Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі.

Орындаган: Абдилазизов Жасур.

Көне үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар(өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты ж/е өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.

Үнді философиясында адам табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын (карма адамның тағдырын құрайтын жан-дүние) анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса, - мокшаға (құтылу) сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.

Үнді мифологиясының негізгі қағидалары:

Джайнизм философиясы. Джайнизм (Джина жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған. Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс ол адамның өзін-өзі жеңуі. Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу нирджара, жанның денеден құтылуы босау. Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі святвада (свят белгілі бір жағдайда) . әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Джайнизмнің “үш маржаны², - ол дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:1. Апариграха дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау; 2. Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту; 3. Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу; 4. Ахимса ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар. Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі.

Буддизм. Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм. Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б. ғ. д. ) Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді. Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады. Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді ол Буддаға яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.

Будданың ашқан “Төрт ақиқаты²:Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын². Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ². “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды², - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр². Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені, ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия ғылымының негізгі әдістері
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Омар Хайямының поэзиясындағы ислам көрінісін айқындау
Ежелгі дүние философиясы
Аникалық философия
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz