Қазақстандағы көпұлтты әдебиеттің дамуы және Хрущев кезеңі мен 1965 жылғы экономикалық реформалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абдугаппарова Гулназ ЖМҚА 104

1 Қазақ әдебиеті.

19 ғ-дың 2-жартысынан бастап саяси оқиғаларға байланысты қазақ жеріне келген өзге ұлт өкілдері тұрақтап қалды. Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ еліндегі, мәдени шараларға белсене қатысып, өздерін этник. ретінде көрсетті. Әсіресе, Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет пен мәдениет өкілдері де болды. Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933 жылдан орыс әдебиеті секциясы жұмыс істей бастады. И. Шуховтың “Қасірет белдеуі” (1931; қазақ тілінде 1972; ауд. О. Оспанов), “Өшпенділік” (алғашқы ред. 1932; қазақ тілінде 1935; ауд. X. Есенжанов) сияқты романдары сол кездегі кеңес әдебиетінің роман жанрындағы елеулі шығармалары болып саналды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары А. Бектің “Волоколам тас жолы” повесінде (1943) Б. Момышұлының, И. Панфиловтың, т. б-дың ерлік бейнелері жасалды. Соғыстан кейін Шуховтың “Күн келбеті” (1950), В. Ванюшиннің “Тірек нүктесі” (1952) повестері жарияланды. Бұлар Қазақстандағы орыс жазушыларының тақырыптық ауқымын кеңейтті. Н. Анов “Ән қанатында” романында (1959) 20 жылдардағы Қазақстанның әлеум. -тарихи жағдайын суреттеді. Онда ұлттық өнердің қалыптасуы мен дамуы көрсетіліп, дарынды адамдардың (И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, Қ. Мұңайтпасов, А. В. Затаевич, т. б. ) . бейнелері жасалды. И. Щеголихиннің “Қарлы бұрқасын” романы (1961), Г. Черноголовинаның “Жаңбырсыз маусым” повесі мен “Тәуекел аймағы” романы (1981), т. б. шығармалар жазылды. Г. Свиридовтың “Жанкешті сапар” романында (1976) Ә. Жангелдин басқарған отрядтың шөл дала арқылы өткен ерлік жорығы баяндалады. Жангелдиннің бейнесі М. Симашконың “Комиссар Жангелдин” романында айқынырақ әрі жан-жақты жасалды, Дм. Снегин “Таңертең және талтүс” дилогиясында (1976, 1982) тарихи тақырып ауқымын кеңейтіп, тарихи тұлғалардың бейнелерін сомдады, олардың ішінде О. Жандосовтың бейнесі ерекше орын алады. Симашконың Ы. Алтынсарин туралы “Қоңырау” (1982), орыс халқының тарихы туралы “Семирамида” (1968) романдарын, Ф. Достоевский туралы П. Косенконың “Өмір үшін өлім” деректі повестер топтамасын (1986) оқушылар жылы қабылдады. Снегиннің І. Жансүгіров, И. Эренбург, А. Твардовский, Вс. Иванов туралы “Қауышқан құшақ” әдеби естеліктері (1988) жарияланды. Поэзия саласында В. Антонов, А. Елков, Д. Рябуха, Л. Скалковский, Ф. Моргун, В. Смирнов, М. Чистяков сияқты ақындардың жаңа толқыны келіп қосылды. Республикада тұратын көптеген орыс жазушылары қазақ қаламгерлерінің шығармаларын орыс тіліне аударды. 1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей әдебиеті секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгі ұлттық әдебиет туындыларын бүгінгі заман дәстүрімен шебер ұштастырды. Олардың көрнекті өкілдерінің бірі - жазушы, ақын Ким Дюн (1900 - 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә. Молдағұловаға арналған “Әлия” атты поэмасы (1969 ж. корей тілінде), корей патриоттарының күресін бейнелеуге арналған “Жүз елу мың вонның ісі” романы жарық көрді. 1937 жылдан бері респ. корей театрында корей драматургтерінің жүзден астам пьесалары қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ жазушылары М. Әуезовтің “Қарагөз” және “Қобыланды”, Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, О. Бодықовтың, Қ. Мұхамеджановтың, т. б. пьесалары корей тілінде қойылды. Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары “Корей өлеңдері” (1958), “Дала қызғалдағы” (1973), “Сырдария әуендері” (1975), “Күнбағыстар” (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты. Сондай-ақ, Ким Дюннің жыр кітаптары, Ен Сенненнің шығармалары, корей жазушыларының “Шаттық Отаны” (1988), “Гүлден, дала” (1988), Хан Диннің пьесалар жинақтары (1988) корей тілінде жарық көрді. Қазақстандағы неміс ақын-жазушылары да елеулі еңбек етті. “Фройндшафт” (1966 ж) газетінің шығуы, “Қазақстан” баспасында (Алматы) неміс әдебиеті редакциясының құрылуы (1967 ж), Алматыдан неміс тілінде радио хабар таратылуы (1958 ж. ), сондай-ақ, Қарағандыда неміс тілінде телевизиялық хабардың әуе толқынына шығуы, Теміртау қ-нда неміс театрының ашылуы (1980) - осылардың бәрі Қазақстандағы неміс ұлты өкілдеріне жасалған қамқорлық болды. 50 - 60 жылдары Қазақстандағы неміс жазушыларының шығармаларында поэзия жанры ерекше өркендеді. Р. Жакмьеннің, К. Вельцтің, И. Варкентиннің, Н. Ваккердің, Г. Генкенің, Д. Левеннің, Р. Франктің, Э. Ульмердің, Р. Лейстің, Н. Ваккердің, О. Пладерстің, т. б. жыр жинақтары, А. Реймгеннің, В. Клейннің, Д. Гольманның, А. Дебольскийдің, Г. Бельгердің, К. Эрлихтің, Г. Гольманның прозалық кітаптары жарық көрді. Қазақстанда ұйғыр тілінде алғашқы газеттер, журналдар, альманахтар шықты, ұйғыр ақын-жазушыларының шығармалары жарық көре бастады. 1932 ж. Қазақстан Жазушылар одағы жанынан ұйғыр секциясы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде И. Саттировтың, И. Искандеровтың поэзиясы ерекше көзге түсті, драматургтер Ж. Асимов пен А. Садировтың, К. Хасановтың пьесалары қойылды. Проза жанры жетекші орын алды. X. Абдуллиннің З. Сәмәдидің, Ж. Босақовтың, Т. Тоқтамовтың, М. Зұлпықаровтың, А. Ашировтың, Н. Баратовтың, П. Сәбитованың) повестер жинақтары жарық көрді. И. Бахтияның, М. Хамраевтың, И. Бахниязовтың, Р. Кадыридің, А. Ғаниевтің, М. Абдурахмановтың өлең-поэмалары жарық көрді. А. Құнанбаевтың “Өлеңдері” (1987), С. Мұқановтың “Балуан Шолақ” (1987, ауд. Қ. Тоқтамов) . Ғ. Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне” (1987, ауд. З. Сәмәди) шығармалары ұйғыр тілінде жарияланды. Республиканың тәуелсіздігімен бірге Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің әдебиеті даму үстінде. Көрнекті ақын-жазушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, Дм. Снегинге, Г. Бельгерге, М. Симашкоға ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығы берілді.

2 Хрущевтың реформасы және оның Қазақстанға әсері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тоқырау дәуірі 1965-1985: экономикалық реформалар мен әлеуметтік-саяси салдары
1950-1960 жылдардағы Қазақстан: десталинизация, Хрущев дәуірі және экономикалық реформалар
1960-1970 жж. Қазақстанның экономикалық дамуы және 1965 жылғы шаруашылық реформалары
Қазақстан: 1965-1991 жж. Тың игеру, экономикалық реформалар және саяси дағдарыс
Н.С. Хрущев кезеңіндегі Қазақстан: соғыстан кейінгі қалпына келу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы және саяси реформалар
1960-1970 жж. Қазақстанындағы партиялық басқарудың өзгерістері, 1965 жылғы экономикалық реформаның аяқталмауы және идеологиялық тоқырау
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңі: тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік реформалар
1945-1965 жылдардағы Қазақстанның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
1965 жылғы экономикалық реформаның аяқталмауы және ғылыми-техникалық прогрестің Қазақстан өнеркәсібіне әсері
1960-1985 жылдардағы Қазақстан: ғылыми-техникалық прогресс, 1965 жылғы экономикалық реформалардың нәтижелері және экологиялық-әлеуметтік проблемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz