Шал ақын шығармашылығындағы әлеуметтік мәселелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Шал ақын шығармашылығындағы әлеуметтік мәселелер

Орындаған : Сейтбек Нурай
Қабылдаған: Абиыр Қарлығаш

Алматы 2020

Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi.
Ол Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған.

Анасы - үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады. Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған.
Ауызша жеткен әңгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен, бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi. Қариялардың айтуы бойынша Сергеев (қазіргі Шал ақын) селосының қасындағы Аютас деген төбенiң жанында, Есiлдiң оң жағындағы үлкен бейiт iшiне жерленген, бiрақ қабiрi белгiсiз. Құлеке баласы Тiлеукенiң Шал ақын деп аталуы туралы ел iшiнде бiрнеше түрлi әңгiмелер бар. Ол бала кезінде тапқыр, зерек, ойға жүйрік, алғыр болған. Шал өлең шығарумен балауса жас кезiнен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi. Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсiп жүредi. Оның кiшкентайынан үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқанына қарап жұрт Шал атап кетедi.

Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң. Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң? - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
Дәстүрдің жаңғыруы, Ежелгі қазақ әдебиетінде бар поэтикалық үлгінің дәуірлер өте келе жаңа қырынан түлеуі
Айтбай Белгібайұлы айтыс жанрындағы келбеті
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау
Пәндер