АБАЙ ЖӘНЕ МҰХТАР: ҮНДЕСТІК ПЕН БАЙЛАНЫС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ ЖӘНЕ МҰХТАР: ҮНДЕСТІК ПЕН БАЙЛАНЫС
Баялиева А. Ж.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік
мәдениетін шексіз сүйетін, өзге халықтың әдебиетін өз халқының әдебиетіндей, терең түсініп,
оны құрмет тұтып, үнемі қошаметтеп отыратын.

Александр Корнейчук

Мұхтар Әуезов - қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа, қазақ әдебиетінің шыңына айналған, қазақ халқының ғасыр перзенті.
Мұхтар Әуезов мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды, оның өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай. Жазушының қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік шығармалары көп - ақ. Оқырмандарының Әуезов мұраларынан алатын тағылымы ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үміті, тарихи болымыс мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.
Абай! Ол - ұлы есімімен жүректің дәл түбін жаншыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, біріқ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжа алған , ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократияшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Біз азат жүрегімізбен, азат зердемізбен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтің творчествосында үлкен орын алған тақырып.
Мұхтар Омарханұлының шығармашылық және өмір жолы байқап отырсақ, әлемге өзінің халқы туралы айту үшін туған. Ол жазушы болған кездің өзінде ол туған өлкесінің шегінен шығып кеткен дарынын бар күшімен ашып берген Абай атты роман-эпопеясын жасады. Эпопеяға ол он үш-он төрт жылдан астам еңбек сіңірді және бұл еңбек оны бүкіл әлемге танытты. Абай туындыларын түгел білген Әуезов эпопеядағы өз кейіпкері үшін халық тағдыры арқылы көрсету жолын алды. Әуезовтің еңбегі - күрделі де қиын. Өмір шындығынан ауытқымай отырып, бүкіл қиялын бір идеяға жүйелеп бағындырды. Қазақ халқының барлық әдет-ғұрыптарын, наным-сенімдерін, аңыздарын, тұрмыс-тіршілігін терең білді. Абай - халық жаны мен халық даналығының жиынтық бейнесі, Абай сияқты шығармалар үлкен де ұзақ өмір сүрді. Мұхтар Әуезов - шалқар шабытты және зор бақытты жазушы. Ол Қазақстанда кең байтақ даладағы қарапайым ғана көшпенділерге ұқсамайтын жаңа қазақтардың еліндегі туған әдебиеттің көшбасшысы атағаны ие болды. Ол өзінің жанқиярлық әдеби еңбегімен ерлік жасады: қазақтың ұлы ағартушысы және ақыны Абайдың өмірі туралы эпопея жазды, патшалық қанаудың қара түнек қапас арман - мүдделері мен үміттері бейтаныс боп келген халықтың күркелеріне жетелеп енгізді, туған халқының бойындағы бар асылын өз бойына жинаған абзал Абайдың күресі мен өмірін жан-жақты көрсетті. Бұл эпопея бізге тұтас бір әлемді сайға тартты, табиғаттың, тұрмыстың ғажап картиналарымен суреттеді. Әуезов қаламымен тарих қайта тірілді, ауылдар өмірі, адамдар тағдыры бой көрсетті[1] деп Н. Тихонов Заманымыздың зор адамы деген мақаласында пікір білдіруінің жаны бар. Себебі, Әуезовты әлемге танытқан, әдебиеттің биік шыңына шығарған да осы шығарма еді.
Алайда, Абай жолына дейін де Мұхтардың қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табысқа жете алғандығын да мойындау керек. Жиырма жасында Еңлік-Кебек трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтқанда, Қорғансыздың күні, Барымта, Ескілік көлеңкесінде, Көксерек, Қыр әкңгімелері, Жетім, Қараш-қараш оқиғалары, Қаралы сұлу, Қилы заман секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден назарн аударды. Прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсететін осы шығармаларында адамның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психолгиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың дәстүрлі тіршілігін, тынысын, ұлттық мінез-құлқын мейлінше қанық, толық суреттей білген.
Жазушы адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психолгиялық прозаның үлгісін әкелді.
Николай Погодиннің Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай деуін де үлкен мағына бар. Абай - үлкен реалист ақын. Ол өз заманының өмір шындыған суреттеп, халқының мұң-мүддесін жырлаған биік поэзия жасады. М. Әуезов болса, ол да сол заманның өмір шындығын тұтас қамтып, халық өмірінің ойы мен қырын қопара суреттеген көркем прозаның, кең мағынасында, нағыз поэзияның жаңа шыңын жасады. Абай сыншылдық реализм тұрғысынан өз заманының әлеуметтік міндерін сынай, шене суреттесе, М. Әуезов те сол міндерді туғызған себептер мен заңдылықтарды және олардан арылу жолдарын ашып суреттеді. Абайдың эстетикалық мұраты - туған халқының алдан күткен арманына сайса, М.Әуезовтың де эстетикалық мұраты - туған халқының алдағы заманда орындалған арманына саяды. Абайдың қаһармандары - Әуезовтың де қаһарманы, ал Абай - өз творчествосының лирикалық батыры болса, М. Әуезов творчествосының ол - эпикалық батыры.
Оның үстіне Абай мен Мұхтардың туған жері де, өскен ортасы да бір, алған тәрбиесінде де бірыңғайлық бар: Шыңғыстау, Тобықты руы, революциядан бұрынғы Құнанбай ауылы, ауыл мектебі, Семейдегі училище т.т. Ең ақыры, бала Мұхтар жасынан Абай өлеңдерін оқи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің танымдылық сипаты
Абай және шығыс әдебиеті
М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Шәкәрім және Хафиз: өнер философиясындағы үндестік
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Пәндер