Көшбасшылық теориясы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Көшбасшылық теориясы.

Орындаган: Абдилазизов Жасур.

Біздің қоғамда көшбасшының тұлға­сына деген дәстүрлі көзқарас бар. Көш­басшылықты көп жағдайда Тәңірден бері­летін сый ретінде ғана қарас­ты­рып жа­татынымыз сондықтан болса керек. Бірақ мұндай көзқарас лидерлік тү­сі­нігінің аясын тым тарыл­тып, адам­ды белгілі бір мақсатқа тал­пын­­ды­ратын талап, еңбек, ақыл, қайрат функцияларының маңызын кө­мескі ете түседі. Сол себепті ға­лымдар көш­бас­шылықты санаулы топқа бұйыр­ған несібе деп емес, нақты қабілет­терді меңгерумен өлше­нетін үздіксіз қозға­лыс­тағы құбылыс деп қарастырады. Сон­­дықтан лидерлікті үйренуге де, да­мы­­туға да, шыңдауға да болады деген ғы­лыми тұжырым берік бекіген. Оған себеп қандай? Лидерлік - өте күрделі феномен, академиялық ортаның талқылауына салыстырмалы түрде кеш түскенімен, терең зерттелген және зерттеліп келе жатқан тақырып. Оған дәлел, көшбасшылық теориясының тарихына үңілген ғалым Рост 1900-1990 жылдар аралығында тұжырымдалған лидерліктің 200-ден астам ғылыми анықтамасын тапқан. Бұл - әлем, саясат өзгерген сайын лидердің де, соған орай лидерліктің де сипаты өзгеріп отыратынының белгісі. Алғашқы жылдары (1900-1930 жж. іші) ғалымдар «Тұлғалық лидерлік» түсінігін ғылыми айналымға енгізген. Кейін лидерді тек үстемдігі ғана дараламайтынын, ел тізгінін ұстаған азамат халықтың көзқарасына, іс-әре­кетіне ықпал ете отырып, өзі де өзгелердің пікіріне құлақ асып әрекет ететінін дәлелдеген. Уақыттың өтуімен лидерлік түсініктері де толыға түсіп, оның контингентті, транзакциялық, мәдени және транс­фор­мациялық сияқты бірнеше теориясы қалыптасқан. XX ғасырдың 50-60-жылдары Френч және Равен атты ғалымдар көшбасшы өзгелерге ықпал еткенде дара тұлғалық күшінен бөлек позициялық әлеуетін де пайдаланатынын алға тартқан. Мұның мәнісі лидер ресми лауазымды тұлға болса, өзіне тиесілі легитимді, өзгелерді марапаттау, жазалау (қыз­метінен алу), ақ­паратқа иелік ету күш­тері арқылы өзге­лерге елеулі әсерін тигізеді дегенге саяды. Дегенмен, біздің қоғамда әлі күнге дейін актуалды лидерлік түсінігін анықтау үшін ғылым алғаш тұжы­рым­даған «Тұлғалық лидерлік» теориясын айналып өтіп кету орынсыз. Бұл теорияның негізгі тұжырымдарына зер салсақ, «мықты лидерлер бір-біріне ұқсайды, олардың ортақ қасиеттері болады, сонымен қатар адам көшбасшы болып туылады, лидерді қолдан жасау мүмкін емес» деген көзқарасқа жолығамыз. Бірақ тынымсыз ғылыми зерттеулер бұл түсініктердің ескіргенін көрсетіп отыр. Біріншіден, интуитив­ті түрде атақты лидерлер қасиеттері жағынан бір-біріне өте ұқсас болып көрінгенімен, көшбасшылық шын мәнісінде қайталанбайтын құбылыс екеніне ғылымның көзі жеткен.

Біздің күнделікті қоғамдық пікірдің көшбасшыларды ортақ образға теліп қарастыратыны байқалады. Оған сәйкес лидер - харизмасы бар, шешен сөйлейтін, өзіне сенімді, өзгелерден үстем тұлға. Бірақ харизмалық лидерлер тақырыбын терең зерттеген ғалым Уиллнердің әлемге әйгілі басшылардың тұлғалық қасиеттерін салыстыра отырып, оларға тән ортақ қасиеттерді екшеп шығармақшы болған талпынысы сәтсіз аяқталған. Оның зерттеу нысанына айналған Кастро, Ганди, Гитлер, Муссолини, Рузвельт, Сукарно және Хомейни секілді ұлт лидерлері бір-біріне мүлде ұқсамайтын тұлғалар болып шыққан. Сол себепті ел билеушілерін ортақ тұлғалық образ тұрғысынан қарап, бағалау нәтижесіз тірлік болмақ. Екіншіден, көшбас­шылықты Тәңірден берілетін сый ретінде ғана қабылдау кең етек алған. Әрине, әр адамның өзгеден ерек қасиеттері, мінез-құлқы болатынын жоққа шығара алмаймыз, әйтсе де лидерлікті тек «сый, нығмет» деп қарастыратын болсақ, оның аясы тым тарылып, лидерге қажетті ең негізгі қабілеттер, өзге де факторлар тасада қала береді. Нәтижесінде, бұл тәсіл шынайы лидерді объективті түрде таңдап, анықтауға кедергісін келтіреді. Себебі сый біреуге беріледі, біреуге берілмейді. Тиісінше, бұйырмаған адам биікке ұмтыла алмайды деген сөз. Сонымен, лидерлік адам бойында қалыптастыруға, дамытып, шыңдауға болмайтын қаққан қазықтай қатқан ұғымға айналып шыға келеді. Оны зерттеудің де қажеттілігі жоғалады. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысынан бастап ғалымдар лидерлікке қатысты сан қырлы байламдар айтқанына қарамастан, лидерлік үздіксіз процесс деген ортақ тоқтамға бекіген. Себебі лидерлік біржақты құбылыстан гөрі, халық пен лидердің арасындағы интерактивті, бір-біріне өзара ықпал ете алатын жанды, сергек қатынасқа ұқсайды. Бұдан бөлек, кез келген адамның қызметтік жолында жинаған білімі мен кәсіби әрі өмірлік тәжірибесі де оның лидер болып қалыптасуына елеулі ықпалын тигізеді, сол себепті лидерлікті үйрену жолымен дамып, шыңдалып отыратын қабілеттер жиынтығы деп қарастыру- өте маңызды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшбасшылық теориясы
Көшбасшылықтың ерте теориялары
КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Көшбасшының жағдайлық теориясы
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
Саяси психология саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Педагогикалық процесте менеджердыің көшбасшылық сапаны қалыптастыру шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz