Қысқа қашықтыққа жүгірудің әр-түрлі старттық жұлқулар мен жылдамдықтың жалпы және арнайы жаттығуларыды дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

(Жылдамдық) Қысқа қашықтыққа жүгірудің әр-түрлі старттық жұлқулар мен жылдамдықтың жалпы және арнайы жаттығуларыды дамыту.

Орындаган: Абдилазизов Жасур.

Қысқа қашықтыққа жүгіру арақашықтықтарына кірістіріледі: 60 метр, 100 метр, 200 метр, 400 метр жүгірулер. Англияда, АҚШ-та, Австралияда және кейбір басқа елдерде қысқа қашықтықтар бойынша жүгіру жарыстары 60 метр, 100 метр, 220 метр, 440 метр ярд қашықтықтарға жүргізіледі. Міне осылай метрлік және ярдты қашықтықтарға уақытқа жүгіру ерекшелігі былай көрінеді: 100 ярд - 91, 44 метр; 100 метр - 109, 36 ярд (+0, 9 с. ) ; 220 ярд - 201, 17 метр; 200 метр- 218, 72 ярд (-0, 1 с) ; 440 ярд - 402, 34 метр; 400 метр - 437, 44 ярд (-0, 3 с. ) . Егер спортшы 9, 2 сек. 100 ярд жүгіріп өтсе, онда 100 метр жүгіруде оның нәтижесін қайта есептеу шамамен 10, 1 сек. тең болады. Қысқа қашықтыққа жүгіру тарихы ерте заманғы Олимпиадалық ойындардан басталады. Стадияға (192, 27 метр) және екі стадияға жүгіру гректерде үлкен танымалдыққа ие болды. Ежелгі атлеттер тек қана жоғары және төменгі сөрені пайдаланды, сонымен қатар сөреде тастан немесе мәрмардан жасалған сөрелік тіреулерді пайдаланды.

Жеңіл атлетика ның тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.

Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2000 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.

Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.

1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.

1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастағанКСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.

1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.

1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі старттан қысқа қашықтыққа жүгіру
Қысқа қашықтыққа жүгірудің қысқаша мінездемесі
Жылдамдық қабілеттерін дамыту негіздері
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Жүру және жүгіру техникалары
Жүгіруден арақашықтық бойынша жаттығу
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Эстафеталық жүгіру
Жылдамдықты дамыту жаттығулары
Кедергілермен жүгіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz