КӘСІБИ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ОҚУШЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіби ұстаз - білімді оқушы

Жай мұғалім - хабарлайды,

Жақсы мұғалім - түсіндіреді,

Керемет мұғалім - көрсетеді,

Ұлы мұғалім - шабыттандырады.

Уильям Артур Уорд

ағылшын жазушысы

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (12. 04. 2017) атты мақаласында әрбір Қазақстандық үшін жаңғырудың бірнеше жолдарын атап берген болатын, соның ішінде бәсекеге қабілеттілікке айрықша мән берген еді. Бәсекелестік - бұл мақсатқа жету жолында өз мүмкіндіктеріңді барынша пайдалана отырып, өзгелерден озып шығу. Қазіргі уақытта бүкіл халық бәсекелік қабілетін арттырған жағдайда ғана табысқа қол жеткізеді. Осы орайда әрбір қазақстандық ΧΧI ғасырға лайықты қасиетке, яғни бәсекелестікке қабілетті болғаны жөн.

Қазіргі кезде баршамызды толғандыратын өзекті мәселелердің ең бастысы - еліміздің болашағы. Ал болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында. Осы ұрпақты білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейтін - ұстаз. Міне, сондықтанда ел болашағының тұғырлы болуы мұғалімдердің қолында десем қателеспеген болармын. Себебі, мемлекетіміздегі әрбір мейлі ол кәсіпкер, мейлі ол шебер суретші, сәулетші, құрылысшы, металлург, дәрігер, тіпті президенттің өзін оқытып, білім нәрімен сусындатып болашақ ұрпақты алға жетелейтін негізгі тұлға - мұғалім.

Ғасырлар тоғысында тәуелсіздікке қол жеткізген халқымыздың қандай да бір жетістігі, тығырықтан шығар жол іздеп күрескен сәттерінде біздің жүгінеріміз де, сенеріміз де баянды болашағымыз да - білім болды. Ал енді сан алуан құбылыстардың құпиясын терең түсінуде алға жетелейтін басты тұлға дарынды ұстаз, білімді, білікті кәсіби мұғалім. [Оңтүстік Қазақстан газеті №35, 3 бет]

Сондықтан, бізге - мұғалімдерге үнемі ізденіс үстінде болып, тың жаңалықтар мен идеяларды игеруіміз қажет. Қоғам дамыған сайын білім беру жүйесі де дами бермек. Мұғалімдердің алдында жаңа дәуірге, бәсекеге қабілетті білімді сауатты ұрпақ дайындау міндеті тұр. Ендеше қазіргі заман мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, коммуникативті, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген болуы керек.

Білім беруде жаңартылған бағдарламаның маңызы өте зор. Жаңартылған білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруы мен оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы талапты орындаған жағдайда Артур Кларктың «Білу аз, оны қолдану қажет. Білемін деу аз, оны жасау қажет», - деген сөздері қоғамда азамат тек қана білімді алып қана қоймай, сол алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білу керек екендігін көрсетіп отыр.

Оқушы өзінің оқуы үшін жауапкершілікпен қарап, оқу табысты болуы үшін мұғалімнің бойында Шульманның үш көмекшісі «Бас-Қол-Жүрек», ал Абайдың «Қайрат-Ақыл-Жүрек» деген қасиеттері болуы қажет. Шульман ілімінде бірінші көмекші «Бас» - бұл мұғалімнің теориялық білімі. Алдымызға келген балаға тақырыпты түсіндірген кезде оқулықтағы берілген материалмен шектелмей, қосымша мағлұматтармен толықтырып отырсақ бала тақырыпты жан-жақты меңгереді. Екінші көмекші - «Қол», мұғалімнің сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсете білуі, күнделікті сабақ жоспарын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кезең бойынша дұрыс жоспарлай алу және бағалаудың формативті, суммативті, визуалды түрлерін қолдана алғаны жөн. Осы аталған білімдер мен дағдыларды мұғалім сабақ үстінде дұрыс пайдаланған жағдайда балалардың оқуға ынтасы артып, тиісті деңгейге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық. Шульманның үшінші көмекшісі «Жүрек» - мінсіз мұғалім. Ұстаздың бойында бала үлгі алатындай жақсы қасиеттер: шыншылдық, батылдық, төзімділік, аяушылық, мейірім мен құрмет, балаға деген махаббат болуы керек. Абай атамыздың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» сияқты адам бойындағы қасиеттер болса, ол бәрінен де озбақ. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» - деген екен.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда ғана боларсың елден бөлек» - деген Абай атамыз. [https://bilimgylym. wordpress. com] .

Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны мектеп алды даярлық топтарынан бастап дайындауға бағыттайды. Сол себепті осы кезден бастап оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу балалардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.

Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. [«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 4 бет] Оқыту процесінде сыныпты топтарға бөліп оқыту көзделеді. Топтық жұмыс жасар алдында балалар бірлесе отырып жасаған ережелерді басшылыққа алады. Мысалы: уақытқа бағыну, қысқа сөйлеу, сөйлеушіге құрметпен қарау, өзгенің пікірін тыңдау, басқаға кедергі келтірмеу, әділ бағалау т. с. с. Мұндай сабақ барысында балалардың қызығушылығы артып қана қоймай балалар ұйымшылдыққа, топпен жұмыс барысында бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы артып, топтың өзге мүшелеріне бар ынта-жігерімен көмектесіп, үйретуге талпынады. Мұнымен қоймай балалардың коммуникативтік дағдылары қалыптасып, танымдық және әлеуметтік мотивтері, білім алуға деген қызығушылығы, бәсекеге қабілетті болуға деген талпынысы артады. Сыныпта кейбір балалар өз ойларын жиі айта бермейді, ойын айтуға ұялады. Топпен жұмыс барысында балалар оқшау қалмайды. Тапсырманы орындауда бала әңгімелеседі, талқылайды, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Берілген тапсырма бойынша өз ойын қағаз бетіне түсіреді, постер жасап, ойын баяндап қорғап шығады. Өзге балалар өз кезегінде жауаптарды бағалап, қошемет көрсетеді. Әр сабақта бағалауды түрліше: балдық жүйемен, баға көрсеткіштермен, бағалау парақшаларымен, житондармен, смайликтермен ұйымдастыруға болады.

Сайыс, ойын әдіс-тәсілдері балаларды қасындағы өзге балалармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстауға үйретеді. Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану, теледидар бағдарламалары, интернет желісіне қосылу, компьютер/ноутбуктерді қолдану сабақты анағұрлым тартымды етері де сөзсіз. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің бірі - «диалог арқылы оқыту». Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. [«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38 бет] . Бұл әдістер оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинауға болатындығын көрсетеді. Оқыту барысында балалардың өздеріне таңдату да оқу процесін анағұрлым тиімді етері сөзсіз. Себебі, әр адам өзіне ұнаған іспен айналысса ғана ол істен рахат ала алады, істі бар ынта-жігерімен орындайды. Барлық мұғалім балаларға білім беру барысында жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуі үшін заттық дамытушы ортаны тақырыпқа сай етіп алдын ала дайындап алғаны жөн. Сабақты «қызығушылықты ояту» тәсілімен бастаудың да орны бөлек, баланың жұмысын топтағы барлық балаларға көрсетіп үлгі ету, дәптер тексеру соңында ынталандыру сөздерін жазу, оқу белсенділігін арттыруға арналған ойындарды қолдану, логикалық тапсырмалар орындату, эмоционалды жағымды көңіл күй сыйлаудың маңызы өте зор. Әр баланың зейіні, ойлауы, оқуы, сөйлеу дағдылары, жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Сондықтан мұғалім жас ерекшеліктеріне сай оқытуды тиімді іске асыру жолдарын қарастырғаны дұрыс. Нағыз кәсіби мұғалім оқуды басқара отырып, өзін көшбасшы ретінде таныта білгені абзал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Педагогикалық шеберлік туралы
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Педагогтің оқушылар алдындағы беделі
Мұғалім-басты тұлға
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz