Академиялық адалдық ережелерін бұзуға көмектесу


10 билет
Орындаған:Талаосва Аружан
Академиялық адалдық ережелерін бұзуға көмектесу
Қос тапсыру - білім берушінің рұқсатынсыз, бір жіберген тапсырманы екі қайтара жіберу.
Өзін басқа адамға беру/өзін басқа тұлғамен ауыстыру.
Емтихандар, сынақтар, диагностикалық зерттеулер, зертханалық жұмыстар кезінде өзін басқа адам ретінде көрсету немесе басқа адамның орнына емтихан тапсыру.
Рұқсатсыз кіру Білім алушы алдау арқылы академиялық мақсатта емтихан материалдары мен тест сұрақтарын алдын ала дайындап, шпор арқылы тығып кіру.
Деректерді рұқсатсыз тарату . Құпия деректерді басқа адамдарға рұқсатсыз тарату.
Академиялық адалдық ережелерін бұзылуына көмек көрсету ол академиялық адалдықтың ережелерін бұзуға жатады және осы Кодекске сәйкес келеді. Мысалы, бұл ереже бұзушылық студент басқа студентке басқа сабақта берілген тапсырманы және тапсырманың жартысын қайталауға және оны өзінің тапсыруы ретінде беруге рұқсат бергенде бұзылады.
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
оқуға - біздің негізгі міндетімізге - жауапкершілікпен қарау
сапалы білім алуға талпыну, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру
ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес
өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру
өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.
Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында студенттерге арналған міндеттеріміз:
... жалғасыМемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес білім алу
Келісім-шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;
Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;
Колледждің барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледждің басқару органдары арқылы, қатысуға;
Колледждің кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;
Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен семинарларға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
Студенттік өзін -өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
Колледж қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;
Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын колледждің мәртебесін арттыруға;
Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, Жоғарғы оқу орталығы оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға
Колледждің мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға
Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді болдырмау
Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, төмендегілерге жол бермеу
академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында өзіне көмектесу мен басқа біреуге көмектесу мақсатында мәліметтер алуды, көшіру, заңсыз материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау
бөгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды өзінің жұмыстарының нәтижелері ретінде көрсету немесе пайдалану
тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау, жалған сөйлеу, көшіру, мәліметтерді өзгерту немесе пайдалану
өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өздеріне берілген құқықтар шеңберінде студенттер марапатталуы мүмкін. Ол үшін колледжде марапаттаудың әртүрлі формалары мен түрлері болуы мүмкін;
өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, адалдық кодексін орындамағаны үшін оқудан шығару
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz