Ғылыми-техникалық құжаттамалардың жекелеген түрлеріне сараптама жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АБЕНОВ МЕЙРАМБЕК
Ғылыми-техникалық құжаттамалардың жекелеген түрлеріне са- раптама жасаудың бір ерекшелігі бар. Мұнда сараптама екі кезең (этап) бойынша жүргізіледі. Сараптама жүргізу кезеңдері 2. Бірінші кезеңде мемлекеттік сақтауға жататын жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамалар бойынша өнеркәсіп өндірісі бұйымдары мен технологиялық процестердің, жоспарлау, күрделі құрылыс объектілерінің жобалары, ғылыми-техникалық құжаттамалар іріктеліп алынады. Сараптаудың бірінші кезеңіндегі соңғы нәтиже мемлекеттік сақтауға жататын жобалардың, проблемалардың, ғылыми-техникалық құжаттамалардың тізбесін жасау болып табылады (1-қосымша). 3. Мемлекеттік сақтауға жататын жобалардың, проблемалардың, ғылыми-техникалық құжаттамалардың тізбесін (бұдан әрі - тізбе) ведомстволық (жеке) мұрағат қызметкерлері ұйым мамандарымен бірлесе отырып белгілі бір уақыт кезеңіне арнап жасайды. Тізбе кем дегенде бес жылда бір рет әзірленеді. 4. Тізбеге ендірілген бұйым жобалары хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-хронологиялық белгілері бойынша жүйеленеді. 5. Тізбе ОСК (СК)-мен келісіліп, ұйым басшысы және жергілікті атқару органы (республикалық мемлекеттік мұрағат) СТК тарапынан бекітіледі. Тізбеге ұйым ОСК (СК) мәжілісінің хаттамасы немесе хаттамадан үзінді көшірме қоса тіркеледі. Тізбе екі дана етіп жасалады, жергілікті атқару органының (республикалық мемлекеттік мұрағат) СТК-сы бекіткеннен кейін бір дана- сы ұйымға қайтарылады, екіншісі - мемлекеттік мұрағатта қалады. 6. Ғылыми-зерттеу және патенттік-лицензиялық құжаттамалар құндылығына сараптама бір ғана кезең (этап) бойынша тізбе жасамай-ақ жүргізіледі. 7. Құндылық сараптамасының екінші кезеңіне тізбеге енген жо- балар, бұйымдар құрамына кіретін жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттар қамтылады. Мемлекеттік сақтауға жататын ғылыми-техникалық құжаттамалар құрамы 1. Ұйым ведомстволық (жеке) мұрағатында жүргізілген құндылық сараптамасы барысында тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтау үшін тапсырылуға жататын ғылыми-техникалық құжаттамалардың құрамы анықталады. Осымен бір мезгілде ғылыми-тарихи құндылығы жоқ, практикалық мәні жойылған құжаттарды жоюға бөлу үшін оларды айқындау жұмыстары да қатар жүргізіледі. 2. Азаматтық-тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сақтауға ғимараттардың архитектуралық-жоспарлық, конструктивтік және архитектуралық-көркемдік ерекшеліктері көрініс тапқан дербес жобалары таңдалып алынады. Типтік жобалар сериясынан мемлекеттік сақтауға құрылыс жобалаудың прогрессивті әдістерін ескере отырып практикада неғұрлым жиі қолданылатын типтік жобалар тапсырылады. Құрылыс объектілерінің жоба-байламдары арасынан мемлекеттік сақтауға геологиялық құрылымы күрделі және сейсмикалық қаупі жоғары зоналар үшін инженерлік ерекше шешімдер қолдана отырып жасалған жобалар беріледі. Эксперименттік жобалар арасынан мемлекеттік сақтауға экспериментті-көрнекі үлгі түрінде салынған кенттер, селолық елді ме- кендер, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар құрылысының жобалары өткізіледі. Объектіні таңдау 3. Өнеркәсіптік құрылыс объектілерін таңдаған кезде негізінен дер- бес сипатта жасалатын өнеркәсіптік жобалау ерекшеліктері ескеріледі, сондай-ақ қайта конструкцияланатын үлкен көлемді объектілер іріктеліп алынады. Дара жобаларды таңдаған кезде мемлекеттік сақтауға елдің экономи- ка саласында жетекші рөл атқаратын ірі объектілер, өндірістік кешендер назарға алынады. Кейбір жағдайларда отандық және шетелдік ғылыми- техникалық жетістіктерді, жаңа құрылыс материалдарын, жабдықтардың жаңа түрлері мен прогрессивті технологиялық процестерді қолдана оты- рып жасалған кішігірім объектілер де іріктеп алынады. 4. Су шаруашылығы құрылысы жобалық шешімдерінің топографиялық, геологиялық және гидрологиялық жағдайларға тәуелділігімен, сондай-ақ жер өңдеу жұмыстары көлемінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Бұл сала бойынша мемлекеттік сақтауға ірі су қоймалары, магистральды каналдар, насос станциялары таңдалады. Түседі сақтау 5. Қалалардың тарихи бөліктерін қайта конструкциялау мен архи- тектура және бау-парк өсіру өнері ескерткіштерін қалпына келтіру (рестав- рациялау) жөніндегі жобалау құжаттарынан мемлекеттік сақтауға мына- дай құжаттар таңдалып алынады: 1) тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттарды анализдеу жүргізу методикасы
Құжаттар құндылығы
Экологиялық сараптама әдістері, түрлері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық сараптама түрлері
Мұрағат құжаттарының құндылығын сараптау
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары
Ведомставалық мұрағат қызметінің ұйымдастыруы
Экологиялық сараптама
Пәндер