ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫ


УДК индексі
«ӘЛ - ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫ»
Мамбетрзаева Гүлбану математика пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектеп
Тарихты білмей тұрып, қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дүһұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу - кейінгі қрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жазуға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты, Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл - парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі - қазақ топырағынан шыққан Әбу Насыр Әл - Фараби. Фараби және оның шәкірттері ғылым мен мәдениетті дамудағы орнын анықтау, ғылым мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білімпаздар өте ертеден - ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болуы керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Әл - Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді. Астрономия, география және басқа да жаратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми трактаттар түрінде кең тараған [1] .
Әл-Фарабидің математикалық еңбектері: «Ғылымдар тізбегі» немесе «Ғылымдар классификациясы», «Алмагеске қосымша кітабы», «Евклидтің «Бастауының» бірінші және бесінші кітаптарының қиын жерлеріне түсініктеме», «Табиғат сырын геометриялық фигуралар арқылы танытарлық рухани әдістер». Бұлардан басқа да математикаға тікелей немесе жанама қатысы бар көп деректер ғұламаның «Музыканың үлкен кітабы», «Алмагеске түсініктемесі» атты еңбектерінде мол орын алған.
Орта ғасырларда мұндай ғылыми зерттеулер жүргізу, тек өз заманынан жүздеген жылдарға ой-санасы озып туған ғұламаның ғана қолынан келетін еді. Осы еңбектерді жеке-жеке қарастыра отырып Фарабидің аса көрнекті математик болғанына көз жеткіземіз[2] .
Әл - Фараби ғылым тарихында негізінен философ және музыка теориясын жазушы ретінде белгілі болса, А. Көбесовтың зерттеулері ұлы ғалымды математик, жаратылыстану, география ғылымдарының зерттеушісі ретіндегі шынай бейнесін қалпына келтіруге шешуші үлес қосты.
Әл - Фарабидің бай ғылыми мұраларын зерттеуде ғалым А. Көбесов 200 - ден астам ғылыми, ғылыми - танымдық еңбектер жариялады және араб тілінен көптеген аударма жасады. Олардың ішінде кеңінен танымал «Әл - Фараби», «Әл - Фарабидің математикалық мұрасы», «Әл - Фараби еңбектеріндегі астрономия» сияқты еңбектері, араб тіліндегі математикалық трактаттарының аудармалары, «Алмагестке түсініктемесі» және көптеген монографиясы мен кітабы бар.
А. Көбесовтың «Әл - Фарабидің математикалық мұрасы» атты монографиясы ғұлама бабаымыздың ойшыл - математик ретіндегі тұлғасын жан - жақты ашып берді. Бұл еңбекте Әл - Фарабидің геометрия, тригонометрия, арифметика, алгебра және олардың астрономия мен музыкада қолданылуы, сондай - ақ ықтималдықтар туралы ілімі, тағы да сол сияқты мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар, Әл - Фаарбидің бұл еңбектерін өзге ғалымдардың жетістіктерімен тығыз байланыста қарастырған.
Жұртшылыққа, әсіресе математиктер қауымына осы «Әл - Фарабидің математикалыұ мұрасы» монографиясы кеңінен мәлім. Бұл еңбек шетел Әл - Фараби зерттеушілерінің жоғары бағасын алған және ол Әл - Фарабидің математикалық еңбектерін жан - жақты, жүйелі түрде терең зерттелген бірден - бір еңбек ретінде аса зор маңызға ие.
Оның маңыздылығы бүгінгі күнде одан әрі артпаса, кеміген жоқ. А. Көбесовтың осы «Әл - Фарабидің математикалық мұрасы» атты еңбегі, оның ғылыми редакторлығымен шыққан Әл - Фарабидің «Математикалық трактаттар» кітабының шетелде, яғни Американың Мичиган университетінің кітапханасында цифрланған көшірмесі жасалынып, осы университеттің электронды қорында сақтаулы, бұған қоса «Птоломейдің «Алмагесіне» түсініктеме» еңбегінің Калифорния университетінің кітапханасында тұруы көп нәрсені аңғартса керек.
Атап айтар болсақ, Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің профессоры Гарии Дж. Ти «Араб ғылымының тариха» журналында жарияланған мақаласында былай деп жазған: «А. Көбесовтың монографиясы Әл - Фарабидің математикалық еңбектеріне шолу жасалынған алғашқы кітап және Әл - Фарабидің математикасына қызығушылық танытқандар үшін өте маңызды . . . Көбесовтың кітабы Әл - Фараби математикалық еңбектеріні математикасына қызығушылық танытқандар үшін өте маңызды . . . Көбесовтың кітабы Әл - Фараби математикалық еңбектерінің керемет дәйектілігі мен тереңдігін және оның көптеген кейінгі авторларға күшті әсерін көрсетуімен құнды. Ол Әл - Фарабидің шығармаларын зерттейтіндердің барлығына да пайдалы» [3] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz