Қазақстандағы жоғарғы мектеп дамуы және қалыптасуының негізгі кезеңдері



1. Кіріспе

1. 1. Қазақстандағы жоғарғы мектеп жүйесіне жалпы сипаттама

2. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстандағы жоғарғы мектептің дамуы.
2. 2. Жоғарғы мектеп қалыптасуының негізгі кезеңдері
2. 3. Жоғарғы мектеп қалыптасуының бүгінгі күнгі көрінісі.
3. Қорытынды

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Реферат

тақырыбы:

Қазақстандағы жоғарғы мектеп дамуы
және қалыптасуының негізгі кезеңдері

Жезқазған - 2008

Мақсаты: Қазақстандағы жоғарғы мектеп жүйесіне сипаттама бере отырып,
оның негізгі қалыптасу кезеңдеріне тоқталып өту. Бүгінгі күнгі
Қазақстандағы жоғарғы мектеп дамуына сараптама жасау.

Міндеттері:

1. Қазақстандағы жоғарғы мектеп жүйесін заңнамалық негізде
қарастыру;
2. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бергі жоғарғы
мектеп қалыптасуының негізгі кезеңдерін талдау;
3. Қазіргі қоғамдағы жоғарғы мектеп жүйесі.

Жоспары:

1. Кіріспе

1. 1. Қазақстандағы жоғарғы мектеп жүйесіне жалпы сипаттама

2. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстандағы жоғарғы мектептің дамуы.
2. 2. Жоғарғы мектеп қалыптасуының негізгі кезеңдері
2. 3. Жоғарғы мектеп қалыптасуының бүгінгі күнгі көрінісі.
3. Қорытынды

Қазақстандағы жоғарғы мектеп дамуы және
қалыптасуының негізгі кезеңдері

1. Кіріспе

1. 1. Қазақстандағы жоғарғы мектеп жүйесіне жалпы сипаттама

1991 жылдан бастап Қазақстанның жоғарғы мектеп жүйесі даму мен құқықтық
жүйелеуден өтті. 1993 ж. бастап білім берудің барлық деңгейінде қайта
қарастыру жүргізілді, Білім туралы Заң (1999 ж.) , мемлекеттік
бағдарлама, 2010 ж. дейінгі ҚР білім берудің даму стратегиясы қабылданды.
2003-2004 оқу жылында елде 180 ЖОО болды, оның ішінде 46 мемлекеттік және
134 жеке меншік.
Соңғы 5 жылда ЖОО – на қабылдау орташа есеппен 16 пайызға өсті, оның
ішінде жеке меншік ЖОО – на 28 пайыз. Жеке меншік ЖОО көп танымал болып
келеді.
Жоғарғы білімнің қол жетерлігі және оның сапасы – елдегі қоғамдық
дебаттардың негізгі тақырыбына айналуда. Мектеп түлектерінің жоғарғы білім
алуға деген мүмкіншіліктері аз, яғни ауыл мектептеріндегі жеткіліксіз
дайындық, кедейшілік, жұмыссыздық нәтижесінде. ЖОО бітірген түлектер өз
мамандықтары бойынша жұмыс таба алмайды.
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстандағы жоғарғы мектептің дамуы.
1991 ж. алынған егемендік Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамға енуді
міндет етіп қойды. Яғни, отандық білім беру жүйесі халықаралық білім беру
кеңістігіне енуді көздеді. Сол себепті білім беру жүйесіндегі мемлекеттік
саясат, қойылған міндетке сай білім беруді қаржыландыру мен басқару жүйесі,
құқықтық базаны қайта құру бағытында. Сапалы жоғарғы білім беру егеменді
мемлекеттің негізгі элементі, оның шынайы саяси және экрнрмикалық
тәуелсіздігі болып табылады.
Жоғарғы кәсіптік білім берудің дамуы қоғамның дамуымен және төмендегі
әлеуметтік – экономикалық заңдылықтармен байланысты:
• қоғамның нарықтық экономикаға ауысуы, соның нәтижесінде өндіруші
күш және өндірістік қатынастардың сипаты, өндіріс субъектісінің
әлеуметтік статусы өзгерді;
• ғылыми өндірістің өсуі, оны тиімді ұйымдастыру үшін негізінен
жоғары кәсіби білімді мамандар қажет болды;
• соңғы бес жылда ғылыми және техникалық ақпараттың екі есе өсуі және
ақпараттың әр үш жылда жаңартылуы көзделіп отыр;
• технологияның тез алмасуы білікті мамандаар деңгейінйң төмендігін
байқатты;
• бүгінгі күн ақпараттық-байланыс технологиялардың белсенді
қолданылуы.
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық реформалар нәтижесінде, оның
ішінде жоғарғы білім беруде, соңғы жылдары оң өзгерістер байқалуда:
• жоғарғы білім берудің демократиялануы мен басқарудың орталықтануы;
• жоғарғы оқу орындары құрылымы мен жүйесінің өзгеруі;
• жаңа заң шығарушы және нормативтік құқықтық базаның жасалуы;
• жаңа жоғарғы білім беру мемлекеттік стандарттарының енгізілуі;
• мемлекеттік бюджеттен тыс оқитын студенттер санының өсуі.
2. 2. Жоғарғы мектеп қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бергі жоғарғы білім беру жүйесінің
қалыптасу кезеңдерін төмендегідей бөлуге болады:
Бірінші кезең (1991-1994 ж. ж.). Жоғарғы білім берудің заңдық және
құқықтық базасының қалыптасу кезеңі.
Бұл кезеңнің негізгі міндеттері жоғарғы оқу орындарының жүйесін құру және
жоғарғы оқу орындарының мамандарын жаңарту, яғни ол аймақ және облыс,
нарықтық экономика қажеттілігін, маман даярлаудағы республика тәуелсіздігін
қамтамасыз ету үшін қажет болды. Аталған кезеңдегі атқарылған шаралар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы білім туралы Заңында (1993 ж.) көрініс
тапты. 1994 ж. Қазақстан Республикасы жоғарғы білім беру Мемлекеттік
стандарты (Негізгі ережелер) бекітілді. Ол алғашқы рет елдегі жоғарғы білім
берудің көп деңгейлі құрылымын, яғни академиялық деңгейлер бакалавр мен
магистрды енгігізуді көздеді.
Екінші кезең (1995 – 1998 ж. ж.) Жоғарғы білім беру жүйесін жаңарту, оның
мазмұнын қарастыру.
Бұл кезең жоғарғы білім беру жүйесі дамуының концептуалды негізімен
сипатталады, ол 1995 ж. 4 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес бекіткен, білім беру
саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Концепцияда орын алды. Қабылданған
бұл құжат жоғарғы оқу орындары қызметін реттеді. 1995 жылдан 1997 жылға
дейін жоғарғы кәсіптік білім берудің 310 мамандықтары бойынша бірінші
қазақстандық білім беру стандарттары қабылданды. 1996 жылы Қазақстан
Республикасы жоғарғы білім беру мамандықтары Классификаторы жаңа баспасы
бекітілді. Білім берудің мемлекеттік секторы белсенді дамуда.
Үшінші кезең (1999 – 2000 ж. ж.) Білім беруді орталықтандыру және
қаржыландыру.
Аталған кезеңде білім беру мекемелерін басқару жүйесін шынайы
орталықтандыру жүргізілді. Жоғарғы оқу орындарына қабылдау да түпкілікті
өзгерді, жоғарғы кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау мемлекеттік білім
беру тапсырысына сай жүргізіле бастады. 1999 жылдан бастап жоғарғы оқу
орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді,
яғни конкурстық негізде абитуриенттерге мемлекеттік білім беру гранты мен
мемлекеттік білім беру несиесі ұсынылды.

1. сурет ЖОО студенттері көрсеткіші.
Төртінші кезең (2001 ж басынан бастап). Жоғарғы кәсіптік білім беру
жүйесінің стратегиялық дамуы.
ХХІ ғасырдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Менеджменттің Классикалық мектебі
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Қазақ педагогикасының тарихы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә.Сембаевтың еңбегі
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер