Модульдік технология



1. Модульдік технология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 бет

2. Модульдік оқытудың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 бет

3. Интерактивті модульдік оқыту технологиясы негізінде тіл дамыту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 бет

4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жезқазған

Баяндаманың мазмұны:

1. Модульдік технология
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 бет

2. Модульдік оқытудың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 бет

3. Интерактивті модульдік оқыту технологиясы негізінде тіл дамыту арқылы
оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 бет

4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 бет

1

Модульдік технология

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Бүгінгі таңда
педагогика ғылымның лексиконика педагогикалық (оқыту) технологиясы ұғымы
терең тамыр жайды. Технология (гр. Techne - өнер, шеберлілік, іскерлік,
жағдайдың өзгерісі)Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай
тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері
педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі
ретінде, өзін- өзі өзектілендіруге, өзін танығуға  және өзін-өзі жүзеге
асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда
педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен
оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған
қасиеттер жүйесіне тән:
• Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
• өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының
жүйесі;
• іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-
құлық әрекеттерінің жиынтығы;
• айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
• қажеттілік жүйесі;
• шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
• сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т. б.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің; оқу –тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, формалары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда
әр позиция  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды
жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,
В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба
2
үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық
модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту
технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген
ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбековтің және т.б.ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заныңда оқыту формасын,
әдістерін, технологиялар таңдауда  көп нұсқалылық қағидасы бекітілген,
бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы
нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті
авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама
дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен
тұрады. Кіріспеден, сөйлесу бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу
бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат
саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа,
тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшілігі –жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу
бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде  мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің
барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ),
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерде сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) өсу бағытымен
–қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше
мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып,
өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін
дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену
үш негізгі кезеңнен тұрады: кіріспе –қызықтырушылық, опериационалдық-
танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін
оқушылардың мақсатты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың
пікірінше, мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету
тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді
сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін
3
бастаған тиімдірік екені эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік,
меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік
сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен
түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған орамаға салып сақтауы
және ұсынуы тиіс. Мұндай орама қызметін белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға
бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік
деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу,көру және айту мүмкіндігі
болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды
қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде
алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды
қалыптастыру мақсатында кейіннен –алынған білімді талдау, жинақтау және
бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің
сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық -
танымдық кезеңнен іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге
негізделген тұжырымдамасына сүйенсек:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметін
жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін
көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа
дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық
қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай
жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс. Бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ана, балалардың білім дәрежесінің артылуына қарай мүмкіндік
болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалынның
негізгі мазмұның бөліп, құрастылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін
4
оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл
бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде
дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның
бір маңызы - күрдел, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез
келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын
орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін
қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық
құрылымы қалыптасады.
Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі
мазмұның белгілеу.

 
 
Оқу материалын біртұтас, жинақы , өсу бағытымен
беру.

 
Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және
білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар
дайындау.

 
Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді
қамтамасыз ету .

 
Оқушылардың пәнге қызығушылығын және
креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

5
Қорытынды бөлім . Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін
анықтайтын, соңғы бөлімі. Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық
қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге
және бағалауға арналған. Осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайды –яғни,
баға алады, бұл сонында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін
анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Қорытынды бөлімінде
бақылаудың бірнеше түрі бар.
Біріншісі, міндетті –тестлеу. Екіншісі, мұғалімнің өз тандауы бойынша
сынақ, бақылау жұмысы, диктант.
Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз,
өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестлеу арқылы анықтау
мүмкін емес.
Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестлеу оқыту
нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен
қатар тестлеу тұлғаның психологиялық қорғауын қамтамасыз етеді, ішкі
кедергілерін жояды, өйткені бақылаушымен қатынас жанама түрде жүреді. Бұл
осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ
берілуі мүмкіндігі бар. Қорыта келе біз тестлеудің бақылаудың қажеті түрті,
бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп
есептейміз. Оның мақсаты:
а) білім деңгейін әділ бағалау:
б) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру:
Қалай айтқанмен егер бақылаудың бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың
басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді.
Егер сөйлесу бөлімінің дарлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі,
бірін –бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталып келсе, енді
қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі
мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың
формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма
немесе диктант оқу пәнінің ерекшілігіне орай қолданып, оқу модулінің осы
бөлімінде беріледі.

6
Модульдік оқытудың құрылымы

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы
алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын - ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының арқасынды оқу процессі модульдік сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ
мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі
ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу
бөлімінен және қорытынды бөлімнен.
Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:
Кіріспе бөлім
(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

 
Қорытынды бөлім
(бақылау)

Әрбір оқу модуліне сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша
тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйсі. Мұғалім
бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын,
мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың
формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Біздің ойымызша бұл технология
-оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық процестерін дамытуға

7
-оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Касіптік білім беру
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Модульдік технологияның гипотезасы
Оқытудың модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Оқытудың жаңа технологиялары
Модульдік оқыту технологиясы туралы
Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
Пәндер