Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
Әл-Муалим ас-Сани, яғни Екінші Ұстаз деген атпен танымал Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға ретінде фәлсафа тарихында үлкен орын алады.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Атақты Отырар кітапханасы орналасқан өңірдің түлегі білім баспалдағының алғашқы сатыларын осы өлкеде өткереді.
Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық.
Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы - дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушы Е.Э.Бертельс бұл туралы: "Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің "Категориялар", "Герменевтика", "Бірінші және екінші Аналитика", "Топика", "Риторика", "Софистика", "Поэтика" секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді "Екінші ұстаз" атандырды" деп жазады . (Осы орайда "Екінші ұстаз" атауы жөнінде қалыптасқан жоғарыдағы пікірден өзгеше өрбіген дінтанушы М.Бұлұтайдың: "Фарабидің "Екінші ұстаз" аталуын дәреже жағынан емес, тарихтағы кезеңі жағынан екіншілік деп түсінеміз" деген пікірін де ескере жүрген жөн секілді ).
Сан-сала ғылымның түп қазығын философия мен логикадан тарата зерттеуде Фараби Аристотель бағытын жалғастырды. Ғалымның өзіне дейін жасалған әдістеменің ізімен жүруі қалыпты құбылыс болатын. Шығу тегін өзі логикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімі салаларына арнап әл-Фараби "Өлең өнері туралы трактат", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат", "Риторика туралы трактат", "Аристотель "Риторикасына" түсіндірменің үлкен кітабы", т.б. еңбектер қалдырды. Сондай-ақ "Логика туралы трактат", "Ғылымдардың шығуы туралы трактат", "Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері", "Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат" секілді еңбектерінде де Фараби әдебиет пен поэзияға қатысты бірқатар тұдің әдебиет пен өлең өнеріне қатысты біршама пікірлері тұжырымдалған.
Фарабидің әдебиет әлеміне қатысты ғылыми еңбектері мен жеке шығармашылығы белгілі ғалымдар А.Машанов, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, Н.Төреқұлов зерттеулеріне арқау болды. Ә.Дербісәлиев, А.Көбесов, Б.Ғафуров, Н.Келімбетов, Т.Медетбаев еңбектерінде Фараби мұраларының әдеби қырына назар аударылды. Әл-Фарабидің "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты" мен бірнеше өлеңі А.Нысаналиннің аударуымен 1974 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрді. Дегенмен Фараби мүраларының басым бөлігі әзірге қазақ тілді оқырманның игілігіне айнала қойған жоқ. Бұл салада атқарылар қыруар іс келер күннің еншісіне қалып отыр.
Әл-Фарабидің "Ғылымдардың жіктелуі туралы трактатында" логика ғылымының сегізінші бөлімі ретінде поэтика аталады: "Логиканың бұл бөлімі поэзияны талдау қағидаларын, кең таралған поэтикалық пайымдаулар мен өнердің өзге де салаларында қолданылатын пайымдау түрлерін қамтиды. Сондай-ақ ол өлең өнерінің барлық заңдылықтарын бүге-шігесіне дейін сипаттайды, өлеңнің, поэтикалық пайымдаудың түрлерін, олардың ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, көркемдікке, шеберлікке, биік сапаға қол жеткізу әдістерін ашып көрсетеді" (аудармалар біздікі - А.Ә.) деп тұжырымдайды ғалым . Бұл жерде Фараби қолданған "поэтика" терминінің зерттеушілер айтып жүрген "Поэзия туралы ғылым" деген анықтамадан гөрі қазіргі әдебиеттануымызда қолданылатын көркем туындының болмыс-бітімін тұтастықта қарастыратын, жалпы алғанда "әдебиет теориясы" ұғымымен мазмұндас, жекелей алғанда әдебиеттану ғылымының бір саласы болып табылатын "поэтика" ұғымымен үйлесетінін аңғарамыз. Тағы бір назар аударатын жайт, Фараби өз еңбегінде поэтиканы логикадан таратып, поэтикалық пайымдаулар мәселесін бірінші кезекке қойғанымен, таза поэзия табиғатына тән ұғымдарды да ұмыт қалдырмай, тұтастықта қарастырған. Фараби трактаттарындағы эстетикалық идеяларды талдай отырып, осы ерекшелікке назар аударған зерттеуші Л.Исламова: "Әл-Фараби поэтикасы белгілі бір деңгейде логика ілімінің қалыптарымен шектелгенімен, ғалым өлең сөзді тыңдаушыға эмоциялық әсер беретін құрал ретінде де қарастырады" деп жазады .
"Поэтика" ұғымына катысты Фарабидің жоғарыда келтірілген тұжырымдамасы ғалымның осы салаға арналған трактаттарында жан-жақты қырынан ашылады. Бұл тақырыптағы трактаттардың ең көлемді әрі кең танымалы - "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат". Еңбектің кіріспесінде Фараби Аристотельдің "Өлең өнерінде" айтқан ойларын талдап, тұжырымдарын бекітуді, оны талапкерлерге таныстыруды мақсат еткенін айта келіп: "Алайда біз аталмыш өнерге қатысты мәселелерді бүге-шігесіне дейін талдап жатпаймыз, өйткені философтың өзі де поэтика тұрмақ, софистика жөніндегі тұжырымдарын аяқтаған жоқ. Себебі ол өзіне дейінгілерден ақиқатты айқындау жолында тірек етіп алуға тұрарлықтай ешбір негіздер мен заңдылықтарды таппаған. Таңғажайып талантты ұлы ойшылдың өзі аяқтамаған мәселелерді ақырына жеткіземін деп талпынғаннан гөрі өлең өнеріне қатысты тыңдаушыға пайдалы қазіргі қолданыстағы қағидаларды, пайымдаулар мен мысалдарды талдап, көрсетумен шектелгеніміз жөн болмақ" деп жазады .
Әл-Фарабидің трактаттағы "поэтикалық пайымдау" ұғымына сатылай көтерілу мәнері, ой қисыны оқырманын еріксіз елітіп әкетеді: "Сөздің мағынаны жеткізе алуы да, жеткізе алмауы да мүмкін. Мағыналы сөз жай немесе күрделі болады. Күрделі сөздерді "пайымдаулар" немесе "пайымдауға жатпайтындар" деп бөлуге болады. Пайымдаулардың кейі - айқын, кейі - бұлыңғыр. Айқын пайымдаулардың кейі - шынайы, кейі жалған болады. Жалған пайымдаулардың бір бөлігі қарастырылып отырған затты тыңдаушы санасында айқын бейнелесе, екінші бір бөлігі олардың ойында затқа еліктеу туғызады, осы соңғысы поэтикалық пайымдаулар болып табылады. Мұндай еліктеулердің кейбірі - кемел, кейі толыспаған болып келеді. Олардың толысу-толыспауының табиғатын зерттеп-зерделеу - ақындардың немесе түрлі тілдер мен диалектілердегі поэзияларды зерттеп, солар туралы еңбек жазып жүргендердің үлесіндегі дүние" .
Осы үзіндідегі әл-Фараби тұжырымдарының түйіні болып табылатын "тыңдаушы санасында затқа еліктеу тудыру" құбылысы қазіргі әдебиеттануымыздағы "образ" ұғымымен төркіндес екені күмән туғызбайды. Осы құбылысты жіті аңғарған зерттеуші Т.Медетбаев былай деп жазады: "Аристотель еліктеуді поэзия, мүсін, музыка, би сияқты өнер түрлерінің негізгі құралы ретінде қолданады. Әл-Фараби Аристотельдің өнер туралы ойларын дамыта келіп, еліктеуді образбен алмастырды. Ол образды екі мағынада қолданады: бірі көркем сөз, көркем тіл болса, екіншіден - ол адам, яғни кейіпкер деген ұғымды білдіреді. Кейде ол образды поэтикалық пайымдаулар деп те атайды" .
Поэтикалық пайымдаулардың (А.Нысаналин "ақындық түйіндеу" деп келтіреді) өлшем мен мазмұнға қарай жіктелетінін айта келіп, Фараби өлшем бойынша жіктеулерді музыканттың немесе просодистің үлесіне жататын тіл мен әуеннің тегіне қатысты дүние деп білсе, мазмұн жөніндегі ғылыми жіктеулерді символдарды түсіндіріп, поэзияны талдаушы, поэтикалық идеяларды, түрлі халықтар мен мектептерге тән поэзияны зерттеуші қауым өкілдерінің еншісінде қалдырады. Фараби көптеген халықтардың поэзиясында мазмұн мен өлшем арасына шек қойылмай, аралас қолданылатынын, бұл мәселеде қатаң қағиданы тек көне гректер ғана сақтағанын айтады. Әрине, Фараби бұл жерде поэзияның әрбір түріне белгілі бір өлшемді ғана қолданатын көне гректік өлең қағидаларын үздік үлгі ретінде ұсынғалы отырған жоқ. Өлшем мен мазмұнның қатаң қағидаларға бағындырыла бермеуі түрлі халықтардың дүниетанымындағы, көркем ойлауындағы, сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге байланысты екені айқын. Фараби тек қатаң сақталатын қалыбы бар, теориялық тұжырымға салуға икемді, ең бастысы, біршама зерттеулерге арқау болып үлгерген грек поэзиясын толымды талдауға лайық және танымдық мәні бар объекті ретінде алады. Сонымен Фараби жіктеуінде көне грек поэзиясы мынадай түрлерге бөлінеді:
Трагедия - арнаулы өлшемі бар, тыңдаушыға да, айтушыға да ләззат беретін өлең түрі. Трагедияда өзгелерге үлгі-сабақ боларлық жақсылы-жаманды істер сипатталады, билеушілер марапатталады. Музыканттар әдетте трагедияны әміршілердің алдында орындайды. Әмірші дүниеден өткен жағдайда трагедияға жоқтау сарыны бар өлеңдер қосылады.
Дифирамб - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар өлең түрі. Дифирамбта жекелеген адамдарға емес, жалпы адам баласына ортақ абзал мінездер, ізгі істер, сондай-ақ күллі адамзатқа қайырлы істер жасаған дара тұлғалар дәріптеледі.
Комедия - арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Комедияда келеңсіз, оғаш жайттар суреттеліп, адамдардың мінез-құлық, іс-әрекетіндегі ұнамсыз көріністер шенеледі. Жекелеген тұстарда кейбір адамдар бойындағы жануарларға тән жағымсыз, жиіркенішті мінездер баса көрсетіледі.
Ямб - бұл да арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Ямбта мақал-мәтелдер секілді жақсылы-жаманды істерді сипаттайтын нақыл сөздер келтіріледі. Бұл өлең түрі соғыстар мен дау-жанжалдар кезінде, ашу-ызалы сәттерде қолданылады.
Драма - алдыңғы түр тәрізді поэзия жанры. Ерекшелігі сол - мұнда белгілі бір адамдарға, жеке тұлғаларға арналған ой түйіндері, нақыл сөздер қолданылады.
Айнос - жоғары шеберлікпен жазылған, көркем де келісті пайымдауларды қамтитын өлең түрі.
Диаграмма - тәртіпке бағынбайтын, тезге салуға көнбейтін адамдардың жанын қандай жан түршігерлік азаптар күтіп тұрғанын сипаттайтын заң шығарушылар қолданатын өлең түрі.
Эпос және риторика - өткен дәуірлердегі саяси және құқықтық тәртіптер суреттелетін поззия жанрлары. Өлеңнің бұл түрлерінде сонымен қатар билеушілердің өмір-салты мен іс-әрекеттері, ел басқарған кезеңі мен сол тұстағы айтулы оқиғалар баяндалады.
Сатира - белгілі өлшемі бар, музыканттар ойлап тапқан өлең түрі. Олар өздерінің әндері арқылы аң кейпінде киінген адамдар мен әртүрлі жануарларды таң қалдырарлық, әдеттен тыс қимыл-қозғалыстар жасауға мәжбүр етеді.
Поэма - жақсылық пен жамандықты, дұрыстық пен бұрыстықты бейнелейтін өлең түрі. Мұндай өлеңдердің әрбір түрі өзі сипаттайтын үлгілі, жарқын немесе келеңсіз, айыпты жайттарға сәйкес келеді.
Амфигенезис - жаратылыстану ғылымдарын сипаттау мақсатында жаратылыстанушы-ғалымдар ойлап тапқан өлең түрі. Поэзия жанрларының ішінде өлең өнерінен алшақтау жатқаны - осы түр.
Акустика - шәкірттерді музыка өнеріне баулу үшін қолданылатын өлең түрі. Оның қолданылу шеңбері осымен шектеледі, ол басқа салаларда қолданылмайды .
Фарабидің көне грек поэзиясының түрлерін жіктеп, талдап, толығымен сипаттап көрсетуі поэзиядағы түрлердің, өлшемдердің, ұғымдардың тарихи даму барысында қандай өзгерістерге түскенін, қаншалықты жетіліп, сараланғанын, "поэзия" ұғымына қатысты көзқарастардың қай дәрежеде өзгергенін пайымдауға мүмкіндік береді. Автор грек поэзиясы түрлеріне жалаң талдау жасап қана қоймайды, оларға қатысты өз пікірін де білдіріп отырады. Мәселен ол амфигенезистің мазмұндық қалыбы поэзия табиғатына айтарлықтай сай келмейтінін орынды ескертеді. Көне гректер дәуірінде ғана емес, сөз өнерінің қыр-сырын терең меңгеріп, асау өнер - поэзияның бабын тауып, бағындыра білген ортағасырлық Шығыста да көптеген ғылыми еңбектер (мысалы, Ибн Синаның "Емшілік өнері жайлы трактаты") өлеңмен жазылды. Поэзияның мүмкіндіктерін жаңа бір қырынан тануға ықпалын тигізеді дегенімізбен, мұндайда өлең белгілі бір мақсатқа қызмет ететін құрал ретінде ғана қолданылып, өзінің басты қасиеті - көркемдігін әлсіретіп, немесе мүлде жойып алады. Ал Фараби ұғымында өлең еліктеу, яғни образ тудыра алса ғана - өлең, тудыра алмаса, өлең емес. Трактаттар контексіндегі "образ" ұғымының астарында кейіпкер бейнесі ғана емес, өлең өнеріне тән күллі көркемдік жатқаны айқын. Қазіргі әдебиет теориясы да образ ұғымына осы тектес анықтама береді. Сондай-ақ өлең өнерінің бітім-болмысы лиризмге, эмоцияға, экспрессияға бейім екендігін ескерсек ("Поэзия - эмоция, проза - сюжет"), Фарабидің амфигенезиске берген бағасы - оның поэзия табиғатын тап басып тани білгендігінің айқын айғағы деуге болады.
Фарабидің өзі ескерткендей, ол жоғарыда келтірілген грек поэзиясы түрлерін осы тұтас қалпында түпнұсқадан тауып, жалаң аударма жасап қана отырған жоқ. Зерттеушілердің анықтағанындай, "поэзия жанрларын бұлайша жіктеу Аристотель туындыларында кездеспейді" . Фараби бұл мәліметтерді "Аристотель, Темистий және басқа да философтар мен олардың еңбектеріне түсіндірме жазушылардың поэзия өнері жайлы пайымдау-пікірлерінен алғанын" айтады . Мұның өзі көне грек поэзиясын талдап-түсіндірмес бұрын оны саралап, жіктеуде, көзқарастарды тиянақтап, тұжырымдауда әл-Фарабидің қосқан үлесі елеулі екенін көрсетеді.
Сөз болып отырған трактатта Фараби ақындар жайына арнайы тоқталып, оларды үш топқа бөлуге болатынын айтады. Бірінші топтағылар - табиғи дарыны бар, өлеңді жазуға және нақышына келтіріп оқуға, сөз ойнатуға бейім ақындар. Олар өлең өнерінің қағидаларымен жете таныс болмағанымен, тамаша табиғи талантының арқасында айтқысы келген ойын шебер жеткізе білетіндер. Екінші топқа поэзия заңдылықтарымен жақсы таныс, көркемдік құралдарды шебер қолдана білетін, бейнелі сөздер ойлап табуға бейім ақындар жатады. Үшінші топ - еліктеушілер. Өздерінің сөз қолданыстарында алғашқы екі топқа еліктегенімен, олардың табиғи дарыны да, өлең қағидаларынан хабары да жоқ, сондықтан жиі қателік жіберіп алады.
Фарабидің ақындарға берген анықтамалары сөз зергерлеріне қатысты қазіргі пайымдаулармен толық сәйкес келеді. Ол мұндай жіктеу үлгісінің өзінен бұрынғы ойшылдарда да кездесетінін айтады. Әдетте Фараби трактаттарының тілі күрделі болып келгенімен, ақындарды сипаттаған тұста ол жазылып, ширай түседі, жатық әрі шешен тілге айналады. Мұның себебі талданып отырған құбылыстың белгілі бір әдебиет өкілдеріне ғана емес, барша халықтар әдебиетіне ортақ екендігінде болса керек.
Фараби ақындар шығармаларының ішкі жан сезімдерінен туындайтын табиғи шабытпен ғана емес, сыртқы себептердің салдарынан еріксіз, мәжбүрлі түрде де жазылуы мүмкін екендігіне назар аударады. Мұндай пайымдауларға сарай ақындарының поэзиясы жеке шығармашылық түр ретінде қалыптасып, жоғары дамыған (оған сұраныс та жоғары болған) ортағасырлық араб әдебиетінің ықпалы көбірек болған секілді. Бұл орайда автор атап көрсететін жанр түрлерінің (сатира мен мадақ) араб әдебиетінде терең тарихы бар. "Табиғатынан мадақ жазуға бейім ақынды сатираға немесе мүлде басқа бір жанрға қалам тартуға мәжбүр ететін жағдайлар болуы мүмкін. Немесе белгілі бір поэтикалық жанрды зерттеп-зерделеп, жетік меңгерген адамның өзі игермеген өзге жанрда қалам тартуға мәжбүр болуы ықтимал. Дегенмен ақынның табиғи дарынына сай ерікті түрде жазылған поэзия ғана нағыз поэзия бола алады" деп жазады ұлы ойшыл . Шығармашылық процесіндегі көп назар аударыла бермейтін нәзік тұстарға мән беріп, ақындардың (жалпы шығармашылық иелерінің деуге де болады) табиғатынан белгілі бір жанрға бейім болатынын атап көрсетуі - Фарабидің шығармашылық психологиясын терең түйсіне білгендігінің айғағы. Аталған құбылысқа казіргі әдеби талдауларда лайықты назар аударылмай келеді. Ал Фараби айтқан "нағыз поэзия еркіндікте ғана туады" деген тұжырым - қазіргі әлем әдебиетінің ұранына айналған ұғымдардың бірі.
Ақын шеберлігінің толысқан-толыспағандығының өлшемі етуге тұрарлық басты сипат ретінде Фараби өлеңдегі тақырып пен идеяның жеткізілу шеберлігін атайды. Парасатты зерттеуші Фараби идеяларды жақсы, жаман деп бөлмейді, керісінше оны қабылдаушы санасымен байланыстырып, идеялардың залалды, залалсыз болып өзгеріп тұруы адамның рухани сапалық деңгейінің жоғарылау-төмендеуіне тікелей байланысты деп біледі. Тақырып табиғатын ашатын ақын шеберлігі салыстырылатын заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастығы мен дәлдігі арқылы өлшенеді.
Теңеу сөздерге талдау жасағанда Фараби олардың көркемдік дәрежесіне қарай жіктелетінін айта келіп, өзара ұқсас заттар арқылы ғана емес, бір-біріне мүлде ұқсамайтын заттар мен құбылыстар арқылы да теңеулер жасалатынын, оларды әсерлі де иланымды ете білу ақынның шеберлігіне байланысты екенін атап көрсетеді. Фарабидің "теңеу" ұғымының аясында онымен табиғаты туыс бейнелеу құралдары - ауыстыру, шендестіру, сипаттама (эпитет), параллелизмдерге тән сипаттар қамтылғанын аңғару қиын емес.
Ғұламаның сергек санасы қалт жібермеген тағы бір құбылыс - ақындар мен суретшілер шығармашылығындағы өзара байланыстылық. Фараби олардың бейнелеу материалы түрліше болғанымен, шығармашылық мақсаты бір екендігін, поэзияның пайымдаулар (сөз) арқылы, ал живописьтің бояулар арқылы адамның сана-сезімінде еліктеулер (образ) тудыратынын пайымдайды. "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатын" аяқтай келе Фараби бұл қағидалардың ұсақ-түйегіне дейін үңіліп, таратып айтпау себебін өнердің белгілі бір түріне немесе аспектісіне ғана терең бойлап, соған маманданып, сонымен ғана шектеліп қалудан сақтануымен түсіндіреді.
Әл-Фарабидің поэтика мәселелерін талдаған екінші бір еңбегі - "Поэзия өнері туралы трактат". Еңбектің кіріспесінде араб өлеңінің құрылысына тән ұйқас пен ырғақ, өлшемдер, образдылық, үйлесімділік мәселесі сөз болады. Фараби сондай-ақ әуен (музыка) мен өлеңді бөле-жармай бірге қарайтын халықтар мәдениетіндегі қос құбылыстың табиғатына тоқтала келіп, "өлеңді әуенмен айтушылар әуеннің ырғағын бұзып алудан қалай сақтанса, өлең өлшеміне нұқсан келтіруден де солай сақ болуы қажет" деген тұжырым жасайды . Тек бұл трактатта ғана емес, музыка мәселелерін талдаған еңбектерінде де Фараби өлең мен әуеннің байланысына үнемі мән беріп отырады. "Әуен өлеңмен үйлескенде әлдеқайда әсерлі естіледі, мұндайда (өлең) сөз де мәнерлірек бола түседі" деп жазады ол . Әуеннің поэзияның белгілі бір түріне бейімделетіні, қолданылатын тілдің синтаксистік құрылымына тәуелді болатыны, диалектикамен байланысты қос құбылыс - поэтика мен риториканың заңдылықтарына әуеннің де бағынатыны жайындағы ғалым тұжырымдары синкретті фольклор жанры басты роль атқарған, әуен мен өлеңнің ара-жігі ажырап болмаған ортағасырлық мәдениеттің болмыс-бітімімен тығыз байланыста туындаған.
Фараби ұғымында өлеңге қойылатын басты екі талап - өлшем және еліктеу (образдылық). Екеуінің бірі кем болса, өлең өлең болудан қалады. Бірі артық болса да солай. Осы соңғы құбылысты да ғалым сарабдал сана елегінен өткізген: сөз мағынасына лайықты пішін қолданбай, образдылықты шектен тыс көп пайдаланған шешендердің риторикадан поэтикаға, ал шешендік сөздерді көптеп қолданған ақындардың поэтикадан риторикаға ауытқитынын ғалым айқын мысалдармен дәлелдейді. Еліктеу (образ) тудырудың іспен және сөзбен орындалатын екі түрі барын айта келіп, Фараби соңғысын екіге бөледі: 1.Заттардың өзі арқылы елестету. 2.Заттарды өзге бір зат арқылы елестету. Алғашқы елестету түрі ғылыми анықтамаларға тән болса, екіншісі ғылыми дәлелдемелерге тән . Келтірілген тұжырымды дәлелдеуде Фараби елестету мен еліктеу тудыру нәтижесінде туындайтын көптеген психологиялық құбылыстарды талдап көрсетіп, әдебиеттегі образ жасау әрекетінің табиғаты мен мән-мазмұнын ашып береді. Трактаттың поэзия өнеріне арналғандығына қарамастан ғалым тұжырымдары мен дәлелдемелерінде түрлі ғылыми салалардан алынған мысалдар көптеп кездеседі. Табиғаты бөлек болғанымен қарастырылып отырған құбылыспен жымдаса бірігіп, белгісіз қырларын танытуға қызмет ететін мұндай мысалдардың көптігі ғылым мен өнер салалары толық жіктеліп, сараланып, дербестік алып үлгермеген дәуір ғылымына тән ерекшелікті ғана емес, энциклопедист-ғалым Фарабидің кең ауқымды біліктілік деңгейін де танытады. Сондай-ақ мұнда дүние құбылыстарын бөліп-жармай тұтастықта қабылдайтын, тұтастықтан таратып, сол тұтастық аясына қайта жинақтайтын, заманалар бойы қалпын бұзбай келе жатқан Шығыстық дүниетаным көрінісі де жоқ емес.
"Ғылымдардың жіктелуі туралы трактатында" Фараби поэтиканың қарастыратын мәселелерін үшке бөліп көрсетеді: бірінші бөлім қарапайым және күрделі өлең өлшемдерін, буын мен бунақтың дыбыстық құрылымын, толымды және толымсыз өлшемдерді, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастырса, екінші бөлім әрбір өлшемге тән ұйқас түрлерін, ұйқас құрамындағы дыбыс сандарының өзгеру ерекшеліктерін, толымды, толымсыз, моноримдік ұйқастар мәселесін қамтиды. Ал үшінші бөлім поэзияда ғана қолданып, прозада қолдануға болмайтын сөздерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz