Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

«Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру»

6 М010300 - «Педагогика және психология»

Педагогика және психология ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Жезқазған - 2010

Мазмұны

Кіріспе . . . . 4

І Тарау Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде . . . 9

1. 2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері . . . 25

1. 3. Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру моделі . . . 53

ІІ Тарау Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары

2. 1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі . . . 63

2. 2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс . . . 81

Қорытынды . . . 90

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 92

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді ара-қатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.

Ел Президенті «Қазақстан-2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп, « . . . экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», -деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық [1] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында « . . . білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз [2] .

Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері - өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері бар. Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Өскелең ұрпақтың мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процесс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Қазақ халқының біртуар данышпандары А. Құнанбаев [3], Ы. Алтынсарин [4], Ш. Уалиханов [5], Ш. Құдайбердиев [6], А. Байтұрсынов [7] еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.

Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ. Ж. Аганина[8], Б. Р. Айтмамбетова [9], А. А. Бейсенбаева [10], Р. М. Қоянбаев [11], К. Қ. Құнантаева [12], Ж. Ы. Намазбаева [13], И. Н. Нұғыманов [14], Ш. Т. Таубаева [15], Э. И. Шыныбекова [16], т. б. еңбектеріне арқау болды.

Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ. Бөлеев [17], Р. Қ. Дүйсембінова [18], С. Қалиев [19], К. Ж. Қожахметова [20], Ж. Ж. Наурызбай [21], Ә. Табылдиев [22], С. А. Ұзақбаева [23], қолданбалы салалары Р. М. Айтжанова [24], С. Қ. Әбілдина [25], Ш. М. Мұхтарова [26], Қ. А. Сарбасова [27], т. б ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.

1970-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушылардың биоэкологиялық білім игеруге бағытталады (Я. И. Габаев [28], С. Д. Дерябо [29], Т. В. Кучер [30], В. Г. Иоганзен [31], Э. А. Тұрдықұлов [32] т. б. )

Адамның қоршаған ортамен байланысы А. Н. Захлебныйдың [33], И. Д. Зверевтің [34], И. Т. Суравегинаның [35] және т. б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М. Верзилин [36] т. б. дәлелденген.

Экологиялық білім мәселесін мәдениеттану ғылымы тұрғысынан Э. В. Гирусов [37], Ж. Тлепов [38] және т. б. ғалымдар зерттеген.

Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б. Т. Лихачев [39], Д. А. Урсул [40], және т. б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары, Г. А. Иванов [41], И. П. Сафронов [42] және т. б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғы шарттары Г. Сәбденәлиева [43], Ф. Н. Жұмабекова [44], А. Е. Манкеш [45], А. Есгенисова [46] еңбектерінде қарастырылған.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (И. К. Исламова), оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш. М. Абеуова), ауызекі шығармашылық арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру (Ж. Р. Жексембаева) т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылай түсті.

Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау, педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға болады.

Зерттеудің мақсаты: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.

Зерттеудің нысаны: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары экологиялық бағытта пайдаланылса, онда оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл жағдайда игерілген экологиялық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.

Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, туған жерінің табиғатына аялы көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуге негіз болады.

Зерттеу міндеттері:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау:
  • оқушылардың экологиялық мәдениетін өлкетану жұмыстары арқылы қалыптастырудың моделін құрастыру:
  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін құрастыру;

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: Адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, экологиялық білім беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар.

Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу, шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық модельдеу.

Зерттеу көздері: педагогика, философия ғылымдары классиктерінің

еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т. б) жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.

Екінші кезеңде өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, арнайы жұмыстар жүргізілді.

Үшінші кезеңде тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды, ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне пайдаланылды: «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жазғы өлкетану экспедициясының бағдарламасы; «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық - мәдени апталықтар бағдарламасы мен өткізу-іс-шаралары; «Табиғатым-тағдырым» атты экологиялық олимпиада бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы

оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері;

  • педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын

өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы

оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері;

Зерттеу базасы: Жезқазған қаласының №6 Кәсіби лицейі

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында пайдаланылған әдіс-тәсілдердің дұрыстығымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.

Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны Халықаралық ІХ және Х Байқоңыров оқулары материалдарының жинағында жарық көрді.

Магистрлік диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздерінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі анықталады, зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті, зерттеудің нысаны, пәні сипатталады.

Диссертацияның әдіснамалық негізі, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар қарастырылады.

«Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деген бірінші тарауда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасалып, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы орны мен ерекшіліктерінің маңызы айқындалады, мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынады.

«Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары» атты тарау аясында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі айқындалады, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1. Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері

  1. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен табиғат дамуларының бір-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында жатыр. Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш күштері дамыған сайын адамның табиғатқа «үстемдігі» арта түседі, ал екіншіден, бұл екеуінің арасында үйлесімділік туып, барған сайын шиеленісе береді. Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де, егер адам табиғат құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет етсе, онда ол сонымен іштей байланысты басқа жақтарының «тынышын бұзуы» мүмкін.

Сондықтан, табиғат қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына келтіріп отыру, оларды тиімді пайдалану, ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы мен абыройлы міндеті болып саналады.

«Теңіздің тұнық болуы - бұлақтардан» дегендей табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін балалардың, жасөспірімдердің санасына салып, экологиялық мәдениетін, тәрбиені бесіктен бастау керектігі бүгінгі күннің өмір талабы.

Қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы ортаның зиянды қалдықтарымен, тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған мемелекеттік заңдар, қаулылар, құқық қорғау ұйымдарының ережелері мен нұсқаулары, нормативтік актілер жиынтығы, халықаралық және мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар кіреді.

БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода (1992) қоршаған орта және даму туралы Конференциясының және Орхусс конвенциясының (1998) шешімдері, Қазақстан Республикасының (1995) Конституциясы [47], Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы [1], Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы [48], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы [2], Қазақстан Республикасының (2003) экологиялық білім беру тұжырымдамасы [49] . Аталған мемлекеттік ресми құжаттардың қарастыратын ортақ мәселесі болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Экология өрісіндегі алғашқы Халықаралық ғылыми бағдарлама - Халықаралық биологиялық бағдарлама 60-жылдарда пайда болып жүзеге асырылды. Ол адамзаттың білім беру жүйесіндегі оқу процесінде экологиялық тәрбие элементтерін белсенді ендіруге бағытталып, адамзаттың жан-жақты дамуына ықпал етті. Ол адамзаттың ғылыми, қоғамдық қауіптің таяу арада қалпына келмейтін ресурстарды тұтынумен мүмкін болатын шектеулердің жойылуына жақындап келе жатқанын ұғынуына байланысты, барлық білім берудің оқу процесінде экологиялық тәрбие элементтерін енгізуді жөн көрді. Экологиялық жай-күйдің ғаламдық, аймақтық және жергілікті қырларын бір-бірімен ашып көрсету үйренушінің сезімін, сондай-ақ парасатын қозғалысқа келтіруге, ғылыми ой қорытып, нақты әрекет жасауға, қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беретін ол жеке тұлға мәдениеті.

Жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу мәселесі терең және ғылыми дәлелденуі мақсатында басты түсініктерінің анықтамасын беруді қажет етеді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы да ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жалпы білім беретін мектептің экологиялық білім беруге байланысты іс-әрекет бағдарламасы мен тұжырымдамасында анықталған болатын.

Экологиялық білім беру деп жеке адамның ғылыми білімдер жүйесімен практикалық іскерлігін, өзін-өзі ұстау, қызмет істеуге байланысты бағдар алатын игіліктерін қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапкершілікті қалыптастыратын, үздіксіз білім беру, тәрбие беру, дамытудың үздіксіз процесі деп көрсетілген.

Ал Қазақстан Республикасының Білім беру заңында «Экологиялық тәрбие алған экологиялық білімдер негізінде қоршаған ортаға ұқыпты қарауы мен табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану»-деп анықтама берілген [2] . Ал, бұл болса, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып, олардың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялату болап табылады.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілігін қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету. Аталмыш негізгі ресми құжаттардағы экологиялық білім беру туралы мәселелер назардан тыс қалмағаны байқалғанымен, ол бір, екі адамның атқаратын ісі емес екені, бұл бүкіл дүниежүзілік ғаламдық мақсат, міндеттерді бірігіп атқаруды көздейді. Экологиялық білім беру және тәрбие беру тұжырымдамасының қажеттігі бұған дейінгі аралықта Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін көптеген пікірталастардағы өзекті мәселелердің бірі болып жүргені белгілі. Атап айтатын болсақ:

Ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты адам мен табиғат туралы дамудың тенденциялары барлық ғылыми деректерді жеке дара зерттеп аша алмайтындықтан басқа ғылымдардың теориялық қағидаларына сүйенеді. Осыған орай педагогика ғылымы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін зерттеуде экология, мәдениеттану ғылымдарының негізгі ұғымдары мен түсініктеріне жүгінеді. Ең алғаш «Экология» деген сөзді ғылымға бірінші болып енгізген (1866) белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс биологы ғалымы Э. Геккель. Ол да ғылымға көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты. Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен және логос - ғылым деген сөзінен шыққан. Тұрақ - мекен туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасының байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым [50] .

Ал, қазақ кеңес энциклопедия сөздігінде мынадай анықтама беріледі: «Экология өсімдіктер мен жан - жануар организмдерінің қарым - қатынасы мен олардың құрылу қоғамдастығының өзара және қоршаған ортамен байланысы [51] . Экология-биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экология ғылымының қалыптасуын Ә. Бейсенова, А. Сасакова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаевтың еңбектерінде негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болатынын айтады. Олар:

Бірінші кезең, биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Екінші кезең, экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдарын қамтиды. Үшінші кезең, экология ғылымының өрлеу кезеңі [50] .

Қоршаған ортаның қандай дәрежеде сақталуы, сол ортада өмір сүрген адамзаттың да бет-бейнесін ашып отырады. Жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап «Табиғатты қорғау шаралары», одан кейін 70 -жылдардың соңы мен 80 - жылдарда «экологиялық білім мен тәрбие беру» ұғымына ауысты. Қазіргі уақытта «экология» сөзінің мәні мен биологиялық сипатта ғана қалып қоймай, бұл ұғымның биологиялық жағы адам өмірінің физиологиялық, экологиялық және технологиялық, педагогикалық аспектілерін бірлікте қарастырғанда кең мазмұнға ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz