Мәдениет түсінігі және оның түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ФВ 216-топ Казыева Гулбану
1.Мәдениет түсінігі және оның түрлерін ашып көрсетіңіз? Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
* мәдени әрекет,
* мәдени орта,
* мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
* мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасында ең түбегейлісі -- мәдени әрекет. Әрекеттену -- жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде Мәдениет тарихы деген пән де пайда болды.
Мәдениет - материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, "Материалдық мәдениет" дегеніміз - қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы. "Рухани мәдениет" деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды. Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі - дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді. Ал мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы,ру, тайпа, жыныстық одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары), әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар). Ұйымдық-реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты.
Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.
Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтар жиынтығы.
Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Мәдениет морфологиясы туралы
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Мемлекет пен құқық теория негізі
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Мәдениет таңбалар ретінде
Пәндер