ӘБУ НАСЫР ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

УДК индексі

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ - ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ»

Бегелтаева Калдыкул биология пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектеп

Әл-Фараби заманауи Қазақстан аумағындағы Фараб қаласында 870 жылы дүниеге келді. Туған жері Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен. Болашақ философтың әкесі әскербасы және құрметті түрік отбасының өкілі болған. Атақты түрік ұлының толық аты-жөні: Абу-Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Ибн-Тархан ибн-Ұзлақ әл-Фараби ат-Түркі.

Әл-Фараби өмірбаянында балалық шағы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Жасөспірім кезінде Аристотель, Платон шығармалары мен теорияларын оқығанды жақсы көрді. Көбінесе Самарқандта, Ташкентте және Бұхарада өмір сүрді. Біртіндеп әл-Фарабидің білім деңгейі энциклопедияға айналды. Ол логика мен жаратылыстану, медицина және шет тілдерін оқып, музыканы жақсы көрді.

Ғалым білім қуып Бағдат қаласына жалғыз барған. Бұл қала сол кездері мәдениет, ғылым және өнердің орталығы болды. Адамдардың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік құрылымы жоғары болатын.

Аңыз бойынша, Әл-Фараби Бағдатта сот қызметкері болып жұмыс істеді. Бірақ біраз уақыттан кейін ол қызметін өзгертіп сабақ бере бастады. Ғылыми еңбектерден тұратын досының кітапханасын оқығаннан кейін шабыттанып, ғылымға қызмет етуге бел буған. Замандастары философты ақылды және талантты тұлға ретінде білетін. Ойшыл атақты ғалымның атағына ие болып 932 жылы Бағдаттан кетеді [1] .

Философтың шығармалары шартты түрде екі санатқа бөлінеді. Біріншісі ғаламның заңдарына, адамның өміріне және дүниетанымына арналған. Математика, астрономия және геометрия ғылымдарына байланысты заңдарды зерттеген. Сондай-ақ, уақыт пен кеңістіктің тұжырымдамасы туралы теориялар айтқан. Екіншісі жабайы жануарларға арналған жұмыстар мен олардың қолданыстағы заңдарын қамтиды. Олар химия, биология, медицина, оптика және физиканы ғылымдарын қамтиды.

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Әл - Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедист және шығыс рационализмін қалыптастырғандардың бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген. Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның ертедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отырарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Әл-Фараби бабамыздың медицина ғылымына үлкен мән бере қарап, зерттегені жайлы білеміз. Ғалымның көпке танымал болған медициналық трактаттары бар. Ондағы фәлсафалық-медициналық түсінігінде табиғи өнім: от, су, ауа, жер болып келетін төрт элементтен құралады деген. Сондықтан медициналық дәрілердің құрамын суық, ыстық, құрғақ және сулы деп төртке бөлген. Сонымен қатар Әл-Фараби медициналық-пәлсапалық ілімінде былай дейді: " Медицина - тәжірибеден туындаған ілім, өзіне сай белгілі заңдылықтары, аурудың түріне лайықты оның неден пайда болатынын, қалай емдеу керектігін анықтап, адам тәнінің сау болуы үшін күрес жүргізетін сала" дейді. Әсіресе теориялық тұрғыдан кеңірек қарастырған. Бұдан түйетін ой бабамыздың биология пәніне де қосқан үлесінің аз емес екендігі. Медицина жайында «Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», және тағы да басқа еңбектері бар. Бұл еңбектері медицина пәнінің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына «Медицина каноны» атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттарының жіктелуіне арналған «Бесінші трактатында» адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мидың жүйке орталықтары мен сезімтал және қозғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пікір айтады. Ол медицинаның тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою шараларын да іздеген. Әл-Фараби медицинаға көп көңіл бөлгендігі соншалық, адам ағзасының әрбір мүшелерін зерттегенін кейбір еңбектерінде айшықтап көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегіндегі жүрек жайлы айтқан ойларын медицинамен ұштастыра отырып шебер жеткізе білген. Мысалы, «жүрек - табиғи жылылықтың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» және тағы да басқа. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай Әл-Фараби өз кезегінде ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған [2] .

Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен тұстас келді. Араб медицинасы - араб елдері мен ислам дінін қабылдаған халықтар арасында орта ғасырларда жақсы дамыған ғылым салаларының бірі. Шығыста ислам дініне дейін емдеу жұмыстарын ирандықтар, еврейлер, сириялықтар жүргізді. Сол кезеңдегі дәрігерлердің белгілі оқытушысы, ұстазы Харет ибн Кадалахтың (6 ғ. ) араб тілінде жазылған еңбектері қазіргі кезге дейін сақтаулы. Бұл еңбекте тамақты тарта жеудің, денені таза ұстаудың, ішімдікті көп ішпеудің және тағы да басқа негізгі ережелері айтылған. Мұхаммед пайғамбар Кадалахтың әдістемелік тәсілдерін Құраның сүрелеріне енгізген. Аристотельдің медициналық еңбектерін арабтарға алғаш таныстырған - филофсоф, математик, астроном, дәрігер әл-Кинди (шамамен 800 - 870 ж. ) . Ол жазған 20 шақты еңбектің ең елеулісі (“Дәріні дайындау және қолдану мөлшері”) латын тіліне аударылған. Әл-Киндидің дәрігерлік көзқарастарын Әбу Наср Әл-Фараби және Әбу Әли ибн Сина одан әрі дамытты. Әл-Фарабидің “Теориялық және практикалық медицина” деген кітабында араб медицинасындағы ғылыми көзқарастар баяндалған. Әл-Фараби қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсерін алғаш рет айтқан. Оны ибн Сина өз еңбектеріне негіз етіп алған. ибн Сина (980 ж. т. ) философия, математика, медицина және тағы да басқа ғылым салалары бойынша Хиуада білім алып, Гиппократ, Гален еңбектерімен жете танысты. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Бүгінде қолымызда аталмыш ғалымның «Нассан Тиббиян - әл-Кәфи фи сана ат-тиб» атты еңбегі бар. Ол Мысырда хижра жылы бойынша 510 жылы жазылған және қазіргі уақытта «Катар ұлттық кітапханасында» сақталған. Оның мазмұнында адамның күнделікті өмірде табиғатпен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар бас, көз, тері аурулары секілді 900-ден астам аурудың түрі мен емі ұсынылған. Баса айта кететін нәрсе ұсынылған емнің барлығына дерлік табиғи дәрі-дәрмектерді қолдану керектігі ескерілген. Бұған қоса тамақ ішу әдебі мен шарттары да баяндалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Әбу-Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасы
Ғүлама Әль -Фараби
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
Әбу Насыр Әль Фараби жайлы ақпарат
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Әбу насыр фараби және оның ғылыми - философиялық еңбектері және трактаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz