дыбыстармен жұмыс жасап, өз ойындарын да жасай алады.
Scratch - мультимедиялық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар өздеріне ұнайтын кейіпкерлермен түрлі ойын орталарын құра отырып, мультимедиялық ақпаратпен жұмыс жасауға машықтанады. Нәтижесінде алгоритмдерді құрастырудың принциптерімен танысып, программа құру жолдарын меңгереді.
Scratch - оқушыларға сонымен қатар модельдеуді үйретудің таптырмас құралы болып табылады.
Scratch технологиясын қолдана отырып, оқушылар:
- программалауды меңгереді;
- шығармашылық қабілеттерін дамиды;
- ойындар құрастырып, әр түрлі анимациялық ертегілер жасай отырып, интерактивтілік үрдіске қатыса алады;
- шағын жобалар жасай алады;
- ақпараттық қоғамда белсенділік таныта алады;
- компьютерлік сауаттылығы артады.
Оқушылар Scratch-те программаны жаза отырып, технологиялық ғасырда бәсекеге қабілетті ортаға бейімделген тұлға болып қалыптаса алады.

Мақсаты:
Оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттырып, жобамен жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Scratch программалау ортасында программалау сценариін жасау және оны жүзеге асыру, программалаудың негізін меңгерту, қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолдана отырып, әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қара сөздеріне мультипликация
Электронды оқулықтың тиімділігі
Scratch балалардың басқа бағдарламалау тілдері мен платформаларынан бірнеше жолмен ерекшеленеді, Соның ішінде шығармашылыққа назар аудару
Логикалық ойлауды дамытудың әдістемелік аспектілері
Сыни ойлау технологиясы
Ғылыми жоба. Scratch бағдарламасында жоба жасау
Жаңа жоба құру
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Интерактивті элементтері бар слайдқа негізделген электрондық оқыту курстарын құрудың қуатты құралы
Scratch тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру
Пәндер