: Философиядағы адам және қоғам мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тапсырма: Философиядағы адам және қоғам мәселесі.

Орындаған: Салжан М. Қ

Қабылдаған: Пернекулова М. М

  • Адам мәселесі

Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы - алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ.

Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды. Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Оның пікірінше, адам - ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті - азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моралдық доктринасы адамның жандүниеснің сырын ашуға негізделген.

Фома Аквинский: «Адам - дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі. Адам денесі - құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы», - дейді.
Орта ғасырдағы шығыс философы әл-Фараби: «бақыт- әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты», - деген.

Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді. Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз - адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екіжақты қарады.
Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес», - деді

  • Қоғам мәселесі

Қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан-алуан байланыстар мен қарым - қатынастардың жиынтығын айтамыз. Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория-қоғамдық болмыс және қоғамдық сана.
Қоғамдық болмыс-әлеуметтік болмыспен бірдей. Әлеуметтік болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы, яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынастар жиынтығы: өндіруші, таптық, ұлттық, жанұялық, саяси және т. б.

Қоғамдық сана-қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің, тілегінің, идеалдары мен принциптерінің, теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа абсолютті түрде тәуелді болады. Қоғамдық сана белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерде болса, қоғамдық болмыс жалпы ерекшеліктерді береді. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай:

саяси сана-әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары;

құқықтық сана-қарапайым, күнделікті көзқарастардың, психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен құқықтың рөлі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі;

моральдық сана-қоғамда қалыптасқан баға, идеал, теория, жақысылық пен зұлымдық, әділеттілік сияқты теорияларды береді;

діни сана-құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың сезімі мен догмалық теориялары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық антропологияның қайнар көзі және болашағы
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА ЖӘНЕ ДЕНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Философиядағы болмыс мәселесі
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
Философия сана мәселесі
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz