Мәдени мұра мемлекет бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті

Сөж

Тақырыбы: Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы

Орындаған:Абдінасыр А.
Тобы:БГ-91
Қабылдаған:Асен З.

Жоспар:
1. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
2. Қазақстанның мәдени мұра жобасын максаты
3. Бағдарлама бағыттары

Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.
Н. Ә. Назарбаев
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы - мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.
Қазақстанның мәдени мұра жобасы -- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ елінің мәдени мұрасы
Қазақстан Республикасының тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау
Қазақстанның өркениетті мұрасын шетелден ынталандыру
Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелері
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: СОҢҒЫ “МӘДЕНИ МҰРА”
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту
Халық тарих толқынында тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастары, мәдени ынтымақтастығы, мемлекеттін сыртқы функциясы
Деректер негізінде тарихи - мәдени ескерткіштердің қоғам үшін өзектілігін анықтау
Пәндер