Жыраулар шығармашылығы
І. Кіріспе
XV-XVIII - ғасырларды қамтыған жыраулар поэзиясы халқымыздың жүздеген жылдар бойы жадында сақталып, бүгінде қазақ әдебиетінің бір кезеңі болып қалыптасып отыр. Сөз қадірін білген қазақ халқы түйінді, иірім жолдарды талай аласапыран кезеңдерден алып өтіп, қазіргі әдебиетімізге аманат етіп тапсырды.
Елбасымыз Ұлытауда берген сұх - батында: Қазақ хандығы біздің еліміздің түп-тамыры. Бұл тұңғыш мемлекетіміздің болашағын белгілеген үлкен тарихи оқиға. Біздің болашағымызға бағдар ететін ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел! деген еді.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат -- Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол -- Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық -- тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни Мәңгілік Ел идеясының жариялануы. Бұл -- Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік ел ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі. Ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халық жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының MANGI EL халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: Мәңгілік ел -- түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея... -- екендігін жазған. Осы идеяны қазақ хандығы тұсында жүзеге асыруға тырысқан жыраулар болды.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы болып табылатын жыраулар поэзиясының маңыздылығын таныта отырып, сол кезеңдегі жыраулар шығармашылығына терең талдау жасау, таырыптық жағына сипаттама беру, ел бірлігі мен берекесін сақтап қалудағы, Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудағы ерен ерліктеріне шынайы баға беру.
Зерттеудің міндеттері:
oo Қазақ хандығы тұсындағы жыраулар шығармашылығы, олардың асыл мұраларының мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға талпынысы туралы тарихи-тәлімдік, әдеби көзқарастарға талдау жасалынды;
oo Хандар тұсындағы дала даналары мен билерінің шешендік сөздеріндегі тәрбиелік мәселелердің бүгінгі күн тәрбие мақсаттарымен үндестігін айқындау;
oo Хандардың тағылымдық, батырлық танытуы заман талабымен сай, жыраулар поэзиясымен салыстыра сипаттау.
oo Қазақ қоғамындағы тарих пен тұлғаға қатысты идея сабақтастырылып, жаңа көзқарастар тұрғысынан түсіндіру.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Жыраулар поэзиясының Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудағы маңызы
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясы - дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген Қазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Көрнекті ғалым-жазушы М.Мағауиннің айтуынша: Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды. Ол тағы бірде ХV - ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды, дейді. Яғни, жыраулар поэзиясы - қазақ сөз өнерінің әлемдік классикалық шығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттық рухани қазынамыз.
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, - дейді М.Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария - Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырып салма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында "терең сыр" барын таниды. Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" - бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр, -
деп аса қадірлеген.
Демек, жыраулар поэзиясы - халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.
Қазіргі таңда Елбасымыз қолға алып, қай - та жаңғыртып отырған Мәңгілік ел - идеясы сан ғасырлар рухының алып күші, алтын діңгегі. Ұлт болашағын кемелдікке бастайтын - ғасырлар аналардың бесік жыры. Ұлт тарихының өткені мен бүгінін тоғыстырған киелі қадам, алтын көпір. Мен кім? деп кезінде Мағжан ақын толғанған тарихи сауалға жауап беретін - ұлтқа ортақ таным. Ұлт арманы - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Мәңгілік Ел болу еді. Иә, сол армандарды ақиқатқа айналды. Сонау көне түркі әлемінен өз бастауын алатын бұл ұлы идеология, қазақ әдебиетінің әр кезеңінде кеңінен көрініс тапқан. Әсіресе, қазақ жыраулар поэзиясында өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы -- туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" - деген ақылгөй сөзі - сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" - деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" - деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", - деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын:
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт, - деп дәріптеген.
Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.
Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған" - Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық.
Ел ертеңіне деген оптимистік сарын Мәңгілік ел идеясына бастайтын рухани серпіліс еді. Сол себепті де, әдебиеттанушы М.Мағауин Қазақ жыраулары 15-18-ғасырлар шегінде бүкіләлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады деп тебірене жазған еді.
Соның бір мысалы Доспамбет жырау мұралары:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұспан аттым өкінбен,
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Сөз зергері өз толғауында көшпенділер мінезіне тән дала ерінің болмысын паш еткен. Толғауда өз атынан сөйлей келе, далалық мәдениеттің философиясын тереңнен танытады. Отан, туған жер, досқа деген сүйіспеншілігін, дұшпан алдындағы қайраты мен айбатын тілге тиек етеді. Жыраудың патриоттық оптимизмге толы жалынды жырлары ұрпақтан-ұрпаққа таралып, ғасырдан-ғасырға көшіп келеді.
Ал, кешегі Махамбет жырауға келер болсақ, көтерілісі жеңіліс тапқанда неге салы суға кеткен жоқ? Керісінше Ерлердің ісі бітер ме?, - деп, қазақ ерінің әлі тірі екендігін тілге тиек етті. Ел болашағына нық сеніммен қарап, артына асыл жырын, қайсар рухқа толы өсиетін қалдырды. Міне, осылайша Мәңгілік Ел идеясын жалғастыру бағытында өшпес із қалдырды. Сол себепті ақын халқының жүрегіне жол тауып, бірге жасасып келеді.
Жалпы жыраулар бедері мен беделі - сонау көне түркі дәуірінен қалыптасқан үрдіс. Ол туралы М. Жолдасбеков өзінің Асыл арналар деген еңбегінде былай дейді: Түркі халқын әдетте хан басқарған. Ханның ордасы болған. Ордада ханмен бірге әр уақытта ақылшы жырау тұрған. Сондықтан, қашан да шер толқытқанда сөйлеген ерлік жыршыларының асыл сөздері тарихымыздың әр кезеңінде зор бағаға ие болса, оның түп қазығы бабалар салған сара жолдың негізінде жатса керек.
Қазақ хан - - - - дығы дәуірінде жыраулар поэзиясының басты тақырыбы - халықтың топтасқандығы мен бірлігі және әскери күш-қуа - тын нығайту мәселелері бол - ды. Сондай-ақ, жыраулар шығар - маларында әміршіге тіке - лей арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық толға - ныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Жыраулар өз туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен, таптыр - мас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік жә - не психологиялық параллель - дер арқылы баяндаған. Бұл туындылардың Тәуелсіз Қазақ - станның өркендеп дамуына тигізетін ықпалы орасан зор деп білемі
2. 2 Қазақ хандығы тұсындағы жыраулар поэзиясындағы ел бірлігі
Береке түбі - бірлік,
Бірлік түбі - тірлік.
Жеңіс түбі - ерлік!
(Майқы би)
Қазақ хандығының құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің таралу уақытын Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың Тарих-и Рашидидегі [1] мағлұматтарына сүйеніп, В.В.Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870 жылы, ХҮ ғасырдың 60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған. Бұл біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдары Қазақ хандығының құрылған уақытын айғақтайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында (1999 ж.) еңбегінде: Алғаш Қазақ хандығы құрылған, шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуына негіз қаланды [2], - деп жазылған.
Қазақ хандығының тарих сахнасына мағлұм бола бастау кезеңін анықтаудың ғылыми да, саяси да мәні зор. Әсіресе, тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған бүгінгі таңда оның маңызы, мәртебесі, тіпті арта түспек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде: Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады [3], - деген болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі 2015 жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты.
Елбасы Тарих толқынында кітабында: Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы Қазақ хандығының Орта Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғанында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі бар түркі халқы құрады [4], - дейді. Сол қазіргі түркі халықтарының бір бұтағы қазақ халқы болып саналады.
Түркі халықтарының бір бұтағы саналатын Қазақ елінің әдебиет тарихының түп негізі көне дәуірге - түркі тайпалары әлі жеке-жеке халық боп жіктелмеген, ортақ мәдениет, ортақ мұра жасап жүрген кезеңге барып тіреледі. Туыстас түркі руларының бір тобы қазақ деген атпен бөлініп, өз мемлекетін құрумен байланысты. ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап дербес қазақ атымен аталатын әдебиет қалыптасады.
Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ келелі, өте көркем келісімге жетуі заңды болса керек.
Сол дәуірдегі түркі халықтары сөз өнерін аса жоғары бағалап, өздерінің ақын-жырауларына бас иген. Араб әдебиетінің тарихын жазған профессор Ханна аль-Фахури: Басқа жұрттың сөзінен гөрі, ақынның сөзі өтімдірек келетін; кейде оның беделі мен билігі, тіпті, ру көсемінен де артық болатын, - дейді (Ханна аль-Фахури. История арабской литературы. Т. 1, 1959. Стр. 51-52). Көшпенділер арасында тіл өнерінің қадірлігі сондай, сөз зергерлерін халық қастерлеп, жоғары бағалаған, құрметтеген. Қазақ жыраулар поэзиясында елдің бірлігі, тұтастығы, тарихы мен мәдениетінің өркендеп дамуы айқын көрінеді.
Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулар поэзиясының басты көтерген тақырыптары, негізінен ата-қоныстары, отаншылдық, елтанушылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие, ұлттық дүниетаным, әсіресе қазақ халқының қасиетті ата-қоныс мекендері үнемі сөз арқауына алынады.
Қазақ хандығының пайда болуы мен қалыптасуында мемлекеттік құрылым болған Қазақ Ордасын басқарған хандар есімімен байланысты:
Керей - шамамен 1456 - 1473 жылдар.
Жәнібек - 1473 - 1480 жылдар
Бұрындық - 1480 - 1511 жылдар.
Қасым - 1511 - 1518 жылдар.
Мамаш - 1518 - 1523 жылдар.
Таһир - 1523 - 1533 жылдар.
Бұйдаш - 1533 - 1534 жылдар.
Қожа Мақмұт - 1534 - 1535 жылдар.
Тоғым - 1535 - 1537 жылдар.
Хақназар - 1538 - 1580 жылдар.
Шығай - 1580 - 1582 жылдар.
Тәуекел - 1582 - 1598 жылдар.
Есім - 1598 - 1628 (1645) жылдар.
Жәңгір (Салқам Жәңгір) - 1628 (1645) - 1632 (1680) жылдар.
Тәуке - 1680 - 1718 жылдар [8].
Қазақ жыраулар поэзиясының хандық дәуірдегі ел өмірінің көркем бейнесі болып табылатынын дәйектейтін сипаттардың бірі - жыр-толғаулардың кейіпкерлері мен қаһармандары. Жыраулардың негізгі қаһармандары - ел, ел билеген хандар және қол бастаған батырлар. Хандар мен батырлардың жыраулар поэзиясында маңызды орын иеленуі де замана тынысымен тікелей байланысты.
Жыраулар поэзиясының қазақ хандығы дәуірімен біртұтастығын дәйектей түсу үшін М.Мағауиннің мына дерек сөзін назарға аламыз: 1740 жылдардан бастап ежелгі Қазақ Ордасының үштен екі бөлігінде жүрген Абылай ғасырдың 60-жылдарында қазақтың үш жүзіне түгел иек артады. Көп ұзамай-ақ Абылай сонау Салқам Жәңгір, Әз Тәуке заманындағы ежелгі қазақ Ордасын қалпына келтіреді, сол кездегі тарихи құжаттардың айтуынша, 1771 жылы қазақтың үш жүзі - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары, барлық игі-жақсысы Түркістан қаласында, мұсылман әулиесі Хожа Ахметтің қасиетті күмбезінде ата жұртының ежелгі дәстүрі бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп, үш Алаштың ханы деп жариялайды. Содан 1781 жылғы мамырда дүние салғанға дейін Абылай қазақ Ордасының Ұлы ханы ретінде хүкім етіп, билік құрды [1].
Жыраулар поэзиясындағы жер-су атауларының ішінде Алтын Орда мемлекеті дәуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен қимастық сезіммен аталады. Атап айтқанда, Еділ, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс өзендері, Азау (Азов) теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары және т.б. мекендер жыр арқауына алынады. Мысалы, Асан Қайғының толғауларында жер-су атаулары, аумалы-төкпелі кезең суреттеледі.
Шоқан Уәлиханов көшпенділер философы атаған Асан қайғы өз заманының ұлы ойшылы, нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың ақылшысы, әділ биі болған. Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан Қайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналды. Асан өлең-толғауларында хандық үкіметті нығайту, елдің бірлігін, қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды.
Асан Қайғы қашанда ханға жағынбай, жағымпазданып-жарамсақтанбай, бетің бар, жүзің бар демеген, қаймықпай тура сөйлеген. Асанның толғауларында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz