Жағыпар Мұсаұлы Мусин тіл білімінің білікті ұстазы ретінде
Жоспары:
Кіріспе
1
Жағыпар Мұсаұлы Мусин тіл білімінің білікті ұстазы ретінде
1.1
Жағыпар Мұсаұлы Мусиннің өмірбаяны мен қызметі
5
1.2
Жағыпар Мусиннің Қазақ тілінің антонимдер сөздігі еңбегі
8
1.3
Тілдегі қарама-қарсы мәнді лексикалық бірліктердің танымдық болмысы
12
2
Жағыпар Мусиннің антонимдік зерттеу әдістемесі
2.1
Антонимдердің мәтін түзімдегі қызметі
16
2.2
Контекстік антонимдердің поэзиялық шығармалардағы көрінісі
21
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М.Мусин қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы, жалпы тіл білімі, түркітануға кіріспе, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәндерінен дәріс оқыған. Ғалымның дәрістері мазмұн тереңдігі және материалды түсіндіру ерекшелігімен айырықша болып, әріптестері мен студенттерінің арасында ерекше ілтипатпен қабылданатын. Ғалым солтүстік өңірде ана тіліміздің үлкен жанашыры болып, мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне ат салысты, Көкшетау облысы бойынша Қазақ тілі қоғамының тұңғыш төрағасы болды.
"Қазіргі қазақ тіліндегі антонимдер" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты - лексика.
Тілші Жағыпар Мұсаұлы Мусин - қазақ филологиясының дамуына зор үлес қосып, қазақ лингвистикасын Қазақтың шешендік өнері, Тарих және ономастика, Қазақ жазуының тарихы, Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы атты ғылыми еңбектерімен толықтырды.
Зерттеу мақсаты - Жағыпар Мұсаұлы Мусиннің филологиялық еңбектерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
- Жағыпар Мұсаұлы Мусиннің өмірбаяны мен қызметін зерттеу;
- Жағыпар Мусиннің Қазақ тілінің антонимдер сөздігі еңбегімен танысу;
- Тілдегі қарама-қарсы мәнді лексикалық бірліктердің танымдық болмысын айқындау;
- Жағыпар Мусиннің антонимдік зерттеу әдістемесі зерттеулерін қарастыру.
Зерттеу нысаны: мектептегі (колледж) оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бүгінгі күнге дейін қазақ тілінде антонимдердің қалыптасу, даму тарихына байланысты Жағыпар Мусиннің Қазақ тілінің антонимдер сөздігі еңбегі.
Зерттеудің көздері: Жағыпар Мусиннің, оқытушылардың, ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері.
Зерттеу әдістері: Жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, мәтіндік, ұғымдық талдау, эксперименттік сауалнама әдісі, т.б..
Курстық жұмыстың құрамы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Практикалық маңыздылығы. Ұсынылған жұмыстардағы жазба деректерді тәрбиешілер мен оқытушылар, студенттер білім көзі ретінде пайдалана алады.
1. Жағыпар Мұсаұлы Мусин тіл білімінің білікті ұстазы ретінде
1.1 Жағыпар Мұсаұлы Мусиннің өмірбаяны мен қызметі
Жағыпар Мұсаұлы Мусин 1930 жылы Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, Қосағаш ауылы, Мәдениет елді мекенінде дүниеге келген. Тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1950). 1954- 1955 ж. Қызылжар қаласы оқытушылар институтында мұғалім. 1956-1958 ж. Солтүстік Қазақстан облысы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында әдіскер. 1959-1961 ж. "Көкшетау правдасы" газетінде әдеби қызметкер. 1962 жылдан бастап күні бүгінге дейін Көкшетау педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент. Профессор Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі антонимдер" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғылыми жұмысының негізгі бағыты - лексика.
1962 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтына арнайы шақыртумен келген Жағыпар Мұсаұлы Мусин, бар ғұмырын осы қара шаңырақта қазақ филологиясының қалыптасып өркендеуіне арнады.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М.Мусин 1982-1992 жылдары Қазақ тілі мен әдебиеті, 1992-1996 жылдары Қазіргі қазақ тілі кафедрасын басқарды.
Ғалым солтүстік өңірде ана тіліміздің үлкен жанашыры болып, мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне ат салысты, Көкшетау облысы бойынша Қазақ тілі қоғамының тұңғыш төрағасы болды.
Білім және ғылым саласындағы қажырлы еңбегі үшін Жағыпар Мұсаұлы 1976 жылы КСРО Жоғары Кеңесі президиумының жарлығымен Құрмет белгісі ордені, 1978 жылы Қазақ ССР Оқу-ағарту министрлігі Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісі, 1990 жылы КСРО Жоғары Кеңес президиумының жарлығымен Еңбек ардагері медалімен марапатталды.
Салмақты, байсалды, өмірге сергек, ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын Жағыпар Мұсаұлы жұмысын тыңғылықты, тиянақты атқаратын аса бипаз, тумысы дегдар жан болатын. Қой көздерінен ерекше нұр, мейірім төге, қарамағындағы кафедра мүшелеріне әкелік қамқорлықпен қарайтын, қиын жағдайлардан шығуда тәжірибесі жетіп артылатын білікті басшы бола білді.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М.Мусин қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы, жалпы тіл білімі, түркітануға кіріспе, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәндерінен дәріс оқыған. Ғалымның дәрістері мазмұн тереңдігі және материалды түсіндіру ерекшелігімен айырықша болып, әріптестері мен студенттерінің арасында ерекше ілтипатпен қабылданатын. Шәкірттері академикке, ал әріптестері тірі энциклопедияға балайтын ғалым-ұстаздың жарқын бейнесі әрқашан біздің жадымызда.
Ж.Мусин 1970 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының филология ғылымдарының біріккен Кеңесінде Қазақ тіліндегі антонимдер атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғалымның көп жылдық ғылыми ізденістердің нәтижесінде 1984 жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің тапсырысымен қазақ тіл біліміндегі тұңғыш Қазақ тілінің антонимдер сөздігі жарық көрді. Ф.ғ.к., доцент Ж.Мұсаұлының қарсылықты мағыналы сөздердің түзілуіне байланысты: Тіліміздегі антонимдік қолданыстардың барлығын дерлік жинақтау бір адамның қолынан келмейтін іс екені мәлім. Тіпті лексикалық антонимдердің өзін де толық қамту мүмкін емес. Қарсы мағыналы сөздерді толық қамтитын антонимдердің үлкен сөздігі көп адамның ұзақ жылғы еңбегі нәтижесінде туатыны белгілі. Ұсынылып отырған шағын еңбек осындай үлкен сөздіктің тууына себепкер болса, онда оның міндетін толық атқарғаны - деген пікірі бүгін де өзектілігін жойған жоқ.

Салмақты, қоңыр үнді, мейірімді, жылы жүзді, бар тұлғасынан аса тәрбиелік пен бекзаттық есіп тұратын зиялы жан, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нарбай Сафиянұлы Ыбыраев қазақ әдебиеті кафедрасының ашылып, қалыптасуына зор үлес қосты. Ғалым қазақ әдебиеті тарихының ғылыми-теориялық қорын Мәжит Дәулетбаевтың шығармашылық мұрасымен толықтырып, ғылыми ізденістерінің нәтижесінде 1976 жылы жазушының көзі тірісінде жарияланбаған Қызылжар романын мұрағаттан тауып, құрастырып, кіріспе мақаласын жазып, романның Жазушы баспасынан жарық көруіне себепкер болды.
Ғалымның жетекшілігімен кафедра ұжымы университет, республика көлемінде түрлі іс-шараларға қатысып, оқу-әдістемелік құралдардың шығуына, нормативтік құжаттарды әзірлеуге ат салысты. Жаңалыққа сергек, ісіне жауапкершілікпен қарайтын және оны өзгелерден де талап ете білетін, білікті ұйымдастырушы - п.ғ.д., профессор Жағыпар Мұсаұлы Мусиннің кафедраның кемелдену тарихында алар орны ерекше.
1. 2 Жағыпар Мусиннің Қазақ тілінің антонимдер сөздігі еңбегі
Антонимдер сөздігі - қолданылатын мысалдар мен мағынасы жағынан өздері қарама-қарсы немесе қайсыбір қатыста қарама-қарсы қойылатын сөз қосақтары бар тіл білімі сөздігі.
Ұсынылып отырған сөздік қазақ тіліндегі барлық антоним сөздерді толық қамти алмайды.
Антонимдік жұптар алфавит тәртібі бойынша берілді. Бір сөздікте антонимдердің мағынасы ажыратып жазылған. Әрбір антонимдік жұптан кейін сөз мағыналарының қарама қарсылық мәнін ашатын мысалдар беріліп отырды.
Тілдің лексикалық қабаты тіл табиғатының басым бөлігін құрайды. Тілдегі лексикалық жүйесі күрделі тілдік құбылысты өз бойына жинақтаған мың қатпарлы әлем болып табылады. Тіл біліміндегі лексика дегеніміз грекше лексикос - сөз дегенді білдіретін, тілдегі сөздердің жалпы жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Лексика дегеніміз кей жағдайда жекелеген тілдік тұлғалардың (ақын-жазушылардың шығармаларында) сөз саптау мәнерінде қолданылатын сөздер жиынтығы деген ұғымда қолданыла беруі заңды құбылыс. Жалпы тіл білімі теориясының тезіне салатұғын болсақ лексикалық қабатты зерттейтін тіл білімінің арнайы саласы лексикология - жалпы лексикология (жалпы адамзаттық немесе халықтық болуы да мүмкін лексикология) және жеке лексикология (белгілі бір ұлт тілінің лексикалық жүйесін ғана зерттейді) болып бөлінеді. Жалпы лексикологияның теориялық заңдылықтары жеке лексикологияның практикасында қолданылғанымен, жеке лексикологияның ішкі мазмұнына (формасына) сәйкес өз заңдылықтары болатындығы сөзсіз. Яғни, қазақ лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің осы заманғы даму қалпын, мағыналық жеке құрамдық түрлерін, тарихи арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті-стилистикалық мәнін, қолданылу аясын қарастырады. Сөйтіп, қазақ лексикологиясының қазіргі жайымен бірге (синхрониялық күйі: гр. syn бірге, chronos уақыт) оның тарихи қалыптасу жайынан да (диахрониялық күйімен: гр. dia арқылы, chronos уақыт) мәлімет береді.
Тілдегі лексикалық жүйенің болмысын тану үшін оның жекелеген ұсақ құрылымдарының (микроэлементтерін: сөздік қор, сөздік құрам, сөз және мағына, сөз және ұғым, синоним, омоним, антоним, неологизмдер, т.б.) табиғатын тану арқылы тұтастай лексикалық жүйенің мазмұнын тануға болады. Тілдің лексикалық қабатының біраз бөлігін антонимдік бірліктер құрайды. Антоним сөздер лексикалық жүйеден үлен орын алады. Тілдегі антонимдік бірліктер сөздік жүйеден ғана орын алып қоймайды, олар сонымен қатар адамның ойлау жүйесі мен танымдық әлемінен орын алатын күрделі лингвокогнитивтік категория. Тілдегі антонимдер дүниедегі заттар мен құбылыстардың әр-алуан сындық сапасын өзара бір-бірімен салыстырып қарау арқылы оларды біріне-бірін қарсы қоюдың нәтижесінде туындағандығы белгілі. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы.
Яғни, тілдегі антонимдердің сөз таптарының құрамына енуі мен тілдік қолданыстағы актив және пассив қасиетін тілдің логикалық, психикалық, когнитивтік жүйеге қатынасымен байланыстыруға болады. Тіпті оның ар жағында лингвистикалық жүйеден бұрын үлкен философиялық заңдылықтардың жатқандығымен өзара байланыстыру қажет. Тілдегі антонимдер қарама-қарсы мәндегі сөздерді білдіру барысында алуан түрлі стилистикалық, поэтикалық, логикалық мазмұнға ие болады. Жалпы тілдегі қарама-қарсы мәнді ұғымды білдіруде антиномия, антитеза, антифразис, антоним, антонимия секілді тілдік бірліктер қатысады. Аталған бірліктердің қарама-қарсы мағыналық ұғымды білдіруге қызмет еткенімен олардың әрбіреуінің мағыналық реңкі, тілдік қолданысы, стилистикалық сипаты, танымдық қызметі әркелкі болады.
Қарама-қарсы ұғымды білдіретін бірліктердің жалпы мазмұны екі үлкен құбылысты салыстырудың нәтижесіндегі өзара қарама-қарсылықты білдіру болса, жеке қызметі көрсетілген құбылыстардың өзіндік мазмұнын айшықтауда мағыналық реңкі мен логикалық мазмұны жағынан ерекшелене түседі.
Жалпы тілдегі антонимдер немесе қарама-қарсы мәнді білдіретін тілдік бірліктер екеуара қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін салыстыру, өзара шендестіру арқылы поэтикалық пәрмені күшті стилдік бояма мағына тудырады. Осы жағынан келгенде қарама-қарсы мәнділікті білдіретін тілдік бірліктер көбіне көп мақал-мәтелдерде, қарама-қайшы ойды білдіретін поэтикалық образды сөздермен жыр жолдарында жиі кездеседі.
Тілдің лексикалық қабатындағы антиномия дегеніміз (грек. аnti қарсы, nomos заң) - логикалық түрде дәлелденіп қабылдана тұра, бірін-бірі жоққа шығаратын екі заңдылықтың қарама-қайшылығы дегенді білдіреді. Антиномия құбылысы көбіне көп сөйлеу мен тілдің арасындағы қайшылық кезінде көрінетіндігі лингвистикалық тұжырым болса, оның көзге анық көрінетін тұсы мақал-мәтелдердегі бірінде айтылған ойды екінші бірінің жоққа шығаратындығы немесе қарсы уәж ретінде қолданылатындығынан көруге болады. Мысалы: Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без; Жиен ел болмас, желке ас болмас, деген нақылдарды теріске шығаратын немесе оларға қарсы уәж ретінде қолданылатын Әке тұрып ұл сөйлегені ержеткені болар, шеше тұрып қыз сөйлегені бойжеткені болар; Жиен неге ел болмайды жайлы болса, желке неге ас болмайды майлы болса деген даналық дақылдарын жатқызуға болады. Аталған даналық дақылдарын сөз қуғандық не ой теке-тірескендік немесе сөз тапқанға қолқа жоқ деп бағалауға келмейді. Керісінше орынды уәж, түйінді тоқтам дегенге келеді. Аталған нақылдардың мағынасы ойлы адамға ешбір түсініктемені қажет етпейтін аксиома.
Антиномия құбылысы қазақ тілінде жиі кездесетін тілдік құбылыстардың қатарына жатқызуға болады. Өйткені, қазақ халқы барымтаға қарымтаны уақытында қайыра білуді жөн санайтын, темірді қызғанда соға білетін, сөз қадірін, өз қадірі ретінде бағалайтын, ұрымтал тұста, ұтымды ұра білетін дегдар халық екендігі арғы-бергі тарихтан белгілі. Әлбетте бұл жерде аталы сөзге ақымақ қана тоқтамайды, ал жөн білетін жол білетін адамдар жүйелі сөзге жүгіне білген. Ал тілдің лексикалық қабатындағы антиномия процесі сөзден маржан терген қазақ халқының сөздік қорында, күнделікті тілдік қолданысында, мақал-мәтелдерде, ақындар айтысында жиі кездесетін тілдік құбылыс.
Антонимдер тіл білімінде көптен бері және жан-жақты сөз етіліп келе жатқан мәселелердің бірі дей тұрғанымен, антоним ұғымына қатысты берілген және осы күнге дейін беріліп келе жатқан алуан түрлі анықтамалар мен ой-тұжырымдар, біріншіден, антонимдердің табиғатын әлі де толық танылып болмағанына көз жеткізсе, екіншіден, бұл оның күрделі де сан қырлы лингвокогнитивтік құбылыс екендігін көрсетеді. Қазақ тіліндегі антонимдердің теориялық сипатымен қатар, олардың мағыналық мазмұнын топтастыруға қатысты екі көзқарас бұл күндері жарыса өмір сүруде. Олардың біріншісі, Ж.Мусиннің пікірі бойынша антноимдік жұптарға қатысты ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама-қарсылығына бағытталған тіл бірліктерінің қарама-қарсылығы антонимдік жұпты көрсетеді, яғни диалектикалық логикада сыйыспайтын ұғымдар (несовместимые понятия) категориясы бар.
Оған:
1. Қайшылықты ұғымдар жатады. Оларды шартты түрде А - А емес, Б - Б емес деп белгілейді. Мысалы: үлкен-үлкен емес, жер-жер емес, сулы-сусыз (сулы емес), малды-малсыз (малды емес), айт-айтпа. Бұларды автор болымсыздық категория деп санайды.
2. Қарама-қарсы ұғымдар. Мұндағы қарама-қарсы ұғымдар белгілі бір логикалық қатардың ең шеткі екі мүшесі болып табылады, олардың арасында үшінші бір аралық мүше болуы мүмкін. Бұларды шартты түрде А - А емес Б, Б - Б емес С деп белгілейді.
1.3 Тілдегі қарама-қарсы мәнді лексикалық бірліктердің танымдық болмысы
Жалпы тілдегі қарама-қарсы мәнді лексикалық бірліктердің басында антонимдердің тұратындығы даусыз. Ал қарама-қарсылықты мәннің мазмұнын жетілдіруші лексикалық бірліктерді (антиномия, антитеза, антифразис, антонимия) антонимдердің мазмұнын жетілдіруші категориялар санатына жатқызуға болады. Себебі, ондағы тілдік бірліктер қарама-қарсылық атты логика-философиялық ұғымның мазмұнын жетілдіруге қатысатын семантикалық өрістің мүшелері екендігін аңғаруға болады.
Антонимдер тіл білімінде көптен бері және жан-жақты сөз етіліп келе жатқан мәселелердің бірі дей тұрғанымен, антоним ұғымына қатысты берілген және осы күнге дейін беріліп келе жатқан алуан түрлі анықтамалар мен ой-тұжырымдар, біріншіден, антонимдердің табиғатын әлі де толық танылып болмағанына көз жеткізсе, екіншіден, бұл оның күрделі де сан қырлы лингвокогнитивтік құбылыс екендігін көрсетеді. Қазақ тіліндегі антонимдердің теориялық сипатымен қатар, олардың мағыналық мазмұнын топтастыруға қатысты екі көзқарас бұл күндері жарыса өмір сүруде. Олардың біріншісі, Ж.Мусиннің пікірі бойынша антноимдік жұптарға қатысты ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама-қарсылығына бағытталған тіл бірліктерінің қарама-қарсылығы антонимдік жұпты көрсетеді, яғни диалектикалық логикада сыйыспайтын ұғымдар (несовместимые понятия) категориясы бар. Оған: 1. Қайшылықты ұғымдар жатады. Оларды шартты түрде А - А емес, Б - Б емес деп белгілейді. Мысалы: үлкен-үлкен емес, жер-жер емес, сулы-сусыз (сулы емес), малды-малсыз (малды емес), айт-айтпа. Бұларды автор болымсыздық категория деп санайды. 2. Қарама-қарсы ұғымдар. Мұндағы қарама-қарсы ұғымдар белгілі бір логикалық қатардың ең шеткі екі мүшесі болып табылады, олардың арасында үшінші бір аралық мүше болуы мүмкін. Бұларды шартты түрде А - А емес Б, Б - Б емес С деп белгілейді. Мысалы: жақсы - жақсы емес - жаман, шикі - дүмбілез - пісі, алда - ортада - артта. Бұларды антонимдер немесе антонимдік категория деп көрсетеді.
Зерттеуші сонымен қатар қазақ тілінде басқа да көптеген бір-біріне антоним болмайтын лексикалық бірліктердің мәтін ішінде қарама-қарсы қойылып, контекстуалды антонимдер жасайтынын, бірақ бұл мәселе әлі жете қарастырылмағандығын айтады. Сонымен қатар тілдегі антонимдердің табиғатымен олардың мазмұнын тануға қатысты профессор Б.Сағындықұлы мынадай пікір білдіреді: Егер зат пен құбылыстың белгілі бір сапасы екінші бір заттың сапасы мен белгісіне қарама-қарсы келмеген болса, тілде қарама-қарсы мағына беретін антонимдер пайда болмас еді. Мысалы, ақиқат өмірде ұзын зат пен қысқа зат кезікпесе, ұзын-қысқа жұбы бір-біріне қарсы қойылмайды. Демек, сөз мағыналарының қарама-қарсы болуы олардың семантикалық қасиеттерінен шықпайды, ол - объективті қарама-қарсылықтың тілдегі көрінісі ғана. Екінші жағынан адамзаттың әлеуметтік-мәдени түсінігін, сенімін, көзқарастарын ескеретін болсақ, қарама-қарсы қою белгілі дәрежеде сананың да жемісі.
Адамзат зат пен құбылысты бірте-бірте сатымалап таниды. Мысалы, бал мен у табиғатында бірін-бірі жоққа шығаратын заттар емес. Адам баласы ең алдымен олардың сапалық қасиетін түсінген. Әрқайсысы әр түрлі әсер еткендіктен әр түрлі бағаланған: ащы-тұщы, жақсы-жаман, пайдалы-зиянды, т.б. Олай болса, антонимдердің негізі - тікелей объективті және субъективті-прагматикалық (бейнелік) қарама-қарсылық.
Шығу тегіне, пайда болу сипатына қарай антонимдер:
1) объективті қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер,
2) субъективті-прагматикалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер болып үлкен екі топқа бөлінеді - деген пікірінің мазмұны жоғары салмағы басым екендігін мойындауға болады. Мұндағы ғалымның бөле жарып көрсетіп отырған объективті антонимдер және субъективті-прагматикалық антонимдер деп отырғандарының мазмұын ғалым былайшы түсіндіреді: Ақиқат өмірден алынып, тікелей қарама-қарсы қойылатын лексикалық мағыналар объективті қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер деп аталса, адам санасында жанама, бейнелі түрде қарама-қарсы қойылатын лексикалық мағыналар субъективті-прагматикалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер деп аталады. Яғни, антонимдердің табиғатын тану барысында тілдің лексикалық жүйесіндегі қарама-қарсылықтың бірсыпырасы ақиқат өмірден алынса, енді бірсыпырасы адам ойының нәтижесінде туындаған қарама-қарсылық екендігін көруге болады.
Аталған екі жақты қарама-қарсылық жеке дара қалыптаспайтындығы анық. Сөз олардың арасында табиғат пен адам, адам-табиғат-тіл атты категориялардың қатысы бар. Ал ол жердегі адам-табиғат-тіл қатынасына танымдық процестің қатысатынын байқауға болады. Тілдегі орныққан лексикалық бірліктер немесе концептілік категориялардың қалыптасуына ой, сана, ұғым (семантикалық үшбұрыш) секілді бірліктердің қатысуынан тілдік категориялардың (антонимдер) жарыққа шығуы заңды құбылыс. Яғни, когнитивтік антонимдерде объективті және субъективті-прагматикалық қарама-қарсылықтарды категориялық кеңістіктерге бөлшектеу адамның қоршаған дүниені когнитивтік механизмдер (танымдық тетіктер) арқылы қабылдау, сезіну, көру, есту, иіс сезу, түйсіну процестері менталды деңгейде сараланып, танымдық талқының нәтижесінде санада өңделеді де: ғалам бейнесі - ғаламның тілдік бейнесі - ғаламның қарсы мәнді бейнесі секілді когнитивтік категориялар туындау арқылы адам санасында олар концептілер (ақ-қара, жақсы-жаман, өлім-өмір, т.б.) түрінде қалыптасады. Тілдегі қарама-қарсылық ойдағы қарама-қайшылықтан туындайды. Ойдағы ақ пен қараға, өмір мен өлімге, жақсы мен жаманға, алыс пен жақынға, батыс пен шығысқа, үлкен мен кішіге қатысты қарама-қайшылықтар тілде антонимдер ретінде көрініс табады. Сонымен қатар нақты антонимдік сипаты жоқ бірақ ой қарсылығын көрсететін қарама-қарсы мәнді тілдік бірліктер де болады. Оларды жалпы антонимдердің құрамына немесе қарама-қарсы мәнді сөздердің құрамына жатқызуға болады. Яғни, ондағы қандай да бір ой қайшылығының тұрғандығы, тілдік қолданыста қалай болмасын сөз қарсылығына әкеледі. Демек, осы арадан қарама-қарсы мәнді тілдік бірліктердің қолданысқа түскендігі қарсы мәнді лексикалық бірліктердің туындауына ықпал етеді.
Адам ойындағы қайшылықты тілдегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz