Болашақ дене мәдениеті мамандарының лидерлік сапасын арттырудың мазмұны


Болашақ дене мәдениеті мамандарының лидерлік сапасын арттырудың мазмұны.
Орындаган: Абдилазизов Жасур.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады.
Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.
Еліміздегі жоғары білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.
Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.
Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан адам ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.
ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің және ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кәсіби іс-әрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана оның мұқтаждығын көрсетті. Болашақ дене мәдениеті саласындағы мамандардың кәсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.
Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен кимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік (саналық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т. б. ) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т. б. ) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
Дене мәдениеті саласында ерекше және жалпы мәдени мұрат-мақсаттары бірге орындала береді. Солардың ішінде, мысалыға, халықты мәдени кұндылықтар өндірісі ортасына (қатысушы, жасаушы) тарту, білімді, білікті мамандарды дайындау мен тәрбиелеу, белгілі бір көпшілік пен қауымды білімге, ептілікке, дағдыға, кажеттілікті дамытуға, өзін жеке тұлға ретінде танытуға және көрсетуге, шығармашылықты, тарихты, ұлтаралық қарым-қатынасты және т. б. көрсету үшін, әртүрлі шарттарды, әдістерді, жолдар мен амалдарды пайдалануға жұмылдыру сияқтылар бар.
Сонымен бірге, дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мен оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердің, амалдар мен тәсілдердің жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.
Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уақытындағы кызмет түрінде ғана емес, сол сияқты бос уақытында да анықталады. Адамның мәдени деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz