Т. Ахтановтың прозасындағы соғыс тақырыбы (Қ. Қайсенов Жау тылында, Б. Момышұлы Соғыс психологиясы (академиялық дәрістер), Ә. Нұршайықов Ақиқат пен аңыз, т. б. )


СОӨЖ- 4
Тақырыбы: Т. Ахтановтың прозасындағы соғыс тақырыбы (Қ. Қайсенов «Жау тылында», Б. Момышұлы «Соғыс психологиясы» (академиялық дәрістер), Ә. Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», т. б. ) .
Пән: Қазіргі қазақ әдебиеті
Тексерген: аға оқытушы Юсуп. А
Орындаған: 301-студенті Орынбасар Роза
Қазақ әдебиетіне Ұлы Отан соғысынан кейін аяқ басқан Тахауи Ахтановтың шығармашылығының қалам тарар негізгі тақырыбы осы соғыстың айналасы. Жазушының соңғы туындыларының бірі әрі бірегейі «Шырағың сөнбесін» романы. Онда жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі шытырман соғыс қасіретінің сұмдығын әр қырынан ашып, көрсетеді. Қанды қырғынның адам басына салған ауыр нәубеті еріксіз ойландырады. Романдағы басты кейіпкер қазақ әйелі Нәзираның образы арқылы талай ойлар айтылады. Шығарма Нәзираның атынан баяндалады, соның көзімен берілетін соғыстың қатал шындығы оқырманды әр түрлі күйге түсіріп, адам тағдырының ойыншыққа айналғаны қынжылтады. Бастапқыда жеңгесіне еркелеп, жігіт сүйіп бақытты боп жүрген Нәзира еріксізсоғыс жағдайының бел ортасына түседі. Ол күйеуінен айырылған соң, заманның әділетсіздігінен зардап шегеді. Осының бәрін тастап, бір жаққа қашқысы келеді бірақ, алдынан қайда барсада алдынан аңталап соғыс шығады. Адам өміріндегі күрделі құбылыстарды психологиялық тұрғыдан тарқатып бас кейіпкер Назираның апасы айтқан“адам баласы ең алдымен шырағын сөндіріп алмау керек”, - деген сөздері Назираға күш-қуат бере алды. Сол себептен осы роман-эпопеясы “Шырағың сөнбесін”деген тақырыппен алынған. “Шырағың сөнбесін” диалогиясы - Тахауи Ахтановтың ерекше бейнетпен, иін қандыра жазған шығармасы.
Ұлы Отан соғысына арналған ең алғашқы әрі көлемді шығармасы «Қаһарлы күндер». Романның басты кейіпкері - Ержан. Ержанның бейнесі толығымен ашылады. Жазушы кейіпкердің ішкі дүниесін ашады және оның адамгершілік болмысын танытады. Ержанның айналасына, табиғатқа деген сүйіспеншілігі, арманға толы асқақ сезімі, туған жерге деген махаббаты Отанын, даласын, ормандарын, көлдерін қимай қоштасқан сәттерінен байқауға болады. Ержан бірінші рет майдан даласына енген кезінде басынан бұрын өткенмеген жағдайларды көріп, Уәли атты жігітпен арадағы жанжалдың тууы, оның майдандас жолдастарының көз алдында ажал құшуы, өзінің көңілі ұнатқан қыз Раушанды Уалидің алдауы оның жанына әсер етті және оның армандары тек қиялдардан тұрғанын, шынайы өмірде бәрі де басқаша екенін түсінді. Роман оқығаннан кейін, жазушы адамның шынайы адамзат проблемалары мен кейіпкерлердің жүрегіне деген сүйіспеншілігімен әмбебап гуманизмді қарастырады. Адамзаттың ең қасиетті қасиеттерінің бірі - азаматтық борыш, ал романнан Отан туралы және азаматтық борыш туралы роман көре аламыз. Ерлік ешқашан уақыт пен жерді ескермейтінін ескере отырып, Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» туындысы қазіргі заманымыздың XXI ғасырдағы жастардың идеясы ретінде бейнеленген.
Әр кезеңдердегі осы кезге дейінгі қазақ ақын-жазушылардың шығармаларын оқи тотырып, сол дәуірдің тарихпен байланысын көреміз. Мысалы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиетке тоқталатын болсақ, сол саптағы қаламгерлердің басында Бауыржан Момышұлы тұрады. ОлҰлы Отан соғысының басынан кіріп, аяғынан шыққан, ерлігі елдің есінен кетпейтін талантты да қаһарман қолбасы. Б. Момышұлының лекцияларында, хаттарында, естеліктерінде, соғыс үстінде қойын дәптеріне түсірген қолжазбаларында соғыс шындығын жазу туралы міндетке аса зор мән берілді. Осы бағыттағы ойлар, майдан даласында бастан өткергендері мен көзбен көргендері соғыстан сау оралған сардардың жазбауға мүмкіндігін қалдырмады. Қолбасы өзінің кітаптарында соғыс адамының образын шын қалыпта, ол шайқасқа қалай кіріп, одан қалай шықса, тура сол қалыпта, сол күйде сомдады. Олар автордың өзі айтқандай, қанмен жазылған кітаптар еді.
Соғыс жағдайындағы адам тағдырын үлкен эпос жанры заңдылықтарына сай суреттеген Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия», Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» секілді романдары - ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің үлкен жетістіктері. Олар әлем әдебиетінде соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың қандайынан да кем түспейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz