Ислам және Құран қағидаларының Қазақстандағы көрінісі және болашағы жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ислам және Құран қағидаларының Қазақстандағы көрінісі және болашағы жайлы

Ислам дінінің пайда болуының шын мәнінде объективтік және субъективтік себептері бар. Оның басты себебі Алла тағала адамзат баласын тура жолға салу үшін аспанын Дәуіт пайғамбарға - Забур, Мұса пайғамбарға - Таурат, Иса пайғамбарға - Інжілді түсіргенімен, бұл пайғамбарлар ізгілікті, адамгершілікті, әділдікті шындап жолға қоя алады. Жер бетінде зорлық-зомбылық шексіз теңсіздік, адамды адам қанау, адам құқықтарымен бостандықтары аяққа басылып, арсыздық, зінәқорлық, қылмыс өршей түсті. Адамдар қолдарынан «құдай» жасап, пұтқа-табынып, тіпті көзіне көрінген нәрсені жаратушыға теңеп, тура жолға түспеді. Түсірілген кітаптарға құлақ аспай, адамдар пайғамбарлардың өзін азаптап, қинады. Көктен түсірілген кітаптардағы Алла сөздерін құлақ ілмей, оның сөздерін бұрмалады, адамзат баласы имандылықтан шеттеп, қаранғылыққа бата түсті. Сол үшін де адамзат баласын құтқару үшін ислам діні дүниеге келді. Құдайға шүкір ислам діні пайда болғалы адамзат баласы екіге бөлініп, бірі имандылықты қолдап. өркениеттілікке ұмтылуда, ал екінші бөлігі әлі де болса қараңғылықтан шыға алмай жүр. Қазір әлемдегі халықтың екі млрд-тан астамы ислам дінін ұстанады. 72 мемлекетте мұсылман қауымдастығы бар, 35 мемлекетте мұсылмандар халықтың көпшілігін құрайды, 28 мемлекетте ислам мемлекеттік дін болып жарияланған. Мұны көріп отырған екінші топтың басты шабуылы сол мұсылман елдерінің дініне бағытталып отыр.

Мұсылман дінін ұстанушылар қатарына қазақ халқы да жатады. Ислам діні VIII ғасырдан бастап Қазақстан аумағына тарала бастағаны оқушыларымызға мәлім. Шығыс тарихының ең көрнекті зерттеушілеріне саналатын академик В. В. Бартольд VIII-IX ғасырларда исламның кеңінен таралуының себебі ретінде мұсылмандықты ұстанған елдердің әлемде Рухани да, материалдық мәдениет тұрғысынан да білімді халықтардың ішіндегі ең озығы екендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ көптеген буддизм, христиан дінін ұстанған халықтардың ислам дініне өткендігін ал бірде-бір мұсылман халқының ешбір өзге дінді қабылдағанын тарих білмейді деп тұжырымдайды [1, 55-56 бб. ] . Бұл шындық. Себебі 960 жылы Қарахан елінде «Жамбыл облысы» мемлекеттік дін болып ислам діні жарияланғаны тарихтан белгілі [2, 318 б. ] . Ислам 750 жылдары Жетісу өңіріне Түргеш қағанаты дәуірінде келе бастаған.

Ислам дінімен бірге зиялылық қоса келіп, білімге жол ашылды. Медресселер ашылып, білім жүйесі қалыптасты. Ислам діні томаға - тұйық тайпалардың өзара саяси - экономикалық, әлеуметтік - рухани байланыстарын күшейтуге жол ашты. Осының нәтижесінде тайпалық айырмашылықтар жоғалып, халықтық - исламдық қасиеттер молая түсті. Нәтижеде экономикалық-мәдени тұтастықтар және тіл мен ділдегі ұқсастықтар исламдық идеология аясында қалыптаса түсті.

Ең ауыр қылмыстарға исламдық шариат заңдарында көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттер жатқызылды. Оны біз қазақ халқының заң ескерткіштері: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», және Тәукеханның «Жеті Жарғысы», т. б. заңы ескерткіштерден көре аламыз. Негізгі адамгершілік пен имандылыққа құралған қағида-ережелер болғандықтан, әрі оны қоғам мүшелері қолдап - қуаттап, қорғағандықтан мұндай қоғамға түрменің, құлыптың қажеті де болмады. Қоғам мамыражай тіршілік жасады.

Өкінішке орай кешегі бодандық дәуір мен кеңестік қызыл империя озбырлығы салдарынан бұларға өгейсіне қарап келуіміз, ислам дініне ғана емес, рухани-мәдени төл құндылықтарымызға да жасалған зор қиянат деп біліуіміз керек [3, 103 б. ] .

«Ұлттың негізгі тірегіне құрт түссе-дейді Б. К. Тілеуханов, шаңырағыңның шатырлап ортасына түсерін білетін болғандықтан, сол ұлтты бийлеуді көздейтін, отарлауды мақсат еткен сыртқы күштер де басты шабуылын. Сол елдің дініне жасайды» [4, 39 б. ] . Ия, өйткені дінінен адасқан елдің тілінен адасуы, тілінен айырылған елдің негізгі сипатынан айырылуы деп санағанымыз жөн.

Қазір, экономикалық қиындықтан гөрі рухани жұтаңдық ауыр соғып тұр. Қара көз қандастрымыз сан ғасырлар бойы бұлжымай әрі өзгермей келе жатқан дініміз бен әдет-ғұрып, салт дәстүрімізден жеріп, өзге діндерге мойын ұсынып кетіп жатқаны, нәрестелерімізді жат елдіктер бағып қағуға - алып, оларды шоқындырып жатқаны бізді қатты толғандырады. Нәркес бойжеткендеріміз кім - көрінгеннің құшағына еніп, тәнін сатулары, некесіз жетімектердің күйреуі қабырғамызды күйретуде. Заңгер, шетелдік ғалым Идмуна Бирк кезінде: «Исламские законы, это все объемлющие законы, охватывающие интересы всех слоев населения от царя и до нищего. Это справедливейшие законы создающие наилучшую юридическую систему: до сих пор человечество не помнит подобных им, и в будущем наверняка не увидит!» [5, 57 б. ] - деп тамсанады.

2000 жылды ЮНЕСКО діндер арасындағы диалог жылы деп жариялап, өте дұрыс қадам жасады. Өйткені Босния мен Герцоговичинадағы, қара бақтағы Ирактағы қан төгіс қақтығыстар дін аралық тартыстардан шыққаны мәлім.

Қазақстанда жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Бұлар әр түрлі дінге иланады. бұл рухани ой - дүниемізге кері әсер етері хақ. Сол себепті де Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев әлемдегі ірі дін өкілдері көсемдерін Астанаға жинап, құрылтайлар өткізіп, барша дін өзара ымыраласып, бейбітшілік пен тату-тәтті тұруға күш салуларына ықпал жасап отырғаны мәлім.

Әсіресе, ислам діні халықтардың ұлтына, нәсіліне, тегіне қарап бөлмейді және оны қабылдау басқа діндер сияқты күрделенген рәсімдерді, күштеп дінге енгізуді талап етпейді. Оның үстіне исламдық гуманистік адамгершілік қағидалары ешуақытта таптық күреске, күштеуге, зорлық-зомбылық, қиянат жасауға шақырмайды және қарудың күшімен жаулап алу тәсілімен енгізілмейді және әркім, әр халық өз еркімен қабылдайды. Сондай-ақ ислам діні жалпы адамзат өркениетті қабылдаған мәдениетпен этикалық құлықтылық нормалар мен талаптарға, әсіресе адам құқығын бостандықтарына адамаралық қатынастарды әділетті түрде реттейтін заң - қағидаларға өте бай. Бұл жер бетіндегі халықтарды бір ту астына топтастыруға өте қолайлы.

Ислам адам өмірінің барлық салаларында әлеуметтік әділдіктің үстем болуын талап етеді. «Әр бір іс-әрекеттеріңізде әділ болыңдар, адамдармен келісім-шарт жасасып, мәміле қылғанда ісіңіз бен ниетіңіз әділ де әдемі болсын» [6, 30 б. ] - деген хадис мұның дәлелі бола алады. «Жүз жыл білім үйреніп, мың кітапты оқып шықсаң да, ондағы айтылғандарды іске асырмасаң Алланың мейірім-шапағатынан үміт етуге хақың жоқ» - деген даналық сөзді әрдайым жадта тұтып, іс-әрекетіңді ізгілендіруге әрдайым ислам діні көмек көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Заманауи тұлғалардың ислам дIнIн қабылдау себептерI
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Даналық
Суфизмнің діни философиясы
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Ислам дінінің пайда болуы мен таралуы
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz