Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси мәдениеті мен белсенділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Эссе: " Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси

мәдениеті мен белсенділігі "

Оқытушы: Мусатаев С. Ш.

Студент: Сапарқұлова Мадина Мухтарқызы

Мамандығы: Халықаралық қатынастар

Алматы 2020ж.

Эссе: "Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси

мәдениеті мен белсенділігі"

Қазіргі таңда, жастардың саяси өмірдегі белсенділігі, олардың саяси мәденитінің қалыптасуы әлі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбісі елдегі саясат жағына немқұрайлылықпен қарайды, ол дегеніміз мемлекеттегі саясатқа араласпайды, саяси белсенділік танытпайды. Қарап отырсақ, бұл жас азаматтардың көбісінің саясатқа қызықпайтындығын көрсетеді. Ал олардың саясатта барынша белсенді болуы үшін олардың саяси сауаттылығының болғаны абзал. Саяси сауаттылық саяси мәдениет аясында сипатталады. "Саяси мәдениет " ұғымына сипаттама беретін болсақ, " саяси мәдениет " - деп, біз азаматтар мен азаматшалардың саяси сауаттылықтарының және олардың саясат бойынша білімінің деңгейін айта аламыз. "Саяси мәдениет" елдегі саяси қарым - қатынастарды реттейтін мәдениет ретінде түсіндіріледі. Қазіргі күнде, елімізде саясат жағынан сауатсыздау азаматтар мен азаматшалар қаншама. Алайда, не дегенмен жас азаматтардың саяси сауаттылығын қалыптастыруда қазір Республикамызда көптеген ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасауда. Мысал келтіретін болсақ, мектепте оқитын бастауыш сыныптарға немесе оқушыларға презентация жасай отырып, сабақ өткізу, университеттер мен оқу орындарында түрлі - түрлі іс - шаралар өткізу, ұйымдар ашу, оқу орындарында саясаттану сабағын өткізу сияқты жұмыстарды айтсақ болады. Айтылған барлық тәсілдер жастар арасында саяси сауаттылықтың болуына ең ыңғайлы әрі тиімді әдіс болып табылады. Негізінен, осы жоғарыда айтылып жатқан барлық идеялар мектептегі оқушының, студенттердің, азаматтардың сана - сезімдерін, саяси көзқарастарын, сонымен қатар, саяси құндылықтарды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бұл идеялар адамдардың тек қана сауатын ашу үшін ғана емес, сонымен бірге, олардың Қазақстан Республикасын дамытуда, еліміздің патриоты болуға, өз елінде тұрып жатқандықтан өзінің жеке дара құқықтарын білуінде де маңызды рөл атқарады. Яғни, жастардың өздерінің туып өскен жерлерін сүюге, өз Отанын құрметтеуге, оны мақтан етуге, адамның бойында патриоттық сезімнің оянуына және қорғауға бағытталады. Жастардың саяси сезімдерін ояту үшін олардың бойында негізінен, дұрыс қалыптасқан саяси сана, қызығушылық қасиетінің болуы, бәсекедегі қабілеттілігі және жан - жақтылық болғаны жөн. Дұрыс саяси сана қалыптасқан адам саяси процесстерге қатыса алады немесе өзінің істеп жүрген саласында өз құқықтарын, саяси ұстанымдарын ажырата алады.

Елімізде неліктен, жастарда ғана емес, ересек адамдардың да саяси санасы мен сауаттылығы мүлдем жоқтығына әртүрлі себептерді айта аламыз. Мысалға, бұрын Кеңес Одағы билікте болған кезде Қазақстан оған тікелей бағынышты болды. Елімізде ол заманда, саясаттану ғылымын білуге, тіпті оқуға тыйым салынды. Оны адам оқитын болса, ол халық жауы, Кеңес Одағының билігіне қарсы және партияға да қарсы буржуазиялық ғылым ретінде есептелінді. Ол заманда адамның жеке ойының, көзқарасының болуына шейін тыйым салынды. Қарсы шыққандар ату жазасына кесілді. Міне, осы бір себеп үшін қазір Қазақстан басқа шет елдерден бірнеше жылға қалып қойған, әлі де дамушы ел ретінде өмір сүріп келе жатыр. Екінші себеп ол - елімізде саяси пікірталастық дебаттар, ұйымдар көп ұйымдастырылмайды. Қазір, осындай саясат туралы бағдарламалар да көп кездеспейтінін айтсақ болады. Тағы бір себеп, ол - қазіргі саясат ғылымын таңдаған адамдардың өз жұмыстарында мүмкіндіктерін шектеуі. Мысалға, оқу орындарында оқып, университетті бітіріп, өз оқығанын, білімін практикада қолданбауын айтсақ болады. Яғни, өз кәсібін ары қарай дамытпай, қоғамдық саяси жұмыстарға қатыспайтындығын айтқым келіп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, ол - қаншама оқу орындарынан өтіп, білімі көп бола тұра өзінің ойын жеткізе алмайтын саясаттанушылар. Мықты саясаттанушы болу үшін қаншама практикадан өтіп, не дегенмен адамдармен қарым - қатынасқа түсе білу, саяси өмірде белсенді болу маңызды.

Қорытындылайтын болсақ, жас азаматтардың саяси мәдениеті оның саяси белсенді болуына ықпал ететін фактор болып табылады. Әрине, жастардың бойына қазірден бастап саяси сауаттылықты қалыптастыратын болсақ, келешекте олар өз Отанын жауға бермейтін, қорғайтын, оны сүйетін, сонымен бірге, өзінің мемлекеттегі азаматтық құқығын білетін азаматқа айналады. Саяси мәдениеттің қалыптасуы елдегі саяси үрдістерден және жаңалықтардан хабардар болуына, саяси өмірде өз шешімін қабылдауына негізделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар бос уақыттарын дұрыс пайдаланып жүрме
Қазақстан Республикасындағы жастар мәселелері, жағдайы ,әлеуметтік саясаты
Азаматтық қоғамның және оның саяси институттарының дамуы. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы туралы
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
Жастардың құқықтық мәдениеті
Жастар саясатының бағыттары
Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz