Жастар арасындағы лидерлік


Жастар арасындағы лидерлік.
Орындаган:Абдилазизов Жасур.
Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - лидерлік. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі сақталған. Қазір де белсенділік танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда лидер болу тек белгілі бір адамдардың қолынан келеді ме, немесе лидерлік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.
Жалпы лидерлік дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. Лидерлік дегеніміз топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің мінез-құлқына әсер етуі. Лидер тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана лидердың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді. Ал лидер деген (ағ. leader - жетекші, алғашқы, алдынғы) - белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға. Лидер адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Психологтар, әлеуметтанушылар 19шы ғасырдан бастап лидерлік тақырыбына зер салып, лидер болу үшін қандай қасиеттер керек, лидерлікті қалай дамытуға болады, лидерлерді қалай анықтаймыз деген сұрақтарға жауап беруге тырысты. Жалпы лидерлік барлық адамдарға тән қасиет, тұлғаның әлеуметтену процессіне байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Сондықтан коммникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар әрі жігерлі адамдар көбінесе лидер болып табылады. Ал қоғамның өзегі - жастарды басқару тек жастардың қолында. Жастар дегеніміз 16-29 жас аралығындағы топ. Әлеуметтік бағыттылығы анықталмаған жастар арасындағы лидерлер, басқа жастық топтарға қарағанда өзіндік басқару ерекшеліктеріне ие. 16-24 жас арасындағы адамдар білім алуда, немесе жұмыстық тәжіриебені енді бастап келеді. Олар білім алу мекемелеріндегі ұйымдарда немесе саяси ұйымдарда жетекшілік етуі мүмкін, оған мысал ретінде Еуразия Ұлттық Университетіндегі жастар саясаты орталығы, стросталардың ортақ жиындарын немесе Алтын белгілер қоғамдастығын айта аламыз. Осы құрылымдардың барлығын белсенді жас студенттер басқаруда. 24-29 арасындағы кәсіби анықталған жастар топтарының лидерлері, болашаққа нақты жоспары құрылған, мақсаттары қойылған адамдардар тобын, мекемелерді басқарады. Қоғам лидерлерді олардың мінез-құлқы, жеке қасиеттері мен атқаратын функцияларына қарай таниды. Сол қасиеттерді белгілеп, болашақ лидерлерді мектеп жасынан бастап анықтау өте тиімді, себебі жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін шараларда белсенділік танытқан баланың жеке тұлғалық қасиеттері оны демеп, дұрыс жолға салып отырған жағдайда баланың болашақта жоғары дәрежелі лидерге айналуына септігін тигізеді. Ал сенімді, әрі белсенді лидердің артынан еріп, үлкен жетістіктерге жетіп жатқан халық әрқашан гүлденіп, өсе береді.
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан мемлекетінің барлық салаларын дамыту үшін білікті жетекшілер қажет. Жетекшілерді жастайынан анықтап, олардың мәдени, рухани, кәсіптік дамуына жол ашу керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып көрсетілген әдіс-тәсілдерді қолданып, жастардың шоғырланған орталықтарында лидерлерді анықтап, оларды одан әрі дамытуға, лидерлік жайлы ақпараттандыруға жол ашамыз. Демек жарқын болашақтың есігі біздің қолымызда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz