Болмыс және бейболмыс ұғымдарының айырмасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абенов. М

Бағалау 18. 529

Болмыс және бейболмыс ұғымдарының айырмасы неде?

Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория. Бар нәрселердің бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді. Бұдан ұғынатынымыз болмыс болмыссыздыққа ауысып жататындығы. Бабаларымыз дүниені «жалған» деп атауы, үнділердің «Ұлы сағым - Мая», ал Гегельдің «жоғала бастаған болмыс», немесе «Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу» - дегенінен ұғатынымыз, дүниенің өзгергіштіг і, екінші жағынан қанша өзерісе де - өмір сүріп қала беретіндігі .

Болмыс ұғымына қарсы ұғым - болмыссыздық (бейболмыс) . Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат» - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.

Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін - ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені - түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.

Адамның болмысы немен ерекшеленеді?

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі - табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш - реніші, психикалық жай - күйі, ойы, мінез - құлқы, ерік жігері, іс - әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді. Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», - деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны - біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология - бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті - материалистік жəне идеалистік, атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді.

Қоғамның даму үдерісіндегі әлеуметтік болмыстың рөлі қандай деп ойлайсыз?

Философиялық антропологияда адам - өзінің жаратылысынан қоғамдық мәнділік. Сондықтан оның өмірінің мәні тек қоғам мен жеке адамның мүдделері мен мақсаттарын ұштастыру жолында табылуы мүмкін деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс және бейболмыс ұғымдарының айырмасы неде Адамның болмысы немен ерекшеленеді
Философияға кіріспе
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Адам болмысы
Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары жайлы
Философияның қысқаша тарихы
АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ СОКРАТҚА ДЕЙІНГІ ФИЛОСОФИЯ
Антика философиясы
Антикалық философияның даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz