Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
МЕНІҢ ӨМІРІМ
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, − көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Солайша Жамбыл тауда Жамбыл туған,
Қырық күндей маймен сылап, тұзбен жуған.
Сүйінбай, одан әрі Бұқар жырау,
Атақты ақындардың жолын қуған.
Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,
Сары аяз көш-жөнекей боран күні,
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа шыққан үні.
Жамбыл Жабаев XX Гомері атанған ақын десе артық айтпаған. Атағы жер жарған дүлділ ақын Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде Шу өзенінің бойында 1846 жылы дүниеге келген. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Əкесінің аты - Жапа болғанымен, ел Жабтай деп атап кеткен. Жапаның Ұлданай атты əйелінен Тəйті, Жамбыл, Қоман туады. Арғы аталары дəулетті кісілер болғанымен, Жамбылдың əкесі Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Жамбыл ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан, кейін молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді.Жастайынан ән мен өлеңге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан өлең шығарды.М.Әуезов Жетісу ақындарының алтын қазығы деп бағалаған Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың өлеңдерін,ұнатып,батасын береді. Сонымен қатар туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тынынбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түсен. Жүз жылдық өмірінің сексен бес жылын өлең - жырмен өткізген. Жамбылдың ақын -жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдығы, Қоқан хандығы қазақ халқын қыспаққа алған шақ еді. 1926 жылы жарық көрген Туған елім атты толғауы. Бала күнінде Бөлтірік шешен Жамбылдың қолын ұстап тұрып: Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болады екен,- депті.
Жамбыл Жабаев жайлы көптеген ақындар қалам тартқан. Бәрі де Жамбылдың ақындығын, жыршылығын, әсіресе суырыпсалма айтыскерлігін ғылыми дәйектермен, жан -жақты талдап айтып кеткен. Ерекше атап өтетін Мұхтар Әуезовтің Жамбыл туралы прозалық шығармаларды жазған Арадақты Жәке атты мақаласында Кәрілікті жеңбеген сені өлім жеңбейді. Сенің атың ұлы заманның ұмытылмас атының бір екеніне күман жоқ деп тек әділетті айтқан. Жамбылдың айтыстағы өнері деген еңбегінде айтыскер суырыпсалма ақындарды ақпа - төкпе ақын деп қарастырады. Ақпа ақындардың негізгі ерекшелігі - эпос тудырушылар екенін айтып өтеді. Айтыс өлеңдері, Джамбул и народные акыны мақалалары жалпы ұлт өнерінің өткені мен болашағын саралап жазған.
Жамбылдың күйшілік өнерін профессор С.Садырбаев Жамбыл және Мұраталы күйші деген мақаласында жан - жақты зерттеген. Н.Төреқұлов Жамбыл күйлер деген тарауында Жамбылдың отыздан астам күй тартқандығын ел аузындағы және туған -туысқандарының растағаның айтады. Жамбылдың ақындығына баға берген қазақтың дүлділдері Мұхтар Әуезов Жамбылды: ақыл-ойдың алғыры десе, Ғабит Мүсірепов: Жамбыл өмірге жымия қарап, сынай өскен ақын еді. Оның ойлы көздерінің түбінде қашан да бір сықақ тұратын дейді. Сәкен Сейфуллин: Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды десе, Тұрар Рысқұлов: Жамбыл қай заманда болса да шындықты айта білді -дейді.
Шығармашылығы
Ақындық өнер асуында Жамбыл өзін әр алуан шығарашылығымен танытқан. Айтыстарынан сөз қағыстыру, сәлемдесу, әзілдесуін танытып, кейінен сын, сықақ жайын жазады. Ғалымдарымыз ақын өлеңдерін: арнау өлең, өсиет өлең, махаббат лирикасы, әлеуметтік лирика деп топтастырған болатын. Арнау өлеңдері негізінен әкеге, ағаға, ақынға, батырға, байлар мен болыстарға, молдаларға арналған. Мысалы: Әкеге, Шағым арнау өлеңдерінде ақын әке таңдауымен емес өз таңдауымен жүретінің айтады.
Жамбылдың Менің өмірім, Ақын болдым он үште деп аталатын дастандары мен өлеңлері ақынның өмірін сипаттайтың ғұмырнамалық шығармалар десе де болады.
Өлеңдерінің тақырыптарға бөліп қарастыратын болсақ:
1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс жайлы: Патша әмірі тарылды, Зілді бұйрық, Халық кегі, Халықтың еркі кетті басынан
Төңкеріске дейінгі ел басындағы ауыр халі жайлы: Жылқышыға, Қалиға, Әділдік керек халыққа, Кедей күйі
Ашынған елдің айбарлы ерлігі, қаһармандық қуаты жайлы: Қамал бұзған қаһарман, Аттан, батыр ұрпағым, Ата жаумен айқастық
Отан туралы: Лениградтық өрендерім, Ұлы көш
Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым, қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен Ленинградтық өренімді ерекше атауға болады:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін...
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Алғашында Ленинградская правда газетінде Ленинградцы, дети мои! деген жалынды өлеңі жарияланды. Ленинградты қорғаушы жауынгер-жазушы Всеволод Вишневский: Плакаттардан Жамбылдың Ленинградтық өренім деген өлеңін оқығанда, барлығымыз көзімізге жас алдық, жылап тұрып оқыдық. Сонда қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне риза болдық!, - деп жазған сөзі Орталық Правда газетінде жарияланды.
Ақын өзінің ұстазы Сүйінбайдың сара жолын мейлінше сәтті жалғады. Жасынан сөз өнеріне жетік, шыншыл, бірбеткей Жамбылдың алғашықы өлеңдерін Сүйінбай мақұлдап, оған бата берген. Ол өз өлеңдерінде:
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлеймін сиынбай.
Мырлы, сұлу сөздерді
Маған тартқан сиындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай.
Жамбыл туындыларының ерекше түрі - оның сатиралық өлеңдері.Сатиралық өлеңдері адам мінез - құлқындағы, қоғамдық ұнамсыздықты, өткір мысқыл мен жағымсыз әрекеттерді ащы сынаған. Сатиралық ақын екенінің дәлелі мына өлеңдерінен аңғаруымызға болады:
Кәдірбайдың төбеті
Авторы: Ж.Жабаев
Тақырыбы: Кәдірбайдың өлген төбет иті жайлы баяндалады.
Идеясы: мақтаншақ байдың итін ақынсымақтардың сыйлық үшін қызыл кеңірдек болып жырлауы.
Жанр түрі: поэзия ( сатиралық өлең)
Әдеби теориялық ұғымдар
Теңеу: төредей, оттай.
Эпитит: шынжыр балық, шұбар төс.
Метафора: жорғаң, судың құндызы, қырмызы.
Сөздікпен жұмыс: Бәйіт - баяндау, қотан - мал түйетін орын.
Өлең құрлысына талдау
Буын саны: 7,8
Бунақ саны: 2
Шумақ саны: 43
Тармақ саны: 176
Ұйқас түрі: кезекті ұйқас
Мәңке туралы өлеңі
Бұл өлең де сатиралық үлгідегі шығарма. Жалпы өлеңнің шығуы ақынның аты мен күміс ер-тұрманы жоғалады. Ақын болыс Мәңкеге арызданады. Ұрыны жазалауын өтінеді. Бірақ Жамбыл кедей болғандықтан болыс ақшасы бар ұрыны жақтап, ақынға теңдік бермейді. Осы уақиға байланысты өжет ақын шындықты бетке айтып өлең шығараған
Өнімі азырақ жерде,
Үстіне тұз арта келеді.
Ыңыранып отырып алады,
Әр алуан қырға салады.
Жаңғайлық болысы пысық келеді,
Мұрындары пұшық келеді.
Бұл өлеңнің шумақтарында астарлы ой жатыр. Мысалы: өнімі - ақын өзі ешқашан пара бермейтіндігін айтады және алуан қырға - болыстың сан алуан қулығы атап тұр.Ақынның суырыпсалмалығы, ащы шындықты бетке айтуын, төкпе ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Жыр алабы - Жамбыл
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл - айтыс өнерінің шебері
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
Пәндер