Н. Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары.

Елбасымыздың тәуелсіздік жолында бірден - бір толық, жан - жақты қарастырылып жазылған туындысы - Ол Тәуелсіздік белестері еңбегі болып табылады. Бұл еңбекті негізінен жазуға арқау болған нәрсе ол президентіміздің Қазақстан-2030 стратегиялық жолдауы және жыл сайын шығып отыратын жолдаулары, сонымен қатар елбасының ассамблеясында, түрлі жиналыстар мен симпозиуымдарда сөйлеген сөздері негізінде жинақ болып жарық көрген еңбек болып табылады . Бұл туынды 2003 жылы Алматыда Атамұра баспасында президенттің бұйрығымен басылып шықты . Бұл еңбек жалпы алғанда тәуелсіздік жайында сипатталып, нақты мәлімет беретін еңбек болып табылады және жалпы қазақ халқына арналған, сонымен бірге тәуелсіздікті толық ашып көрсететін нақты дерек болып есептеледі . Бұл еңбекте ең басты көтерілген мәселелер ең алдымен Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен жолдауларды жүзеге асыруды және дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді мәселелерді көтерген. Еңбектің маңыздылығы сол - бұл еңбек ел болып қалыптасып, еңсемізді түзегелі бері өз атамекенімізде тәуелсіз, жан жақты тарихи негізі, дәстүрлі халықтық бояуы бар нақышта жарық көрген ғасырдың біртуар туындыларының біріне айналып отыр . Еңбекте мемлекетіміздің тәуелсіздік алуының ұлттық сипаттағы негізгі алғышарттары, Еуразия кіндігінде орын тепкен ұлан даланың, еркіндікті сүйіп өскен халықтың арман мүддесінен, мақсат - мұратынан туған барлық белестердің нелер көріністері аталған. Елбасының жыл сайын қазақ халқына жолданатын сөздерінің өзі бүгінде елу ел қатарына қосылам деп талпынған мемлекетіміз үшін негізгі тетік, басты бағыт болып отыр. Сондықтан сол Жолдаулар шоғырының еңбекте бұлтартпай берілуінің өзі бұл еңбектің ролі ерекше, маңызы елеулі екендігінің нышаны емес пе?

Жалпы осы тарауды қорытындылайтын болсақ, қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күресіп келді . Өзінің таңдаулы қасиеттерінің, қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай - ақ басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен тату көршілікте тұруға деген ынта - ықыласының арқасында тарихтың тұңғиығына батып кетпей, ондаған жылдардан кейін өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды . Өз басына түскен барлық қиындықтарға қарамастан туған халқының болашағын қамтамасыз етіп, тілін, мәдениетін, дәстүрлерімен бостандық сүйгіш қасиеттерін сақтай білген бабаларымыздың көптеген ұрпақтарына құрмет көрсеткеніміз жөн . Осының бәрі, сайып келгенде, Қазақ мемлекеттігінің қайта қалпына келуіне және сонымен қатар Қазақстан өзі армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді.

Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы.

Жеке адамның өзіндік санасының ұлттық санаға айналуы ұлттың руханяты арқылы жүзеге асады. Ұлттың руханияты ұлт болмысының интеллектуалдық өрісі мен деңгейін біріктіре отырып, ұрпақтың тулғалық қалыптасуы мен ел болмысының тұлғалануын қамтамасыз етіп отырады. Ұлттық санамен қалыптасқан және ұлттық зердеге бағынатын жеке адамның рухани ізденістерінің негізінде ел игілігіне ортақ, оның болашағына қызмет ететін танымы, бойындағы қасиеттері, білімі, тәжірибесі мен идеясы қалыптасады. Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей, «Адам жанды нәрселердің ішіндегі ақылдысы, сезімдісі, қайраттысы. Ішіп- жеу жанды нәрселердің бәрінде бар. Адам дүниеде ақылды зат болса, өмір сүруінде де бір ақылды мақсат болуы керек. Тамақтану, нәпсісін ырза қылу, өсіп өнумен хайуанғана қанағаттанады. Егер адам да осындай керекпен ғана қанағаттанып өмір сүретін болса, адамның хайуандық жағы өсіп, ақылды адамшылық жағы өшкен болады». Рухани жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін жүктейтін құбылыс. Рухан жаңғыру жолында адамдар бай кедей деп бөлінбеуі тиіс. Ұлттың мүддесі, тарихтың рухы, елдің болашағы халықтан, әрбір адамнан ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ дүниелерді ғана талап етеді. Ұлттық код жеке адамды өзінің күшімен, рухымен, қасиетімен теңестіреді. Сондықтанда халық игілігін зерделеген адамға алға қойған мақсат, өзі бағындырған белес, шыққан биігі қабілеті, білімі, шығармашылығы арқылы келуі тиіс. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы, зиялы адам ретінде танытатын қасиет жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.

Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының болмысына күш беру. Елбасы айтқандай, «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады».

Рухани жаңғыру ұлт пен оның өкілі жеке адамның кісілік табиғатына тәуелді. Ұлттық санада шынайылық, туралық, ұқыптылық орын алмаса әлеуметтік ортаның даму күші әлсірейді. Осы себептен тарихтың тәжірибесінен, уақыттың елегінен өткен құндылықтар сақталып, адамның қоғамдық ортадағы іс-әрекеті, қоғамдық психология сонымен реттеліп, кез-келген ел мүддесіне қажет нәрсе прагматикалық және реалистік принципте зерделенуі тиіс. Қазақ ұлтының ата мекен кеңістігін игеру, қорғаудағы ұстанымы да осы қағидамен жүзеге асып отырған.

Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасеттері мен рухан құндылықтарға тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген. Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың білім алуына, рухан деңгейінің қалыптасуына қыпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және ғылым туралы кемел түсінігі. Ұлттық тәрбедедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді, ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш зиялыларының болмысына, тархи қызметтеріне қарайтын болсақ рухан жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы. Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманында алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт игілігіне айналдыра алады. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей, «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» Рухани жаңғыру жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы тежеліп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
КЕШЕГІ АЛАШ ИДЕЯСЫ- БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Жекелей тұлғалардың халықаралық қатынастардағы рөлі
Қазақ әдебиеті
Қазақстан тарихын орта мектепте оқыту
Назарбаев феномені
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін
Әнет шешеннің халық жадында сақталған өнегелі сөздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz