Жануарлардың сүт безінің жай-күйі


I. Кіріспе
Малшаруашылық өнімдерінің сапасын, жалпы көлемін ұлғайтуда ветеринария ғылымының және тәжірибенің маңызы өте зор. Бұл жаңағы шаруашылықты әртүлі, инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандырады. Көптеген аурулармен күресу ойдағыдай жүріп жатқанымен, кейбір жеке аурулар кездесіп жатады. Бұл аурулар шаруашылыққа өте зор нұқсан келтіреді. Мұндай ауруларға желін ауруларын жатқызуға болады. Жнлін ауруларының әсерінен сиырлардың өнімділігі төмендеп, табыннан көптеген жас әрі жоғары өнімді сиырлар шығарылып жатады. Бұл шаруашылықтын тез өркендеуіне өте үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар желін ауруларының әсерінен сүттің сапасы төмендеп, төл аурулару көбейе түседі.
Желін ауруларының ішінде ең көп әрі көрнекі түрде зиян келтіретіні желінсау ауруы (сүт безінің қабыныуы) .
Жаңа емдік және диагностикалық препараттарды қолдану, машинамен сауудың техникасының жаңаруының өзі қазіргі уақытта желінсаумен күресуде көзделген мақсаттарға жетпей жатыр.
Желінсаумен ауырған сиырларды сауу кезінде сүт безінде пайда болатын ауырсынулар жатыр спазмасына әкеледі, басқа көбею органдарының жұмысын бұзады (төлдің шығарылуы және сорылуы, іш тастау, дұрыс жетілмеген төлдердің туылуы, сиырларды қайталап ұрықтандыру) . Бұлардың барлығы төлдің жатырдан шығуына кері әсерін тигізеді.
Желінсау кең тараған ауру болып тұр. Бұл аурудың пайда болуында негізгі себептердің бірі машинамен сауу техналогиясының және жалпы сүт сауу техналогиясының бұзылуы болып тұр. Осыған байланысты басқа аурулармен салыстырғанда қазіргі жағдайда сүт өнімінің төмендеуіне байланыстысты, сиырларды уақытынан ерте бракқа шығару, төл аурулары және бедеу сиырлардың санының артуы, сонымен қатар сүттің тағамдық және техналогиялық қасиеттерінің төмендеуі үлкен мөлшерде экономикалық зиян әкелуде. Жоғарғы рентабельді шаруашылықта ірі мүйізді қара малмен айналысу үшін сүтті бағыттағы сиырдың генетикалық потенциалын көтеру қажет және прогрессивтік технологияларды пайдаланумен қатар қажетті мал азығын қорын дұрыс жинап, оны дайындау және тепе-тең азық мәзірін құра білу қажет. Мал-дәрәгерлік жұмыстарды уақтылы жүргізіп, жұқпалы, ішкі аурулардың алдын алу шараларын, шығын шығармай мал басын аман сақтау қажет. Желінсау аурулары барлық аурулардың ішінде шаруашылықтарға өте көп экономикалық шығын келтіретін ауру. (Слободяник В. И., Нежданов А. Г., 1999; Родин Н. А., 1999) . Малдәрәгерлік есеп-қисапқа қарайтын болсақ Оңтүстік қазақстан облысында 8-жылдың ішінде 2006-2014 жыл аралығында желінсау ауруы 29, 5% өскен. Кейбір аудандарда жеке шаруа қожалықтарында желінсау ауруының сиырлар арасындағы үлестік салмағы 30-45%-ға жеткен. Оңтүстік қазақстан облысындағы 2008-2014 жылдар арасында малдәрігерлік есеп-қисапқа сенсек барлық желінсау ауруының түрлерімен ауырған сиыр саны жалпы тексерілген сиырлардың арасында 10, 3-16, 6% орын алған. Сиырлардың желінсаумен уырып жазылғандар саны 2012 жылғыдан 2014 жылда 3-есе көп. Осы уақытта жалпы клиникалық, патологиялық белгісі білініп, желінсау ауруынан жазылған сиырлар саны осы жылдары 53, 6-77, 1% құрайды. Жасырын желінсаумен ауырған сиырлар саны 22, 9-46, 3% (Смертина Е. Ю., 2002) құрап отыр.
Желінсау ауруына байланысты сүт өнімінің төмендеуі (70%), өнімді жою (8%), малдәрігерлік қызметке және дәрі-дәрмекке шығын (8%), амалсыз мал сою және мал өлімі (4%) құрады.
М. Х. Шайхманов (1985) айтуынша клиникалық маститте сүт өнімділіігі бір сиырға (жазылғаннан кейін сүт өнімділігі толық қалпына келе қоймаған) шаққанда 226, 8 кг төмендейді. Сүт өнімі өте жоғары мемлекеттерде желінсау ауруы 20-50% сиырларда кездеседі (Полянцев Н. И., Подберезный В. В., 2007) .
Статистикалық мал-дәрігерлік деректерде желін ауруынан бірден өліп кеткен сиырлар туралы мәліметтер жоқ, себебі ондай есеп-қисап жүргізілмегген. Көптеген авторлардың мәліметіне қарасақ, біздің көптеген облысмтарымызда клиникалық желін ауруымен ауырғандар саны 10, 9 до 43, 4% дейін кездеседі, жасырын - от 8, 8 до 12% (Гулина В. М., 1999; Ланская Н. В., 2001; Ганиева А. А., 2003) .
Жаңа қолданылып жатқан емдік дәрі-дәрмектер және диагностикалық препараттар, аппаратпен сауу технологиясын қанша жақсартсақта желінсау ауруынан құтылудың және жақсы тиімді нәтиже көрсеткішін ала-алмай отырмыз. Сол себепті де желінсау ауруының жаңа тиімді емдеу әдісітерін және жалпылама үрдісті алдын-алу шараларын жүргізудің жолдарын іздеуміз қажет.Шаруа қожалықтарында сауын сиырлардың желін ауруының агалактия мен гипогалактиясы түрлі желін ауруларының себептерін анықтап, Д. Д. Логвинов бойынша "электролита" буферлік ерітіндісін 165 мл тиімді мөлшерде, 1, 3-ші және 5-ші күндері енгізілді, бәріне бір реттен салынды және бірге АСД-2 фракциясын қолданғаннан кейін терапиялық тиімділік 100% ға дейін артты.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма - халықты өндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, етпен қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына, малдардың ауруларының алдын алу, емдеу шараларына қол жеткізу болып табылады
- Жаңа емдік және диагностикалық препараттарды қолданып, агалактия мен гипогалактия ауруын дер кезінде анықтап, жаңа емдеу кестесін пайдаланып, экономикалық тиімділігін анықтау.
- Агалактия мен гипогалактия ауруына қолданылатын емдеу схемаларының терапевтикалық әсерін, дәрежелерін анықтау. - азықтың сапасыздығын, азық мәзірін тепе-теңдік нормаларын сақтау. - Суалған сиырларды уақтысымен демалысқа шығаруЖануарлардың сүт безінің жай-күйі жалпы қабылданған әдістеме бойынша клиникалық әдістермен анықталды (Студенцов А. П. с соавт., 2000),
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Әдеби шолу
В. Венскявиченің мәліметі бойынша 225 бас сиырлардан тұратын табында 171-нен гипоагалактия табылған. Сауу кезінде желіннің ауру бөлігінен сауылған сүт, сау бөлігімен салыстырғанда орта есеппен 23 пайызға аз болған, және де желіннің ауырған бөлігінің өнімділігі лактация аяғына дейін төмен болған.
В. И. Мутовиннің мәліметі бойыша жасырын желінсау кезінде болатын желін бөлігінің гипогалактиясында төлдеуден кейінгі мерзімде орта есеппен сиырдан 7, 5 пайыз аз сүт алынған.
Қандағы май алмасуы бұзылғанда кетон денелерінің саны артады (ацетон, ацетоуксус және бета-оксимай қышқылы) . Сонымен қатар кетон денелерінің және несептегі (кетонурия) мөлшері артады. Алиментарлық агалактия мен гипогалактияға азықтың сапасыздығы салдарынан және жануарлардың суға ашығуы салдарынан сүт беру қаблеті, бұзылуы жатады [1, 2, 27] .
Гипогалактия ауыз судың төмен температурасында пайда болуы мүмкін (2-9°С) . Тәулігіне 70 л су тұтынғанда, сиыр оны 38 °С дейін қызады, яғни 2500 ккал шамасында жұмсайды. Жануарларға оңтайлы температурадағы суды беру сиырдың сүттілігін 10-12% - ға арттырады (С. И. Плященко, В. Т. Сидоров) .
В. М. Карташованың мәліметтері бойынша көптеген елдерде жылына желінсаумен 50 пайызға дейін сиырлар ауырады. Және көптеген зиян әкеледі.
Сиырларды уақытынан ерте бракқа шығару олардың өнімділігі мен пайдаланылуын қысқартады. Нәтижесінде сиырлардың өмір сүруі орта есеппен 5, 5-6, 5 жылдан аспайды [3, 8, 60] .
Осыған орай өнімділігі де 3, 5-4 жылдан аспайды. Осылай етке кеткен әрбір мұндай сиырдан 3-4 бұзау және 3-4 лактацияның сүті алынбайды. Экономикалық шығынның бір бөлігін желінсауды емдеуге кеткен және профилактикалық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындар жатады. Олардың бағасы қабынудың дәрежесіне және аурудың асқынуына байланысты [4, 5, 32] .
Н. И. Полянцев пен Б. А. Калашниктің мәліметтері бойынша желінсаумен зақымдалған сүтте ауру туғызатын микробтар болады. Бұндай сүтті бұзауларға термиялық өңдеуден өткізбей бұзауға беретін болсақ көптеген ішек-қарын ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, адамдарда ангина, скарлатина және әр түрлі ішек ауруларын тудыруы мүмкін. Жалпы сүтте 5-10 пайыз желінсаулы сүттің болуы ірімшік және әртүрлі сүт өнімдерінің техналогиялық дайындау процесін бұзады.
В. Венскявиченің зерттеулерінде 1-14 күндік жастағы бұзаулардың диспепсиямен ауырғанын байқаған. 315 желінсаудан таза сиырлардан алынған бұзаулар және 205 желінсаумен ауырған сиырлардан алынған бұзаулар зерттеуге алынған. Аурған бұзауларды емдеу тиімділігі де қарастырылған. Зерттеулер нәтижесінде желінсаумен ауырған сиырлардан туып оның уызын ішкен бұзаулар 2 есе диспепсиямен ауырып 4, 3 есе өлім-жітімге ұшыраған, олармен бірге туылған сау сиырдың уызын ішкен бұзаулармен салыстырғанда.
Белгілі дат ғалымы S. O. Klastur-дың көрсету бойынша микробиологиялық жағдайын білу үшін бактериологиялық зерттеулер жүргізіп. Нәтижесінде әр түрлі микроб қоздырғыштарын тапқан.
Н. Т. Климов, В. А. Паринов, В. И. Слободяник, Е. Е. Шевелева, В. И. Зимников, А. Н. Модин, А. В. Чурсин, Д. М. Пониткиндердің айтулары бойынша: Сиырларда желінсаудың пайда болу және даму себебі машинамен сауу техналогиясының бұзылуынан болып табылады. Әр түрлі микроорганизмдер ең бастысы, коккалы флора (стафилакоккалар және стрептакоккалар), күтіп бағу, азықтандырудың дұрыс болмауы асептикалық қабынуды асқындыруы мүмкін. Әдетте сүт безінің резистенттілігі төмен сиырларда кездеседі.
В. М. Карташовтың айтуы бойынша азықпен улану кезінде малдардың сүтінің техналогиялық қасиеті және биологиялық көрсеткіштері бірден төмендейді. Желінсаудың пайда болуында негізгі улану сауылып жүрген сиырлардың нитриттермен және нитраттармен уланудан болады. Егер де бұл заттар жасыл шөпте қалыпты концентрациядан көп мөлшерде болатын болса.
С. И. Пляшенко және тағы басқаларының айтулары бойынша сүт безінің табиғи резистенттілігінің деңгейін сүттің құрамындағы лактопераксидаза, лизоцим, лактоферрин және иммуноглобулиндер мен лейкоцидтер көрсеткіштеріне байланысты делінген.
B. Senft және басқаларының айтулары бойынша микроорганизмдердің сүт безіне енуіне және онда көбеюіне тосқауыл болатын организнің қорғаныс жүйесі. Бұған фогацитоз, иммунды жүйе, сүттегі бактериостатикалық әсер ететін протеиндер және ферменттер.
A. Frerking және басқалары қосымша желін бөліктерімен 201 сиырдың секретіне бактериологиялық зерттеулер жүгізді. Қосымша желін бөліктері бар 52, 2 пайыз (102 жануар) сиырдан стрептакоккалар, микрококкалар, стафилакоккалар, коринебактериялар және ішек таяқшалары бөлініп алынды [6, 7, 27] .
Бактериологиялық зерттеу кезінде негізгі желін бөлітерінен сынақтың 14, 4 пайызынан оң нәтижелер алынды. Негізгі және қосымша желін бөліктерінен бірдей микрофлора бөлінгеннің өзінде сиырларда көп бөліктіліктің тұқымқуалауы зерттелінді. Желіннің басқа да белгілері сияқты көптөлділік те тұқым қуалайды.
Э. Ф. Ложкиннің тұжырымдауы бойынша, созылмалы желінсаумен ауырған сиырлар келесі сүтию кезеңінде де ауырады. Алғаш рет төлдеген сиырлар желінсаудың кез келген түрімен ауырса, онда 96, 6 пайызы келесі сүтию кезеңінде ауырады. Сондықтан желінсауға төзімсіз деп - үлкен сиырларды егер олар сүтиюдің бір кезеңінде желінсаудың созылмалы, клиникалық және жасырын түлерімен ауырса, сонымен қатар желінсаудың кез келген түрімен ауырған алғашқы төлдеген сиырларды жатқызуға болады [9, 11, 28] .
А. И. Ильин және А. К. Поспеловтың көрсетулері бойынша: Желінсаудың пайда болуына әсер ететін ең негізгі себеп: азықтандырудың зоогигиеналық қалыпты мөлшерінің бұзылуы, жануарларды күтіп бағудың дұрыс болмауынан. Олардың тексерулері бойынша желінсаумен ауыратын сиырлар көбіне зоогигиеналық, зоотехникалық және ветеринариялық- санитариялық талаптары сақталмаған шаруашылықтарда кездеседі.
Сиырларда желінсаудың таралуы В. Н. Олескиевтің мәліметтері бойынша бірден бұзаулағаннан кейін - 25 пайызында, сүтею кезеңінің бірінші - екінші айларында - 20 пайызында, сүтеюдің келесі айларында - 17 пайызында, жіберу кезеңінде - 23 пайызында, суалу кезеңінде - 15 пайызында кездесті. Желінсаудың пайда болуында және дамуында ең маңызды рольді микробтық фактор атқарады.
Н. Ф. Мышкин, А. П. Студенцов, Н. А. Флегматов және басқа да ғалымдардың көрсетулері бойынша сиырларда желінсау көбінде төлдегеннен соң бірінші күні басталады.
Г. В. Зверевой және басқаларының мәліметтері бойынша сүтею кезінде желінсаумен - 36, 3 пайыз, бұзауын жіберу кезінде - 22, 6 пайыз, суалу кезінде - 15, 8 пайыз, және төлдегеннен кейін алғашқы күні - 25, 3 пайыз. Бұл жыл бойы желінсаумен ауырған сиырлар санына.
R. Gotze және D. Sahnketer-дің мәліметтері бойынша инфекциялық аурулар үрпі каналы арқылы жұғуда көбінде домаланған және конус тәрізді ұшы бар үрпіге қарағанда, тарелкалы және кратерлі ұшы бар желін бөліктері көп зақымдалады [10] .
Желінсау-желіннің қабынуы сауын сиырда жылдың қай мезгілінде де, кейде тіпті суалған кезде де кездесе береді. Сүт безі аурулары малдар арасында жиі шығады және кең таралған. Желінсаудың әртүрлі формаларының этиологиясын, ағымын және болжамын, оны анықтау, емдеу және алдын алу шараларын жүргізуге көптеген зерттеушілердің жұмыстары арналған.
Желінсау пайда болуының негізгі себептері: дұрыс саумау, микроб факторының болуы, ауру малды анықтау және емдеудің дер кезінде жүргізілмеуі, төмен селекция жұмыстары, машиналы саууға дұрыс іріктеп алмау және басқа факторлар болып табылады.
Ұрып-соғудан, жарақаттанудан желін тканіне микробтар (стрептококк, стафилококк, қылау қоздырғышы, іріңдеткіш микроб т. б. ) енуінен, желіндегі микробтардың ауру жұқтыру қабілетінің күшеюінен, ішек-қарын аурулары салдарынан, уланудан, шуы түспеуден, төлдеуден кейінгі эндометриттен болады [12, 13] .
Қора-жайдың, сауын стакандарының лас болуы, желінді лас сумен жуу, сиырды мезгілінде саумау, сауған кезде оның сүтін сарықпау, сауын аппаратының дұрыс жұмыс істемеуі, вакуум тәртібі бұзылуы, стакандарды ұзақ ұстаудан, желінге салқын тигізу, малды дұрыс-азықтандырмау, оған сапасыз азық беру- мұның бәрі желінсауға әкеліп соғуы мүмкін.
Сүт безіндегі патологиялық процесс келесі ретпен дамиды. Мәселен, сауу ережесі мен технологиясы бұзылса (сүт беру рефлексі тумай тұрып сауу аппаратттарын ерте қосу немесе сауылып біткен желінде олардың ұзақ тұрып қалуы), алдымен тітіркену дамиды да, қайталама теріс әсерлерде асептикалық қабынуға - жасырын маститке ұласады. Желіннің бұл ширегінің жергілікті төзімділігі төмендейді, үрпі ұшының және сыртқы саңылауының стрептококк, стафилококк сияқты микроорганизмдермен ластануы және үрпі үстіндегі цистерналарға (синустарға) енуі нәтижесінде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жұқпалы процесс дамиды [2, 4, 10] .
Желінсаумен сиырлар лактацияның кез-келген кезеңінде зақымданады, мұнда көбінесе өнімділігі жоғары сиырлар жиі ауырады. Негізгі сүт жоғалту ауыру кезеңінде және келесі сауығу кезеңінде жүреді[17, 19] . Біраз сиырларда ұзақ уақытқа созылған емдеу нәтижесінде сүт безі ұлпасының орнына келмейтін өзгерістері белең алып, бұрынғы сүт сауымы мүлде қалпына келмейді. 20% астам сиырлар желінсаумен ауырғаннан кейін, бір немесе бірнеше желін ширегі семуі салдарынан ақауға шығарылады. Статистика бойынша субклиникалық желінсаумен 40-60% сиырлар ауырады, ал желінсаумен ауырып жазылған сиырлардан алынатын сүт өнімінің шығыны орташа жылдық сүт сауымының 10-15% құрайды [16, 7] .
АҚШ -та желінсаумен күрес бағдарламасы 30 жыл бұрын қабылданған болатын, бірақ осыған қарамастан, сиырлардың ауруынан келетін жыл сайынғы шығындар орташа 2 млрд дол., Осының шамамен 70% шығын субклиникалық желінсаудан келді [21, 23] .
Сүтті мал шаруашылығына желінсау ауруы келтіретін зияндар, барлық жұқпалы емес аурулардың жалпы экономикалық шығындарына теңеседі. Көбінесе жоғары өнімді сиырлар ауырады. Қолайсыз жағдайлардың әсерінен жіті желінсаудың бір түрі екінші түріне айнала береді, не олар ұштаса жүреді. Желінсаудың кейбір түрлері, әсіресе, іріңді - катаральды желінсау (стрептококк енуінен болған) ұзаққа созылады да, бірте-бірте желін ұлпасына зақым тигізеді, оның орнын дәнекер ұлпа қаптайды. 30% дейін ауырып айыққан сиырлар желін ширектерді семуі салдарынан ақауға шығарылады [18, 19] .
Нәтижесінде сиырдың өмірінің орта ұзақтығы 5 жыл шамасынан аспайды, одан 2, 5-3 жыл ғана өнім алынады. Демек әрбір осындай сиырлардан 3-4 бұзау кем алынады және сауым сүт 3-4 лактацияға кемиді.
Сүт сапасы төмендеуінен келетін шығындар мен ауру сиырлардың бұзауларының өлім-жітімін қосу керек. Бұл тұрғыдан субклиникалық желінсаумен ауырған сиырлардың сүті қауіпті, себебі ол сыртқы белгісі бойынша қалыпты сиыр сүтінен айырмасы жоқ, бірақ құрамында адам мен мал үшін қатерлі патогенді және токсигенді микрофлора болуы мүмкін. Бұл жағдайда сүт өнеркәсібі де үлкен шығындарға ұшырайды, себебі ауру сиырлардың сүтінің жинақтағы тіпті кішкене қоспасы (10%) сүттен жоғары сапалы өнімдерді даярлауға мүмкіндік бермейді [25, 27] .
Желінсау себептерінің ерекше тобын желін және емшектердің жарақаттары (жара, сызат, жарылу, соғылу), сонымен қатар, үсу, күйіктер, өрескел уқалаумен және әсері күшті сүртпе майлар жағудан туған дерматиттар және тітіркенулер құрайды [26, 29] .
Өнеркәсіптік сүт кешендерінде сиырларды ұстауы машиналы саууды қолданусыз мүмкін болмайды. Бірақ аппаратты дұрыс қолданбау желінсауға жаппай ұшыраудың себебі болуы мүмкін. Мысалы қолмен сауу кезінде 5-6% желінсау тіркелсе, машиналы сауда бұл көрсеткіш 60% жетеді[30, 16] .
Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде сиырларды ұстау және азықтандыру шарттарының, машинамен сауудың ережесі мен технологиясын сақталмауы малдың инфекцияға жалпы және жергілікті төзімділігін төмендетіп, сыртқы ортада, желінде бактериялар жиналып, көбеюіне ауру малдан сау малға жұғуына жағдай жасайды, яғни тұйық шеңбер түзіледі.
Жалпы ағза мен сүт безіне неғұрылым көп теріс факторлар әсер етсе, соғұрылым сыртқы ортаға патогенді микрофлора бөлетін, желінсаумен ауырған сиырлар көбейеді. Нәтижесінде тіпті шартты түрде патогенді микроорганизмдердің де уыттылығы күшеюіне жағдай жасалып, олар сүт безіне алдымен галактогенді жолмен жаппай түсіп (массивті инфекция), төзімділігі мықты малдардың өзінде де желінсау туғызуы мүмкін. Ауру бұл жағдайда энзоотия түрінде өтіп, көбінесе жоғары өнімді сиырларды зақымдап, шаруашылыққа орасан зор зияндар әкеледі [14, 18] .
Ф. К. Хасанов (2000) жүргізген тәжірибелерде виватонмен емдеу клиникалық айқын білінетін мастит кезінде новокаин блокадасымен үйлескен, 76-100% жағдайда тиімді болды, ал терапиялық әсердің ұзақтығы 4-7 тәулік болды. Субклиникалық мастит кезінде 3 күндік курс бойынша виватонмен емдеу тиімділігі 93, 3% құрады.
Трошин мағлұматтары бойынша (2003) уберцид кешенді препаратын әзірледі. Уберцид препаратының емдік тиімділігі оның тері аппликациясы арқылы қолданылатын, сиырларда жасырын мастит кезінде 86-100% шегінде түрленеді, бұл маститке қарсы дәстүрлі препараттарды (мастисан-А және Е) цистерна ішіне енгізгеннен кейін 15-20% жоғары әсер етеді және сауығу мерзімі қысқа (2-3 күн) [10, 8] .
А. С. Гаврилиннің (2002) деректері бойынша линомаст препараты маститтің негізгі қоздырғыштарына қатысты жоғары бактерицидтік белсенділікке ие: стафилокококтар - 0, 025 ЛЕ/см3, стрептококтар - 0, 38-0, 78, ішек таяқшалары - 3, 13 ЛЕ/см3, псевдомонад - 6, 25-12, 5 ЛЕ/см3. Линомаст препаратын өндірістік жағдайларда маститпен ауыратын сиырларды емдеу үшін қолдану сиырлардың 99, 5% - ын 1-3 енгізгеннен кейін сауығуын қамтамасыз етеді. Субклиникалық және серозды мастит кезінде осы препараттың терапиялық тиімділігі 100, 0%, ал серозды-катаральды мастит кезінде - 94, 7% құрайды, бұл жалпы фермалардағы сиырлардың ауру деңгейінің 25, 9% төмендеуін қамтамасыз етеді [20, 23] .
Терапияның медикаментозсыз әдістері (суық, жылу, массаж) белгісіз уақыттан бері қолданылады. Суық әдетте қабыну реакциясының бастапқы фазасында тағайындалады, бұл тіндердің ісінуінің дамуына кедергі келтіреді. Жылу процедуралары асқынған қабыну процесінде тағайындалады. Жылудың әсері трофикалық процестерді күшейтеді, инфильтраттардың сіңірілуін тездетеді, зақымданған ұлпаларда қорғаныс реакцияларын күшейтеді [6, 9] .
2. 2 Желін безінің аурулары және пайда болу себептері
Ірі қара малдың желін безінің пайда болу себептері қазіргі уақытта аяғына дейін зерттелмеген. Бұл мәселе бойынша мүлдем қарама-қарсы көзқарастар бар, соның салдарынан онымен күрес бойынша мүлдем өзге, кейде тіпті әртүрлі іс-шаралар ұсынылады. Алайда, бір факторларға артықшылық бере отырып және басқаларын тастай отырып, аурудың шынайы себептерін анықтауға және онымен күресу шараларын ұсынуға болмайды. Бұған контагиозды стрептококкты маститпен күрес жөніндегі іс-шаралардың пайдасыздығы дәлел болып табылады. Мысалы, Э. X. Ридала (1964), Ю. Ю. Веллесте және т. б. (1967) желін безі ауруының негізгі себебі жұқпалы аурулардан басталатынын мойындады, ал аурудың өзі тіпті контагиозды деп санайды.
В. И. Мутовин (1974) қарсы пікірді ұстанады. Атап айтқанда, ол желін безінің ауруының этиологиясында басты рөл (шамамен 80% жағдай) сиырларды азықтандыру, ұстау және сауу, жарақаттар мен босанғаннан кейінгі асқынулар орын алады деп санайды. Негізгі мән азықтандыруға беріледі, ал микроорганизмдерге де қосымша рөл беріледі. Мұндай пікірді Д. Д. Логвинов және т. б. (1979) ұстанады.
Г. С. Григорян (1967) хабарлағандай, сау сиырдың іріңді-катаральды желін безінің ауруын іріңді-катаральды аурумен ауыратын сиырдан алынған сүт безінің қуысына 0, 3-0, 8 мл сүт енгізу арқылы жазуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz