Қазақстандағы 1920-1930 жж. шығармашылық интеллегенцияға қарсы саяси репрессиялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы


№2 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақстандағы 1920-1930 жж. Шығармашылық интеллегенцияға қарсы саяси репрессиялар

Мамандығы: Электротехника және энергетика

Орындаған: Тасболат Шерхан Оспанұлы Тобы: ЭЭк 20-7
(Аты-жөні)
Тексерген: т.ғ.қ. проф. Берлібаев Б.Т
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

13 қараша 2020ж


Алматы 2020
Жоспары;
Кіріспе
Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес
Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
Қазақстандағы саяси репрессия
Қазақ КСР-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ тарихының қатпарлы қойнауына үңіліп, ата-бабамыздың өткен өмірін ақылмен көз алдымыздан өткізгенде қуаныштан көрі қайғы-қасіретті басынан көп кешкен тарих көшіне куə боламыз. Ұлан-байтақ жерімізге көзін тігіп, иемденем деген жат ниетке қарсы қанын төгіп, жанын беріп соғысқан бабалар көшімен рухани сұхбаттасқандай боламыз. Ұлттық намыспен қаруланған, ұлттық рухы биік хандарымыз бен батырларымыздың, данагөй жырауларымыз мен ақындарымыздың, қара қылды қақ жарған билеріміздің, батагөй қарттарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың аманатына кездесеміз. Ол аманат-қазақ баласының елдік пен ерліктен ажырамауы. Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді,оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды.Өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірбиесі,асыл қазынасы.Сондықтан Қазақстан ұлттық бірегейлі және біртұтас болу үшін оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт.Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұсарын ақиқатты тұрғыда зерттеп,парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы.Себебі,тарих ғылымы жарқын болашақтың негізі.Ұрпақ арасындағы білім мен біліктілікке негізделген тарихы сабақтастықты жалғастыру,дамыту арқылы ұлттың рухы биікке түседі.Тарих дегеніміздің өзі бір ұрпақтың жасаған құндылығының екінші ұрпаққа ауысуы.Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ тарихының қайғысы мол,қасіреті ауыр парақтың жеткілікті.Қазақ елінің заңғар ойшылы Әбіш Кекілбаев айтқандай адам да қоғам да ешқашан өз тағдырына өзі енжар қарап көрген емес,сондай ақ халықта өз тағдырына өзі еш уақытта немқұрайлы қарай алмаған.Небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар мен тарихи құблыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек.

Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес
1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге секіріп өту мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы
болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің қателіктерін ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.
Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі халық жауларын, жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды әшкерелеуді ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.
Қазақстандағы саяси репрессия
Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе алпауыт əлеуметтік эксперимент жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға халықтар достығының зертханасы деген анықтама беріледі.1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында И.Сталин: Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50 - 100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет, -- деп мəлімдейді. Барлық халықтар көсемі осы жүгіріп өтуге қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.1937 - 1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін жетіп алып, озып кету, жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты халық жауларын табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын партия мен халыққа бөтен элементтер арасынан іздеу көзделеді. Мұндай бөгде элементтер ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің басқаша ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар, ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде Халық дауысы айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.
Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай -- ОАК) И.Сталин қол қойған Социалистік меншікті нығайту туралы Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің заңнамалық базасы болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде Отанды сату туралы, 1934 жылы 1 желтоқсанда Террористік актілер туралы, 1937 жылы 2 қазанда Зиянкестік пен диверсия туралы Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай -- ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға физикалық əсер ету шараларын қолдануға рұқсат беріледі. Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, Үштік, одан кейін Екілік деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі. 1937 - 1938 жж. репрессия науқанының күшеюіне 1936 жылғы 29 шілдедегі Б (б) КП ОК барлық партия ұйымдарына жіберген сақтық пен жауды тани алмау барысында жіберген қателіктер мен олқылықтарды тез арада жоюды талап еткен Жабық хаты ықпал етеді. Бұл құжатта контрреволюциялық жұмыстардың ұйымдастырушылары ретінде кезінде Қазақстанда жұмыс істеген И.Рейнгольд пен С.Мрачковскийдің аттары кездеседі. Аталған хат басқа одақтас республикалардан халық жауларын табу бойынша артта қалып жатқан Қазақ Өлкелік комитеті (əрі қарай -- Қазөлкеком) басшыларының жұмыстарын жеделдетуге түрткі болады.Б (б) КП Қазөлкеком жоғарыдағы хат бойынша 1936 жылдың 5 тамызында (№ 1 құжат) жəне 43 контрреволюция өкілдері табылып, жұмыстан шығарылды деген көңіл жұбатарлық сан пайда болған 1 қарашада 2 рет жиналады. Жиналысты барлық облыстық жəне аудандық, қалалық партия комитеттеріне Б (б) КП ОК 29 шілдедегі Жабық хатын жан-жақты талқылау жəне партия ұйымдарында қырағылық пен жауларды тани алмауға байланысты олқылықтарды жою, сонымен қатар əр 5 күн сайын Жабық хатты талқылау барысы туралы Қазөлкекомға жəне С.Нұрпейісов пен Г.Асриевқа хабарлап тұру міндеті жүктеледі.Партия арасынан ұлтшылдарды, халық жауларын табу үшін барлық партия ұйымдарына əр коммунистің идеологиялық-саяси деңгейін көтеру, еңбекшілер арасындағы саяси үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, халық жаулары орналасқан ұяларды аяусыз жою, үнемі большевиктік ұйымдасу жағдайында бəріне дайын болу туралы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар халық жауларын табу сияқты төтенше маңызды жəне шешуші жұмыстарды күн сайын барлық партия ұйымдары мен əрбір коммунистердің көмегімен кез келген жерде жəне кез келген жағдайда жүргізуге бұйырады.Қазақстанның партия басшылары жоғарыда аталған пленум шешімдерінің орындалуының қорытындыларын қызу талқылап жатқанда, ІІХК репрессия механизмін іске қосады. Барлық ел ішінде жаулар мен тыңшыларды анықтаудағы кезекті іс-шаралар басталады. Олар елдегі барлық ұлттарды, партия қызметкерлерін, əскери қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін, ірі өнеркəсіп басшыларын да қамтиды. Оларға фашистер мен ұлтшылдардың тыңшылары жəне т.б айыптар тағылып, қуғындалады. Республика аумағында халық жауын анықтайтын жиналыстар мен активтер қатары көбейеді.Зұлмат қуғын-сүргін жылдары халық арасында бір-бірінің сыртынан арыз жазу, өсек айту сияқты кертартпа əрекеттер етек алады. Ел ішінде өсек айту əр заманда да есеп айырысу мен қызмет сатысынан көтерілу құралы болып есептелген болатын. Осы жылдары туыстарының, жақындарының, таныстарының ту сыртынан өсек айту мемлекет тарапынан көтермеленіп отырады. Отызыншы жылдары, одан кейін де кейбіреулер қызметін көтеру үшін қуғындалған əке-шешесінен бастартып, тегін өзгертеді, мүмкін болған жағдайда ұлтын да өзгерту фактілері жиілейді. 1926 - 1937 жж. аралығында КСРО-да украин, еврей жəне т.б ұлттардың санын азайту есебінен 7 млн. орыс пайда болады. Өсек айту індеті елдің барлық өңірлеріне таралады. Адамдардың бірін-бірі көрсетуі тұрмыс, отбасы жағдайындағы келіспеушілік, көре алмаушылық, қызғаныш сияқты ұсақ мəселелерден де тұрады. Олар өсекшіліктің негізгі сипатына халық жауларын ұстау деген саяси астар беріп, жалған ниеттерін жасыруға тырысады. Домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылады. Əрбір саяси істе бірге қызметтес болғандардың, таныстардың, жалған куəгерлердің, өз еркімен немесе əр түрлі қоқан-лоққы шаралардан қорқып, мəжбүр болып жазған құжаттар да болады. Осылайша сан мыңдаған адам қанды құрықтың құрбаны болады.Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды жоғарыдан берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды.
Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. Бұл бұйрықта: Операция 10 тамыздан бастап Өзбек, Түркімен, Тəжік жəне Қырғыз КСР-да, 15 тамыздан бастап Красноярск өлкесі мен Шығыс-Сібір облыстарында басталсын, -- деп нақты көрсетіледі. Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И.Сталин С.Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С.Реденс рұқсат деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37 - 38 адамнан, ал наурызда 53 - 54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы жау элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады. Б (б) КП ОК 1937 жылғы 17 қарашадағы Кеңес үкіметіне қарсы элементтер санын көбейту туралы шешіміне сəйкес 1937 жылдың 19 қарашасында отырыс өтеді. Отырыс барысында қабылданған шешімге бюроның 7 мүшесі қол қояды. КСРО ІІХК 1937 жылы 31 шілдеде бекітілген бұйрығымен республикалық, өлкелік жəне облыстық Үштіктер құрылады. Оның төрағалығына -- ішкі істер халық комиссарлары, өлкелік жəне облыстық ІІХК басқармаларының басшылары, мүшелігіне -- одақтас республикалардың орталық комитеттерінің, өлкелік жəне облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары мен республикалық, өлкелік жəне облыстық прокурорлар енгізіледі. Үштіктер -- ату, жер аудару, 8 -- 10 жыл мерзімге лагерге жіберу немесе түрмеге қамау туралы шешім қабылдап отырады. Осы бұйрықпен Қазақстан облыстары бойынша үштіктердің құрамы бекітіледі. Оның құрамына бастапқыда енгізілген 24 адамның кейіннен 15-і қуғын-сүргінге ұшырайды.1937 жылы 30 шілдеде Қ (б) КП ОК хатшысы Л.И.Мирзоян И.В.Сталинге Қазақстанда ұлттық- фашистік ұйымдардың қамауға алынған жəне көзге түскен мүшелері туралы хат жолдап, қамауға алынған 14 лауазым иесінің тізімін береді. Сонымен қатар өнеркəсіптік кəсіпорындарда, көліктер мен əр түрлі облыстық, аудандық мекемелерде жұмыс істейтін 400-дей адам қамауға алынғандығын жеткізеді. Хатта ҚОАК төрағасы Ұ.Құлымбетов мəскеулік (Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов) орталықтың басты өкілі, Қазақстандағы контрреволюциялық қозғалыстың ұйымдастырушысы деп көрсетілсе, сол кездегі Алматы обкомының хатшысы Ж.Сəдуақасов пен Батыс Қазақстан обкомының хатшысы С.Сафарбековтің контрреволюциялық ұйымдарға қатысы туралы тексеріліп жатқандығы туралы хабарланады.
Л.Мирзоян И.Сталинге жазған осы хатында: ...Некоторые арестованные в своих показаниях приводят фамилии многих старых казахских работников, в частности упоминаются в двух показаниях фамилии нынешнего секретаря Алма-Атинского обкома Садвакасова и секретаря Западно-Казахстанского обкома Сафарбекова. Сейчас выясняем правильность этих материалов насчет этих двух секретарей..., -- деп жазады. Сонымен қоса Ұ.Құлымбетовтың қамауға алынуына байланысты, Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, С.Ходжановтың берген жауаптарынан ұлтшыл- фашисттік ұйымның нақты мүшелері туралы ақпараттарды тезірек алуға мүмкіндік бар деп көрсетеді.
Партия отырыстарының күн тəртібіне айналған басшылар арасынан халық жауын, тыңшыларды іздеу 1937 жылы 1 - 5 тамыз аралығында өткен Қ (б) КП ОК Пленумында да талқыланады. Пленумда Қазақстандағы троцкшіл-оңшыл жəне ұлтшыл-фашистік элементтерді əшкерелеу мен анықтау бойынша Б (б) КП ОК мен ҚКСР ІІХК өткізіп жатқан іс-шараларды жалғастырып, барлық контрреволюциялық элементтерді түбегейлі жою туралы шешім қабылданады. Республика басшылары арасынан халық жауларын іздеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бюроның əрбір отырысында партия қатарынан шығарылған жəне қызметінен босатылып, қамауға алынған басшылар туралы ақпараттар артады. 1937 жылы 21 тамыздағы Қ (б) КП Алматы қалалық комитетінің кезекті бюро отырысында Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Сəдуақасов туралы мəселе қаралып, оның контрреволюциялық ұлтшыл элементтермен байланысы барлығы туралы бірқатар материалдардың анықталуына байланысты, Қ (б) КП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босату жəне қалалық комитеттің бюро құрамынан шығару туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар, бірқатар партия мүшелері, Т.Жүргенев, С.Есқараев сияқты мемлекет басшылары халық пен партия жауы ретінде партия қатарынан шығарылады. Кеңес үкіметін орнатуға атсалысып, партияға адал қызмет еткен басшылар бірінен соң бірі қамауға алына бастайды. Партия қатарынан шығарылған мемлекет басшыларына жалған жала жауып, халық алдында қаралау саясатын мерзімдік басылымдар ерекше қарқынмен жүргізіп, қамауға алынған жəне қамауға алынуға тиісті халық жауларына арналған негізсіз мақалалар көбейеді. Осындай жалған жалаға толы мақалалардың бірі 1937 жылы 22 қыркүйекте Казахстанская правда газетінде жарияланған К.Пуховтың На поводу у буржуазных националистов мақаласы репрессияның жаңа толқынын туғызады. Мақала авторы Қ (б) КП ОК бірінші хатшысы Л.Мирзоян мен белгілі республика басшыларын буржуазиялық ұлтшылдарды анықтауға салғырттық білдіріп, халық жауларын қорғайды жəне бүркемелейді деп айыптайды. Мақала авторы əсіресе республика басшылары Ж.Сəдуақасов пен Ұ.Құлымбетовке көп тоқталады. Ол ҚОАК бұрынғы төрағасы Ұ.Құлымбетовты əшкерелеудің ұзаққа созылғандығын айта келіп, оны Ж.Сəдуақасовтың қатты бүркемелегенін айта келіп, оны пленумда Ұ.Құлымбетовтың қылмысын көрген азаматқа сөз бермей, əдейі тосқауыл болды деп айыптайды. Мақала жарыққа шығардан сəл бұрынырақ, яғни 17 қыркүйекте, Ж.Сəдуақасов халық жауы деген жалған жаламен қамауға алынған болатын. Сондықтан, К.Пухов Ж.Сəдуақасовтың партияға қарсы ұлтшыл топтардың белсенді мүшесі болғандығының əшкереленгендігін, оны Л.Мирзоян бастаған республика басшыларының қолдауына қарамастан, партияға қарсы қылмысын тергеу туралы шешім қабылданғандығын қуана хабарлайды. Жалған жала мен жазықсыз қаралауға толы мақалада былай делінген: ...На августовском собрании партийного актива Ленинского района в Алма-Ата коммунисты во весь голос заговорили о том, что Кулумбетов не случайно укрывал секретаря Алма-Атинского обкома партии Садвакасова. Сам Садвакасов был активным участником ряда антипартийных националистических группировок в Казахстане. Сидя в президиуме собрания, Садвакасов, пользуясь своим высоким положением, пытался грубыми, начальническими окриками заткнуть рот коммунистам. Не удалось! На активе открылась острая борьба. Нажим руководителей собрания, поддержавших Садвакасова, не помог. Большинством голосов было принято решение расследовать преступление Садвакасова против партии. Два дня спустя республиканская газета Казахстанская правда робко заикнулась было о решении партактива. Не понравилось это т.Мирзояну. В день выхода злополучного номера газеты он громогласно, на заседании бюро ЦК, разнес заместителя редактора за необоснованные, по его словам, нападки газеты на Садвакасова. ЦК КП (б) Казахстана волей-неволей должен был убрать Садвакасова с поста секретаря Алма-Атинского обкома и горкома партии.
Жоғарыдағы мақала жарияланғаннан кейін бір аптадан соң, яғни 1937 жылы 29 қыркүйекте, Л.Мирзоян Қ (б) КП бюросының отырысында журналисттің барлық беделді партия қызметкерлеріне, мемлекет қайраткерлеріне, танымал басшыларға күйе жаққандығын айта келіп, барлық айыптарды жоққа шығарады. Ол мақаланың тек жалған фактілерден тұратындығына өзінің таңданысын жасырмай: Я должен сказать, что, когда прочел эту статью, был немало удивлен, но не тем, что написали, писать, можеть быть, надо было и почаще. Надо писать о недостатках нашей работы, в частности, о недостатках на этом участке, но почему врут, причем, во многих местах буквально нахально врут..., -- деп республикаға танымал басылымды қатты сынға алады. Ол өзімен бірге қызмет етіп, сенімді серігіне жəне адал досына айналған, сол сəтте халық жауы деген жаламен қамауда отырған Ж.Сəдуақасовқа қатысты айыптауларға сенгісі келмей: ...Что мы поддерживали кандидатуру Кулумбетова -- это верно. Что мы поддерживали Садвакасова, да еще как поддерживали -- я никогда не откажусь от этого. Считали его партийным человеком и крепко в нем ошиблись. Я не помню, чтобы так крепко ошибался, как в Садвакасове. Отношение к Кулумбетову. К нему было отношение, как мало партийному человеку. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері
Қазақ КСР
Пәндер