Философия анықтамасы
Оқытушы:Нургалиев.Н.А.
Студент :Бақтыбай.А.Р.
Топ :Биотехнология-208
ОСӨЖ
1-2.Жұмыс.
1.Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады... және сенің өзіңде өмір сүреді деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.
Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері - туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды.
Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.
Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі - зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл - сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.
Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар - бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.
Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады.
Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын деген сөзі өзекті болып табылады.
2.Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Сократ: Философия -- ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету
Геродот: Философия -- білімді, ақылдылықты сүю
Аристотел: Философия -- ғылымдар негізі.
Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: Философия -- ақылдылыққа құштарлық -- дейді. Аквинат: Философия -- барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім- дейді. М. Монтень: Философияның қайғылы, іш пыстыратын, нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі -- ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі -- дейді. Т. Гоббс: Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі дейді. Декарт: Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім-дейді. Фихте: Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты-деген.
Осы анықтауларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:
1. Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo -- сүйемін, sophia -- даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.
2. Философияның басы -- таңдану. Сократ Менің білетінім -- мен ештеңе білмеймін дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
3. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.
1. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл -- байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.
2. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.
Философияның анықтамасы: Философия -- бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент -- Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: Философия...- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:
1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;
2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;
3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.
Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ дейді.
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:
1. Мен не біле аламын?
2. Мен не істеуім керек?
3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?
4. Адам дегеніміз не?
Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне -- дін, төртіншісіне -- антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. ...Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады.
Философияның функциялары
1) көзқарастық -- философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады. Көзқарас -- адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.
2) рациональды жүйелеу -- философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді
3) сыни -- философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz