Тәуелсіздік толғауы атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды медициналық университеті

Орындаған: Маханбет А. С.

ОМ 1-001 топ

Тексерген: Алиева Г. Г.

-«Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы.

«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайқыты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады», - дей келе сол толғауын да жариялады.

«Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады», - деп толғайды Елбасы. Елбасы Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі екенін, Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі екенін де атап өтті.

Елбасымыз «Тәуелсіздік толғауында» айтқан сөздері халқымыздың жан-жүрегін толғап өтті. Қазіргі Қазақ елінің сыртқы және ішкі саясаты ешкімге тәуелді болмай, еркіндігі, бүкіл әлемге танылуының бәрі ынтымақтастық пен тұрақтылықтың арқасында деп білемін. «Тәуелсіздік толғауы» нағыз жаңашыл идеялардың тоғысы. Артта қалған ауыр жылдар мен жасампаз жеңістерге берген бүгінгі күннің бағасы секілді. Бұл толғаумен қоса «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол» бағдарламалары қазақ халқын одан әрі дамуына деген жетелі жол болды. Әлемді жайлаған дағдарыс тұсында Елбасы уақыт тамырын дөп басып қазақ халқы үшін тарихи маңызды шешім қабылдады. Ол- «Мәңгілік ел» болу мұраты. Елбасымыздың бұл толғауы келешек ұрпаққа яғни мына бізге жүктелген аманат. Президентіміздің айтқан ел бірлігі мен татулықты ту еткен сөздері қазақ халқына ой салып, отандастарымыздың рухын көтерді. Ия, Елбасымыз айтқандай « Тәуелсіздік толғауы» мына біздің жадымызда әрдайым жаңғырып, тәуелсіз рухы биік әрбір қазақ азаматының жүрегінде тербелуі керек. Елбасымыз айтқан әрбір маңызды сөзін есте сақтап мәңгілік еліміздің мәртебесін әрдайым биік етуге тырысайық. Еліміздің азатық рухы асқан болсын, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін, Қазақстанымыздың жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын!

2. Тұңғыш Президенттің әлемдік өркениеттердің серіктестігі жөніндегі ойлары жинақталған еңбектеріне кесте құрып, талдаңыз:

Еңбектің атауы
Қашан?
Не туралы?
Еңбектің атауы: «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»
Қашан?: Халыққа 1992 жылы жарияланған кітап.
Не туралы?: Бұл кітапта бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы, саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдайтындығы жайлы жазылған.
Еңбектің атауы: «Тарих толқынында»
Қашан?: Елбасымыздың бұл кітабы 1999 жылы «Атамұра» баспасында басылып шыққан.
Не туралы?: Бұл кітапта : «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді», - дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін атап көрсеткен. Елбасымыз өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.
Еңбектің атауы: «Ғасырлар тоғысында»
Қашан?: 1996 жылы жарық көрген еңбек.
Не туралы?: Бұл кітаптың мақсаты - расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз - кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу болатын.
Еңбектің атауы: «Әлем эпицентрі»
Қашан?:
Не туралы?: Бұл еңбекте :ядролық қаруды жою жөніндегі жұмысты күшейте алатын білім мен ресурстарға ие болу керектігі жайлы, ядролық әлеуетін бөлшектеу және таратпау режимінің негізгі проблемаларына шолужасап, Семей облысы тұрғындарының қайғы-қасіреті және антиядролық қозғалыс белсендісі туралы, Қазақстан халқының ядролық сынақтарды тоқтату жолындағы күресі, қазіргі заман мәселелерінің ұлттық қауіпсіздік пен территориялық тұтастық мәселесіне әсері туралы жаззылған.
Еңбектің атауы: «Сындарлы он жыл»
Қашан?: Елбасының бұл кітабы 2003 жылы «Атамұра» баспасында басылып шыққан.
Не туралы?: Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл кітабында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға туралы
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қалған ұлттар диаспора
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы жайында сұрақтар
Мәңгілік Ел - қазақ елінің жалпыұлттық идеялары
Халық - ел бірлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz