Жалпы рецептура



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


КАФЕДРАСЫ : КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Жалпы рецептура

Орындаған: Кәрім Н. Вм 207
Тексерген: Туржигитова Ш.

Алматы 2020

Мазмұны
Кіріспе
Рецепт
Негізгі бөлім
Жалпы рецептура
Қатты дәрілік заттар
Жұмсақ дәрілік заттар
Сұйық дәрілік заттар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Рецепт-дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі,онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген,жазбаша нұсқауы мен жолдамасы.Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат.Рецепт арнайы бланкте жазылады. Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.
1.Емдеу мекемесінің аталымы(мөрі) және коды.
2.Рецепт жазудың мерзімі(күні,айы,жылы).
3.Науқастың аты-жөні.
4.Науқастың жас шамасы.
5.Дәрігердің ат-жөні.
6.Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны(жазбаша).
7.Дәрілік пішіндердің аталуы(май,ұнтақ және т.б.)немесе фармацевтке басқа тапсырма.
8.Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері(сигнатура).
9.Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.
Жалпы рецептура-дәрілік заттарды рецептерге жазу және оларды тұтынушыға босату ережесі туралы оқытатын дәрі-дәрмек тану ғылымының бөлімі.
Дәрі-дәрмек - патологиялық жағдайларды және әртүрлі ауруларды емдеу,алдын-алу және диагностикалау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.
Рецепт жазу үлгісі қысқартылған және толық түрде болады.Дәрілік заттың аты латын тілінде жазылады,әрбір келесі атаулар бірінің астына бірі жаңа жолдан жазылады , бірінші қатты әсер ететін және наркотикалық заттардың аты , содан кейін басқа заттардың аты жазылады.
Recipe - ал деген мағынаны білдіреді,дәрігердің фармацевтке өтініші
(Rp.:- қысқаша атауы).
Рецептура бланктерінің түрлері,олардың қолданылуы және есепке алынуы,сонымен қатар рецептураға қатысты басқа да сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №289 бұйрығында көрсетілген.Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің 3 түрі бар:Дәрілерді толық құнына беретін(кәдімгі бланк),дәрілерді жеңілдікпен беретін(жеңілдік бланк),наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі.Дәрәлер тегін келесі жағдайларда жазылып,босатылады:Ұлы Отан Соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне,мүгедектерге,3-жасқа дейінгі балаларға,көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін,экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді.Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады:қатерлі ісік пен қан аурулары,қант диабеті,психикалық аурулар,мерез,туберкулез,алапес,ИЖП С,АИВ-инфекциясы.Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін(ресми бланк)бланкті толтырған,соңында дәрігердің қолы,жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек.Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.
Дәріхана-тез бұзылатын қарапайым дәрілерді(ерітінділер,қайнатпа,тұнд ырма,тұнба т.б)дайындайтын,сонымен қатар фармацевтикалық өндірістерде дайындалған дайын дәрілік препараттарды сақтау мен науқастарға дәріні беретін медициналық мекеме.
Дәрілерді мөлшерлеу.Дәрі-дәрмектер негізінен белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып,жіберіліп отырады.Сондықтан,дәрілер әр түрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіш мөлшерлермен дайындалады.
1)рецептте 1 грамм дәрінің салмақтық саны 1,0(грамм)-1000мг(миллиграмм)
2) 0,1г-100 мг(миллиграмм)
3) 0,01г-10мг
4) 0,001г-1мг
5) 0,0001г-100мкг(микрограмм)
6) 0,00001г-10мкг
7) 0,000001г-1мкг
8) 0,0000001г-100нг(нанограмм)
9) 0,00000001г-10нг
Дәрілердің шоғырлауы(топтаулы түрде тұратын заттарды айтады),бұларды 3 тәсілмен белгілейді.
1.Пайыздық мөлшер-дәрілік заттың 100мл-дегі құрамы,мысалы,3%тетрациклин майы,бұл 100мл-де 3г дәрілік зат болады:
2.Қатынастық мөлшер-дәрілік заттың салмағын 1 граммда алады,кез-келген көлемде(1:10,1:100,1:1000)мысалы,20 0мл суда 1:10 емен қабығының қайнатпасы,яғни 200мл-де 20г бар.
3.Салмақтық-көлем қатынаста(мысалы,20,0-200мл-яғни-20 мл-де 20г дәрілік зат бар).
Негізгі рецептуралық қысқартулар
Ana (аа) - бірдей
Acidum(aa,acid) - қышқыл
Ampulla(amp) - ампула
Aqua(ag) - су
Aqua distillate(Aq.destill) - тазартылған су
Buturum(but) - май
Compositus(comp,cps) - күрделі
Dasigna.detur(D.S) - бер,осылай берілсін
Da tales doses(D.t.D) - мынадай дозалар бер
Dilitus(dil.) - араластырылған
Divide in partes aequales(Div inp.aeg) - бірдей бөлікке бөлу
Extractum(Extr) - экстракт
Fiat(fiant-F) - болсын
Gutta,guttae(Gtt) - тамшы,тамшылар
Infusum(inf) - тұнба
In ampullis(in ampull) - ампулада
In tabulettis(in tab) - таблеткада
Linimentum(lin) - сұйық май
Ligor(lig) - сұйық
Рецепт жазуда қолданылатын демеуліктер.
Табыс септікті меңгеретін демеуліктер.
аd үшін,ғаге,қаке,ішіне
рer арқылы,бойына
Мысалы: ad aegrotam- ауру үшін
per vaginam- қынап арқылы
Көмектес септікті меңгеретін демеуліктер
сum- мен,бен,пен
ex- ішінен,данден,тантен
pro- үшін,алдында
Мысалы: cum aqua-сумен
ex officinal-дәріханадан
pro aegrota-ауру үшін
Ұнтақтар-Pulveres(атау сеп,ж-ше түрі- Pulvis,ілік сеп, ж-ше түрі Pulveris)Ұнтақтар,- сыртқа қабылдау қабылдауға арналған қатты дәрілік қалып.
Ұнтақтардың жіктелуі: 1.Қолдану әдісі бойынша:ішке,сыртқа 2.Құрамына қарай
.жай(1 заттан тұрады) күрделі(құрамы 2 не одан көп) 3.Дозалау сипатына қарай:бөлінбеген(дозаланбаған)бөлін ген(дозаланған)
Ұнтақтарды рецепттерде жазу ережесі
1.Жай дозаланбаған ұнтақ: Rp.: сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді)Келесі жолда-D.S
Мысалы: Rp.: Magnesii sulfatis30,0
D.S 1І 2 стакан жылы суда ерітіп,күніне 1 рет
2.Жай дозаланған ұнтақ:Rp.: сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді)1 ұнтақтың граммен дозасы жазылады.Келесі жолда D.t.d. N.. Одан кейін S-жазылады
Мысалы: Rp.: Magnesii oxydi 0,5
D.t.d. N10
S. тамақтан соң 1 ұнтақтан
3.Күрделі дозаланған ұнтақ :Rp.: сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді)мен 1 ұнтақтың дозасы жазылады,Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы,әрі қарай M.f.pulvis,Келесі жолда-D.t.d. N...одан кейін-Sжазылады.
Мысалы: Rp.:Riboflavini 0,005
Thiamini chloridi 0,002
Sacchari 0,3
M.f.pulvis
D.t.d. N50
S.1 ұнтақтан күніне 2 рет
4.Күрделі дозаланбаған ұнтақ :Rp.: сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді)мен граммен жалпы саны жазылады,Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы,әрі қарай M.f.pulvis,Келесі жолда- D.Sжазылады.
Мысалы: Rp.:Zinci oxydi 5,0
Talci 15,0
M.f.pulvis
D.S.сеппе
5.Өсімдік текті ұнтақтарға рецепт жазғанда :Rp.: сөзінен кейін-Pulveris жазылады,ілік сеп.ұнтақ жасалған өсімдік бөлігінің аты,өсімдік аты,саны(дозаланбаса)1 ұнтақтың дозасы(дозаланған) Келесі жолда-D.t.d. N...одан кейін-S(дозаланған болса)D.S(дозаланбаған болса).
Таблеткалар-Tabulettae(атау сеп.ж-ше түрі-Tabuletta;табыс сеп.ж-ше туріTabulettam;табыс сеп.к-ше түрі-Tabulettas;қысқартылуы-Tab.)
Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:
1. Rp.: сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Tabulettam дәрілік қалыптың аты жазылады,дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D.t.d N...одан кейін S.
2. Rp.: сөзінен кейін дәрілік заттың аты үлкен әріппен ілік септігінде және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады.Келесі жолда D.t.d N...одан кейін S.
Мысалы: Rp.:Tabulettam Analgini 0,5
D.t.d N10
S.1 таблеткадан бас ауырғанда.
3. . Rp.: сөзінен кейін табыс септігінде,көпше түрде- Tabulettas жазылады,дәрілік заттың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады,N...келесі жолда-D.S
Мысалы: Rp.:Tabulettas BenalginumN10
D.S.1 таблеткадан буын ауырғанда
Драже-Dragee-ішке қабылдайтын,дәрілік және қосалқы заттарды түйіршіктерге бірнеше қайталап жағу арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.
Дражеге рецепт жазу ережесі
1.Rp.: сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,ж-ше түрде-Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты бас әріппен ілік септігінде 1 драже дозасы граммен жfзылады.Келесі жолда D.t.d.N...одан кейін-S.
Мысалы: Rp.: Dragee Diazolini 0,05
D.t.d.N10
S.күніне 1 дражеден.
2. .Rp.: сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,-Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады,N...келесі жолда-S.
Мысалы: Rp.: DrageeHexavitumN100
D.S.күніне 3 рет 1 дражеден
Гранулалар-Granula-ішке арналған біртектес бөлшектер түріндегі дозаланбаған қатты дәрілік қалып.
Гранулаға рецепт жазу ережесі
1. Rp.: сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,Granulorumдәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде (егер комерциялық атпен шыққан болса,тырнақша ішінде дәрілік зат аты бас әріппен атау септігінде жазылады)жалпы саны граммен жазылады,келесі жолда-D.S.
Мысалы: Rp.:Granulorum Plantag lucidi 50,0
D.S.Күніне 2-3 рет тамаққа дейін Капсулалар-Capsulae-ішке қолданылатын,дозаланған, ұнтақ тәрізді, паста,түйіршік,сұйық дәрілік заттарға арналған қабықтар.Капсула түрлері: қатты және жұмсақ.
Капсулалар рецептін капсулаға арналған ережелері бойынша жазады,содан соң D.t.d. N..., берілген зат қандай капсулаларда беріледі-in capsulis gelatinosis,in oblatis және т.б.
Мысалы: Rp.: Olei Ricini 1,0
D.t.d. N15 in capsulis gelatinosis
S.жарты сағат ішінде қабылдау
Пилюлалар-Pilulae-салмағы 0,1-0,5 г,пішіні шар тәрізді,біріңғай серпімді заттан жасалған,ішке енгізуге арналған қатты дәрілік қалып.Қазіргі таңда өте сирек рецепт жазып беріледі.
Карамельдер-Caramel.Карамельдер-дәр ілік заттарды қантпен және сірнемен араластыру арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.Негізінде жұтқыншақ пен ауыз қуысы шырышты қабатының ауруларында қолданылады.Карамельдер рецепте ресми таблеткалар сияқты жазылады.
Қарындаштар-Stilus- дәрілік заттарды балқыту жолымен алынатын,бір жақ ұшы сүйірленген қатты дәрілік қалып.Қарындаштарды қармаушы және күйдіргіш әсер алу үшін теріге,шырышты қабыққа жағады.(мысалы,қан тоқтатаын қарындаштар)
Жағылмалар-Unguenta-консистенциясы тұтқыр,сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып.Жағылма негізі ішінде біркелкі бөлінген бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.
Жағылмаларды рецептте жазу ережесі: 1.Rp.: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұнды кондитер өнімдерінің технологиялық режимдері
Салмалы қытырлақ нан өндірісіндегі технологиялық жүйе
Ұнды кондитер өнімдерінің сапасының органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау
Ұнды кондитер өнімдері
Қантты печенье өндірісіндегі технологиялық жүйе
Ұнды кондитер өндірісінің технологиялық режимдері
Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары
Жалпы фармакология
Қантты печенье өндірісіне сипаттама
Пештердің өнімділігін есептеу
Пәндер