Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу объектісі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі 4
2 Кәсіпорын түсінгі және топтастырылуы мен жіктелінуі 8
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Қазақстан экономикасы жаңа нарықтық экономикаға өтудің маңызды кезеңінде. Осыған байланысты, нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Осы экономикалық дамуда шаруашылық субъектісі - кәсіпорынның маңызы өте зор болғандықтан, кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды қолдау көрсетілуде.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның экономика жүйесіндегі мәртебесін бірталай өзгертті. Нарықтың экономика жағдайында, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның халық шаруашылығының бұрын артықшышылықты болған барлық салалардың орнында, не мемлекеттік мүліктік шаруашылық жүргізу құқығына, не өндіріс құралдарына жеке меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайдалы қызмет етуде. Тұрақты қалыптасып жатқан нарықтық механизм кәсіпорынды мемлекетпен (бюджетпен) шаруашылық әріптестермен, бәсекелестермен және жалдамалы жұмысшылармен жаңа қатынастарға қояды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикадағы нарықтық қатынастар қалыптасу жағдайында барлық экономикалық салалардағы кәсіпорындарда қызмет тиімділігін көтеру және эконономикалық жұмыстың тұрақтылығы ең маңызды міндеті болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің сандық сипаттамасы өндіріс тиімділігін және шығынды анықтау әдістерін пайдалануды менеджер мен экономистің жұмыстарында болу керек. Экономикалық кадрларды даярлау барысында шетел әдістемесін пайдалана отырып негізгі және айналым капиталын пайдалануды сандық талдау әдістерін, кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруын, кәсіпорынның экономика тиімділігін бағалау әдістерін, өнім өндіріс шығынын есепке алу әдістерін студенттерге оқып білу керек. Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр.
1 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі
Кәсіпорын - заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Шаруашылық етудің нарықтық жүйесі жағдайында кәсіпорын оның негізгі буыны болып табылады. Ол ұлттық шаруашылықтың іскерлік белсенділігін анықтайды, осында өнім жасап шығарылады және қызметкер мен капиталдың тікелей байланысы жүзеге асырылады. Кәсіпорында білікті мамандар, кадрлар жұмылдырылған, ресурстарды үнемді пайдалану және өтімділігі жоғары техника мен технологияны пайдалану мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмыс орындарын қалыптастыра отыра, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, салықтарды төлеу арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
Кәсіпорын - сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.
Салааралық құрылымыбойынша кәсіпорындар «тар» мамандандырылған, көп профилді және аралас болып бөлінеді:
- «тар» мамандандырылған - жаппай немесе ірі сериялы өндіріс өнімдерінің шектеулі ассортиментін шығаратын кәсіпорындар (шойын, ет, бидай өндірісі және т. б. ) ;
- көп профилді кәсіпорындар түрлі жағдайда пайдаланылатын және кең ассортиментті өнімдерді шығарады. Өнеркәсіпте олар бір уақытта теңіз кемелерін, жеңіл көліктерді, компьютерлерді дайындауға мамандандырылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында - бидай, жеміс-жидек, малдарды өсіру және т. б. ;
- аралас кәсіпорындар шикізаттың немесе дайын өнімнің бір түрін параллел немесе тібектей түрде басқа түрге, үшінші бір түрге ауыстырады.
Кәсіпорын құрылымы - бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы - бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы.
Кәсіпорынның басқару аппараты - басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады:
- Президент (директор, басқарушы) ;
- Цех (бөлім) басшысы;
- Мастер (бригадир) .
Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады.
Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымы.
Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.
Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым, аймақтық құрылым.
Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тік сызық бойынша бағынышты иерархиясы болады.
Сызықтық құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым сызықты-штабтық деп аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының артуы жағдайында сызықты-штабтық құрылымды пайдаланады.
Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені (міндетті) шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары қызметкерлерінен бір команданы (топты) құру. Команда жоба аяқталғанға дейін бірге жұмыс жасайды.
Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорынның ішкі ортасы оның миссиясы мен мақсаттарына байланысты қалыптасады, ал олар өз алдына көп жағдайда сыртқы ортамен анықталады. Кәсіпорынның ішкі ортасы құрамына адамдар, техника, технология, ақпараттар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару және т. б. енеді. Оны бірнеше негізгі кіші жүйелер арқылы көрсетуге болады:
- әлеуметтік;
- технологиялық;
- өндірістік-техникалық;
- экономикалық;
- ақпараттық;
- ұйымдастырушылық;
- қаржылық;
- маркетингтік;
- ғылыми-инновациялық;
- коммерциялық және т. б.
Кәсіпорынның ішкі орта құраушыларының маңызы өте зор, сонымен қатар кәсіпорын - бұл онда қызмет ететін адамдар ұжымы, оның басты байлығы. Олардың қабілеттері, білімдері, біліктілігі, тәжірибесі, еңбекке деген қатынасы нәтижесінде фирманың имиджіне, мәртебесіне, өнім сапасына, кәсіпорын жұмысының нәтижесіне үлкен үлес қосады. Кез-келген кәсіпорын - түрлі кіші жүйелерден құралып бір әлеуметтік-экономика-техникалық кешен құратын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Сондықтан барлық кіші жүйелер бір-бірімен байланысқан және бір-бірін толықтырады.
Сыртқы орта - кәсіпорын аумағында әрекет ететін және оның түрлі қызмет аясына әсер ететін белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлар, ұлттық және мемлекет аралық институционалды құрылымдар мен басқа да сыртқы жағдайлар мен факторлардың жиынтығы. Сыртқы ортаны екіге бөледі:
- микроорта - кәсіпорынға тікелей әсер ету ортасы, оған материалды-техникалық ресурстармен жабдықтаушылар, кәсіпорын өнімін (қызметін) тұтынушылар, сауда және маркетингтік делдалдар, бәсекелестер, мемлекеттік органдар, қаржы-несие мекемелері, сақтандыру компаниялары мен басқа да байланыс аудиториялары;
- макроорта, кәсіпорынға және оның микроортасына әсер етеді. Оның құрамына табиғи, демографиялық, ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық, саяси және халықаралық орта жатады.
2 Кәсіпорын түсінігі және олардың топтастырылуы мен жіктелінуі
Кәсіпорын - заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Кәсіпорын әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын - серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Аралас кәсіпорын- меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны - меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңи тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары - акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т. б.
Бірлескен кәсіпорын - екі не одан көп елдің заңи тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т. б. ) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
Венчурлік кәсіпорын - ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісімшарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын - заңи тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын - кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңи ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын - азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңи тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісімшарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. Коммерциялық кәсіпорын - заңи тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын - мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын - меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңи субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары - шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны - жеке және заңи тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңи тұлға.
Муниципалдық - мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын - бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz