Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Қазақстан тарихы Қазақстан халықтарының мәдениеті кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы: Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны.

Орындаған: Жанботақызы Дильназ
Тексерген: С.С Күлмесханова

Алматы 2019ж.
Тарихта саяси мәдениеттің өзгеру процестерін, белгілі бір саяси қауымдастықтың саяси мәдениетінің ерекшелігін бейнелеу үшін саяси мәдениеттің типі деген ұғым енгізілген. Саяси мәдениеттің типі дегеніміз - тарихи уақыттың белгілі бір кезеңдерінде, белгілі бір тарихи ортада өмір сүрген қалыпты дағдыға ие, бір немесе бірнеше мемлекеттің шеңберіндегі оқиғалар мен саяси өрлеуге деген көзқарастары бірдей адамдардың барынша ортақ дағдылары мен саяси санасы болып табылады. Мұндай типтердің ерекшеленіп бөлінуіне негіз болатын объективті және субъективті факторлар болуы мүмкін.
Саяси ғылымда саяси мәдениеттің көптеген типтері бар екенін айта кету керек. Саяси мәдениеттің типтерін тұңғыш рет Американың әлеуметтанушылары Г.Алмонд пен С.Верб тереңдеп зерттеді. 1958 жылдан 1962 жылға дейін олар Ұлыбританияда, Батыс Германияда, Италияда, Мексикада және АҚШ-та саяси мәдениетті кең көлемде салыстыра зерттеу тәсілін қолданды. Олардың зерттеулерінің нәтижелері мен оның негізінде жасалған концепция Азаматтық мәдениет деген кітапқа енгізілді. Онда саяси мәдениеттің үш типі: патриархалдық, басыбайлылық және белсенділік ерекше бөлінді.
Саяси мәдениеттің патриархалдық типіне жергілікті құндылықтарға - қауымдастыққа, руға, рулық қауымға, деревняға, тайпаға т.с.с. азаматтардың бағдар алуы тән болып келеді. Сонымен патриархалдық мәдениетті ұстанған адамдар белгілі бір тұлғаға, көсемге, шаманға бағдар ұстанады. Мұндай қауымдастық мүшелерінің саяси жүйе туралы білімнен хабары болмайды, олардың саяси бағдары экономикалық және діни бағдардан ажырамаған. Сондықтан патриархалдық мәдениетті ұстанған адамдар саяси жүйеден ештеңе күтпейді. Мысалы, Африкадағы тайпаларға патриархалдық саяси мәдениет тән. Оларда атқаруға тиіс арнайы саяси роль деген болмайды. Жергілікті көсемдер мен шамандардың орталық үкіметпен ешқандай қатысы болмайды да, олармен қарым-қатынасы белгілі бір нормалармен айқындалмайды. Патриархалдық саяси мәдениет индустриальды дамушы елдерде де сақталып қалуы мүмкін. Мұндағы азаматтардың көпшілігінің көзқарасы өздерінің өңірлері, тұратын қалалары т.с.с. шеңберінен аспайды.
Саяси мәдениеттің басыбайлылық типі дегеніміз - мәдениеттің тәуелді және бағынышты болуы. Саяси мәдениеттің басыбайлы типі саяси институттары, мекемелері мен ұйымдары және т.с.с. бар қоғамдарға тән. Алайда мұндағы саяси билік жоғарыдан төменге деген саяси нормаға айналып, игілікке бөленемін немесе жазалауға ұшыраймын деген оймен жоғарғылардың әмірін орындаушылық саяси дағды болып қалыптасады. Мұндай саяси мәдениет азаматтардың саяси белсенділігі барынша төмен дәрежедегі қоғамда орын алады. Ол негізінен бәсең сипатқа ие және адамдарды саяси жүйеге қатысудан шеттетеді. Сөйтіп, адамдар мұнда саяси саналы бола тұра тек қалыптасқан дәстүрді ғана бағдарға алады.
Саяси мәдениеттің белсенділік типі дегеніміз индивидтердің саяси өмірге белсене қатысуымен ерекшеленетін саяси мәдениет болып табылады. Мұнда азаматтар сайлау арқылы өздерінің мүддесін білгірлікпен қорғайды. Мүдделер тобы, партиялар саясатты қалыптастыру процесіне ықпал етеді. Сонымен қатар олар саяси жүйеге өздерінің адалдығын, заңға мойынсұнушылығын және қабылданған шешімдерді құрметтеуін аңғартып отырады.
Алайда, саяси мәдениеттің мұндай типтері өмірде таза күйінде кездесе қоймайды[109]. Олар қай уақытта болсын, қай елде болсын бір-бірімен араласып, бірін бірі ығыстырып жатады. Сондықтан да Г.Алмонд пен С.Вербтің пайымдағанындай өмірде олар араласқан түрде көрініс береді. Мысалы, нақты өмірде саяси мәдениеттің патриархалдық және басыбайлылық типтерінің элементтері патриархалды-басыбайлық тип болып, саяси мәдениеттің патриархалдық және белсенділік-патриархалды-белсенділі к тип болып, саяси мәдениеттің басыбайлылық және белсенділік-басыбайлы-белсенділік типі болып қалыптасады.
Маркстік әдебиетте, ішінара саяси мәдениет көбінесе дәстүрлік, сословиелік, буржуазиялық, социалистік, т.с.с. болып бөлінеді. Сонымен қатар әдебиетте саяси мәдениет демократиялық, авторитарлық, авторитарлық-патриархалдық, тоталитарлық, сондай-ақ, архаикалық, элитарлық, өкілділік, жоғары азаматтылықтың саяси мәдениеті т.с.с. болып өзге типтерге де бөлінеді.
Саяси мәдениеттің барынша кең тараған түрі авторитарлық, тоталитарлық және жаппай көпшілік саяси мәдениет болып табылады. Саяси мәдениетте өзіндік ерекшелігі бола тұра авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениеттің көптеген ортақ белгілері болады. Сондықтан да әдебиетте олар көбінесе бірге сипатталады. Саяси мәдениеттің авторитарлық және тоталитарлық түріне бір жағынан қоғамдық санаға үстемдік жасайтын көріністер, идеялар, наным-сенім, көсемдердің, адамдар тобының, т.с.с. ерекше қабілеті тән болып келеді. Екінші жағынан мұндай саяси мәдениет адамдардың ортақ қасиеттерінің ерекшелігі билік ететін көсемге, адамдар тобына, партияға, т.с.с. адамдардың саяси іс-әрекетінде басым болып келеді. Мұндай саяси мәдениетке бір мақсатқа жетуге, қарым-қатынастың бірқалыпқа түсуіне және оның іс-әрекетіне, жеке тұлғалардың топтардың ішіне араласып кетуіне, т.с.с. қол жеткізу үшін материалдық, интеллектуальдық және өзге ресурстарға бағыныштылығы тән.
Жаппай көпшілік саяси мәдениет жалпы алғанда бұқара халықтың пайдалануына есептелген мәдени құндылықтар өндірісі түрінде болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, жаппай көпшілік саяси мәдениет дегеніміз адамдардың саяси іс-әрекетті тұтынушылығын барынша енжарлы қалыптасатындай болуға және нарық заңы бойынша қалай болса солай пайдаланылатын идеологиялық рецепт болуға есептелген - баға берудің, құндылықтардың, дағдылардың үлгілерінің, т.с.с. жиынтығы болып табылады. Жаппай көпшілік саяси мәдениет көбінесе қоғамның жоғары тобына тән элитарлық саяси мәдениетке қарама-қарсы (антикод) ретінде қарастырылады. Шын мәнінде мұндай мәдениеттердің ортақ жағдаяттары аз емес. Мұндай саяси мәдениетті ұстанушылардың түсінігі әдетте өмір шындығын бұрмалауға саяды. Бұл екі саяси мәдениет сән үлгісі мен жарнамадан ажырамайтын тұтынушылық идеясымен тікелей байланысты болып келеді.
Шынайы демократиялық саяси мәдениетке адамдардың қамтамасыз етілуі мен құрметтелу құқы және еріктілігі, халықтың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға шынайы қатысуы, шын мәніндегі халық билігінің орнығуы тән болып келеді.
Саяси өмірді қалыптастырудың басым механизмі бойынша саяси мәдениет нарықтық және этатистикалық (мемлекеттік-бюрократтық) болып бөлінеді.
Саяси мәдениеттің нарықтық типі - саясат дегеніміз - бизнестің түрі деген мәнде түзіледі. Онда саясаткер дегеніміз бизнесмен, олардың мақсаты барынша пайда алуға қол жеткізу болады. Саяси шешім дегеніміз ынталы жақтардың арасындағы сауда келісімі, саяси мәселелер сату-сатып алу тұрғысынан қарастырылады. Ал, барлық саяси өмір өзара міндет бөлісу жүйесіне негізделіп, саяси партиялар немесе қысым жасаушылар тобы арқылы жүзеге асырылатын жеке мүдделердің орнығуы дегенге саяды. Мемлекеттің рөлі мынандай тұжырыммен түсіндіріледі: Жақсы үкімет дегеніміз - барынша аз мөлшерде билік ететін үкімет. Осы тұрғыдан алғанда нарықтық саяси мәдениеттің өзіндік сипаты бәсекелестік күреске күшті бағдар алу және барынша айқын көрінетін индивидуализм болып табылады.
Этатистикалық саяси мәдениеттің шеңберінде ең басты роль саяси өмірді ұйымдастыруға және оған жекелеген адамдар мен мемлекеттік институттардың, яғни барлық саяси мәселелерді шешуге ең бірінші кезекте мемлекеттің іс-әрекеті байланысты болатын жағдайларды анықтауға саяды. Бұл өз кезегінде бәсекелестік күреске бақылау орнатып, мүмкіндігінше оны шектеп, саяси қақтығыстарды барынша азайтып, жекелеген адамдар мен топтардың мүдделерінен мемлекеттік мүддені басым етуді орнықтыру болады. Тұтас алғанда саясат жақсы қоғам іздестірудегі мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде қарастырылады, мұндағы мақсат - әлеуметтік әділеттілік. Саяси мәдениеттің этатистикалық типі, мәселен, Швеция мен Германияға тән болып келеді.
Жағрафиялық жағдайға, тарихи дамуға орай, ірі саяси оқиғалардың ықпалымен тек қана белгілі бір өңірлердің немесе жекелеген елдердің саяси мәдениетіне тән өзіндік ерекше белгілер қалыптасады. Мәселен, американдық саяси мәдениеттің сипатына саяси іс-әрекеттің нақты мақсат бағдары, оның рухани сипаты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Левиннің зерттеулері
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Мәдениет мәселесі
«Қоғамдық білім негіздері»
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы
Мәдениеттану ғылым ретінде
Пәндер