Көмірсулар мен липидтердің алмасуының клиникалық биохимиясы. Клиникалық медицинадағы биохимиялық анализдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫП: Көмірсулар мен липидтердің алмасуының клиникалық биохимиясы. Клиникалық медицинадағы биохимиялық анализдер.

Сұрақтар мен тапсырмалары:

  1. Медициналық лабораторияда анықталатын көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және қызметі.
  2. Клиникалық медицинада негізгі көмірсулардың көрсеткіштерге сипаттама беріңіз (қалыпты және патология кезіндегі ерекшеліктері) .
  3. Медициналық лабораторияда анықталатын майлардың құрылысы, қасиеттері және қызметі.
  4. Күрделі липидтер - ферменттердің құрылысы, қасиеттері және қызметі.
  5. Клиникалық медицинада негізгі липидтердің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз (қалыпты және патология кезіндегі ерекшеліктері) .
  6. Клиникалық медицинада зат алмасу деңгейін анықтаудың маңыздылығы.
  7. Зат алмасу бұзылыстары: туа біткен жетіспеушілік пен кемшіліктер

Жауап:

  1. Медициналық лабораторияда анықталатын көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және оның қызметі. Оларға:

Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады.

Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі - оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны қолдану арқылы қанттың қабылдау мөлшерін 30 - 50 %- ға азайтуға болады. Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, фруктозаның басқа да ерекше қасиеттері бар. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру - тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. 1) Глюкоза (жүзім қанты) - Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жеміс-жидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза - моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады.

Химиялық қасиеттері:
Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.
Альдегид тобына тән реакциялары:
Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады. Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері:
Күрделі эфирлер түзілуі. Қанттардың гидроксил топтары этерификация реакциясына оңай түседі. Кең таралған этерификация реакциясы ацилдеу, оны сірке ангидридімен катализатор (ZnCl2, H2SO4 натрий ацетаты) қатысында жүргізеді.

Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.

2) Глюкоза. Дененің барлық жасушалары мен ұлпаларына арналған энергия көзі. Қандағы глюкозаның деңгейі 3, 3-5, 5 ммоль / л қалыпты болып саналады. Қант диабетінде жоғарылайды, инсулин қабылдағанда немесе ұйқы безінің ісік аурулары дамыған кезде төмен мәндерді байқауға болады. Фруктозамин. Бұл ақуыздың глюкозамен үйлесуі. Оның деңгейі қанға глюкозаның ауытқуын зерттеуге дейін 2-3 апта бұрын анықтауға көмектеседі. Әдетте қандағы фруктозамин 0-285 мкмоль / л концентрациясында болады. Егер мән жоғары болса, бұл қант диабетінің белгісі.

Сонымен қоса олар инсулинома, алиментарлы көмірсу жетіспеушілігі, физиологиялық гипогликемияда, бүйрек үсті жетіспеушілігінде, бауыр ауруларында жиі көмірсулар бұзылысына алып келеді

3) Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.

Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:

-липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы мен мөлшері мал азықтандыруға және олардың қоңдылығына байланысты болады;

-липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; белгілі бір мүшедегі немесе тканьдегі құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді;

-Липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады;

-Қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық суықтан, электер және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;

-Липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.

Қанның липопротеидтері. Қанның құрамында хиломикрондардан басқа α - және β- липопротеидтер болады. Липопротеидтердің синтезі бауырда, яғни бауырдағы триглицеридтердің, фосфатидтердің, холестериннің және беолктың қатысуымен жүреді. Қазіргі кезде бауырда тек қана β- липопротеидтер синтезделеді деген ұғым бар, сонан соң барып қанда β- липопротеидтердің синтезі жүреді. Екінші жағынан α- липопротеидтердің синтезі α- глобулендерден, β- липопротеидтердің синтезі β- глобулиндермен байланысты деген өз көзқарастар бар. Α- липопротеидтердің молекулалық салмағы 2-3 дейін, яғни бұл липопротеидтердің жеңіл фракциясы. α липопротеидтердің 50% жуығы белоктардан тұрады. Холинтерин мен оның эфирлері аз кездеседі. β липопротеидтер құрамында белоктар мен фосфатидтердің гидрофилді молекуласы болғандықтан оңай еритін фракция жатады. Олардың молекулалық салмағы 32, 25% белоктан, 75% майдан, оның ішінде бөлігін холестерин және оның эфирлері алады. β - липопротеидтерде 700 моль холестерин 1800 моль холестериннің эфирі, 900 моль фл, 400 моль ТГ болады. Дегенмен белоктың молекулалары шеткейде орналасқандықтан β - липопротеидтер тканьдерде энергия көзі мен ппластикалық материал үшін қолданылады. Кейбір науқастарда, мысалы, атеросклероэ, ревматизм ауруларында қандағы β- липопротеидтердің мөлшері шамадағыдан артық болады.

4) Ферменттер (ALT) . Аминқышқылдарының алмасуына қажетті бауыр ферменттерінің бірі. Әйелдерде бұл әдетте 31Ед / л дейін, ерлерде 41 Ед / л дейін болуы мүмкін. Бауыр, жүрек, қан тамырлары проблемалары кезінде жоғары көрсеткіштер байқалады.

Амилаза. Көмірсулардың қорытылуы үшін сілекей бездерінде синтезделетін фермент. Қалыпты индикатор 28-100 У / л аралығында. Егер ас қорыту жолдарының жұмысы бұзылса, индикаторлар белгіленген шектен асып кетеді.
Аспарат аминотрансфераза (AsAt) . Бауыр немесе жүрек бұлшықеттері зақымданған жағдайда ғана қанға айтарлықтай мөлшерде бөлінетін фермент. Әйел-32Ед/л, Ер-40Ед/л. Креатинкиназа. Дәнекер тіннің жүйелі ауруы, миокард инфарктісі, бүйрек жеткіліксіздігіне күдік болған жағдайда тексеріледі. Норма 0-25 U / л құрайды.

Лактат (сүт қышқылы) . Қуатты жағу арқылы пайда болады. Норма 0, 5-2, 2 ммоль / л құрайды. Бұл физикалық жүктеме, қант диабеті, алкогольмен улану, бауыр мен бүйрек функциясының төмендеуі, аспириннің дозалануы кезінде жоғарылайды. Жаттығудан кейінгі бұлшықет бұлшықет ауруы қанға сүт қышқылының белсенді бөлінуіне байланысты пайда болады.
Лактатдегидрогеназа (LDH) . Лактаттың түзілуіне қажетті фермент. 12 жастан асқан адамдарда қалыпты LDH мәні 250 U / L құрайды. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерде LDH деңгейінің сәл жоғарылауы патология емес, қалғандары қан айналымы жүйесі, бауыр, бүйрек ауруларының көріністерінің бірі бола алады. Липаза. Майдың қорытылуына көмектеседі. Қандағы липазаның концентрациясы 0-190 U / L аралығында, ауытқу ұйқы безімен байланысты мәселелерді көрсетеді. Нөлге жақын көрсеткіштер диетаны қайта қарауға және онкологиялық ауруларға тестілеуге себеп болады.
Сілтілі фосфатаза. Фосфор алмасуына көмектеседі. Әйелдер үшін қалыпты мәндер 0-240 U / L құрайды, ерлер үшін норма 0-270 U / L құрайды. Бүйректің, өт жолдарының, бауырдың патологиялары, қаңқа жүйесінің проблемалары қандағы фосфатаза деңгейінің жоғарылауымен көрінеді.

Холинестераза. Бауыр шығарады, оны жүйке және бұлшықет талшықтары қажет етеді. Ерлердің қанында қалыпты концентрация 5800-14 600 U / L құрайды, әйелдер үшін қалыпты деңгей 5860-11 800 U / L құрайды. Холинэстераза деңгейі миокард инфарктісімен, бауыр ауруларымен, қатерлі ісіктермен төмендейді, ал қант диабеті, семіздік, артериялық гипертензия, маникальді-депрессиялық психоз кезінде жоғарылайды.

5) Майлар Триглицеридтер. Бауырдағы көміртек алмасуының өнімдері. Олар сонымен бірге қанға тамақпен бірге ене алады. Анықтамалық мәндер төмендегі кестеде көрсетілген. Қант диабетімен және жүрек-қантамыр патологиясымен, сондай-ақ жүктілік кезінде триглицеридтердің деңгейі жоғарылайды. Бауырдың зақымдануының терминальды сатысында, Қалқанша безінің аурулары кезінде, тамақтану бұзылса ол азаяды.

ЖТЛП. Атеросклероздың қауіп индикаторы. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер ағзадағы майларды өңдеу және жою кезінде қолданылады, ол үшін олар «жақсы холестерол» деп аталады. Норма 1, 03-1, 55 ммоль / л құрайды. Жоғары мәндерде тамырлы бляшек қаупітілігі аз, ал төмен мәндерде атеросклероздың прогрессиясы, қалыпты мәнде де мүмкін. ТТЛП. Тығыздығы төмен липопротеидтер «зиянды» холестериннің негізгі тасымалдаушысы болып табылады, ол организмге тамақпен бірге енеді. Норма 0-3, 3 ммоль / л аралығында, деңгейдің жоғарылауы атеросклероздың пайда болу қаупін көрсетеді.
Жалпы холестерин. ЖТЛП және ТТЛП мәндерінің қосындысы. Норма - 5, 2 ммоль / л. Жалпы холестериннің төмендеуі психофизиологиялық бұзылуларға, репродуктивті бұзылуларға, жоғарылауы - қант диабеті мен атеросклерозға әкелуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Клиникалық биохимия пәні
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Кетоз, остиодистрофия
Нәруыздардың алмасуы
Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған методикалық нұсқау - «Aзық-тулік өнімдерінің биохимиясы» пән бойынша
Гидропиялық дистрофиясы
Сүтті сиырлардың кетозы
Аминақышқылдары – белоктың структуралық элементі
Аскорбин қышқылының ертіндісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz