ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу.
Ақтаңдақ беттер деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылғы ақпанда қолданылған екен. Қазақ тарихының өз зерттеушісін күтіп отырған ақтаңдақтары көп екендігіне әрбір тақырыпқа жеке-жеке тоқталады. Қазақ халқының тарихында Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны айтуға болады. Бақ-дәулет басымыздан ұшқан заманда қазақ халқы іргелі көршісі Ресейге үлкен үмітпен қол созды. Патшалық Ресейге бағынышты ұлтқа айналуымыздың себебі де осы еді. Тарихшы ғалым қазақ тарихын кешенді тарихи зерттеулер үшін қоғамдық ғылымдардың пәнаралық байланыста болуы керек сол кезде зерттеу жұмысы өз нәтижесін беріп қоғам дамуын жеделдетеді бүгін қоғам бізден осыны талап етуде деген пікірлерімен бөліседі. Тарихшының Халық кеңесі газетіне берген сұхбаты Ақтаңдақтар туралы ақиқат деген атпен басылым бетінде жарияланды. Бұл сұхбатта тарихшы: Тарихымыздағы ақтаңдақтар жағдайы ертеден-ақ белгілі еді. Студент болып жүрген кезімізде біздің ұстазымыз, профессор Ермұқан Бекмаханов Кенесары қозғалысы туралы концепциясы үшін жер аударылды.
Кеңес заманында совет үкіметі қазақ жерін иеленуде күштеп ұжымдастыру саясатына көшті. Бұл ұжымдастыру науқанының салдары байырғы ата қонысында отырған қазақ жұртын орны толмас қасіретке душар етті, арты ашаршылыққа келіп тірелді қаншама халық қырылып қалды. Кәсіби тарихшы Т. Омарбековтің архив құжаттары негізінде жазылған баспасөз беттерінде Ақтаңдақтар ақиқаты айдарымен мынадай тақырыпта: Қазақтар шыбындай қырылып жатыр..., Жазықсыз жапа шеккендер, Қазақ неге атқа қонды? сияқты мақалалары жарияланды
Алаш қозғалысы, қайраткерлері әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл қозғалыстың басты мақсаты - Қазақ елін өзін-өзі басқаруға алып келу, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, Өкінішке орай, алаш зиялылары бұл мақсатқа жете алған жоқ. Олар қанды саясаттың құрбаны болып кете барды. Сондықтан, алаш арыстарының есімдерін мәңгі есте сақтау, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек үңілу - бүгінгі ұрпақтың парызы
Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, "Тарих толқынында" сол мемлекеттің тереңнен бастау алған ірге тасы туралы айтылған. "Тарих толқынында" еңбегі 8 тараудан тұрады. Олар:

1) Ұлттық келбетті ұлықтайық

Бұл тарауда автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды.

2)Қазақ даласы - ұлы түркі елінің қара шаңырағы

Қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет - Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады.

3)Мәдениет келешегі

Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады.

4)Алаш мұрасы және осы заман

Қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған.

5)Ұлттық бірегейлік туралы

Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады.

6)Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар

Халқымызлың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруінің себебі жайлы айтылған.

7)Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары

Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану - басты міндет. Осындай ойларын елбасы 7-ши тарауда жазған.

8)Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде

Бұл тарауда Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихының 12 кезеңін атап өтті:

1. Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын көшпелі, ежелгі арийлердің қоныстануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді.

2. Осыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт және тарих
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мәңгілік ел - Қазақстанның ХХІ ғасырдағы ұлттық идеясы. Қазақстан - қазіргі әлем таныған мемлекет
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері
Мәңгілік ел ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Пәндер