Пішудің техникалық талаптары және мата лекалоларының жайылмасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Пішудің техникалық талаптары және мата лекалоларының жайылмасы

Декатирлеу - мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі[16].
Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Пішппй тұрып матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.
Көптеген маталарды пішпес бұрын (түкті маталардан - барқыт, шибарқыт, астарлық саржадан, кейбір жасанды жібектер, сулық киім (плащ) түріндегі маталардан басқасын дымқылдап алады.
Дымқылдау - киімді отырып қалмас үшін дымқылдап алу. Мақта-мата, шұға, штапель маталарды дымқылдап алып, бұрамай, жай ғана сығып, содан кейін бой және арқау жіптерінің түзу түсуін қадағалап, іліп қою керек. Бұдан кейін матаны дымқыл күйінде теріс жағынан үтіктейді. Жүн және тағы басқа жасанды талшықтарды дымқылданған ақжаймаға орап қояды. Содан кейін пленкамен орап, 2-3 сағат бойы үстінен салмақты нәрсемен бастырып қою керек. Ақжайманы сірке су ертіндісімен сулауға болады.(1 ас қасық 2л жылы суға қосады). Матаны жартылай кептіреді де, теріс жағынан жұқа дәке немесе матамен үтіктейді. Түрлі түсті, әсіресе, бояуы мол маталардың бояуын тексеру үшін біршетінен дымқыл мата арқылы үтектеп көреді. Барлық маталарды пішуден бұрын үтіктеп алады.
Матаның өңін, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Орамадағы жүн матаның өңін, әдетте ішіне, ал жібек маталардың өңі сыртына қарайды. Қайырмалы маталардың өңі ішіне қарайды. Матаның кенере тесігінің бүртігі бар жағы өңі болып табылады. Ұзын арқау жібі көлденең жауып жататындықтан сәтеннің өң жағы жылтыр болады. Егер матаның екі беті де бірдей болса, сапалы жағы өңі болады. Түкті маталардың теріс жағынан әрбір 50-60см сайын түктің бағытына қарай бағдарша салып, бір жағына қарай пішеді: барқыт пен вельветтің түгін жоғары қаратып (реңнің бірдей болуы үшін, түкті маталардың түгін төмен қаратады. Бұйымның өрнегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыңдыққа арналған той көйлегін тігу технологиясы
Мини ұзындықтағы сәнді көйлектер
Сәннің болашақ бағыттары
Ерлерге арналған маусымаралық пальто тігу
Дайындау пішу цехы
Әйелдер жакетін дайындауға жобалық-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
Фигуралы бедерлі көйлек тігу
Қою түсті көйлектер
Жоғарғы сыныптың қыз балаларын еңбек сабағында ұлттық нақыштағы салтанатты көйлегін тігуді үйрету
Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау
Пәндер