Экскурсияны өткізу техникасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Экскурсияны өткізу техникасы

«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.

Топпен таныстыру. Экскурсовожд топқа бнлгіленген орынға алдын ала 10- 15мн бұрын келу керек. Егер экскурсия ұйымдастырушысы, туртоптың жетекшісі бар болса, олармен топ құрамын және оның экскурсиядан кейінгі жоспарын білуге болады. Содан кейін экскурсияға қатысушыларды автобусқа шақырады.

Басқа да нұсқау болуы мүмкін. Өтіп бара жатқан автобусқа экскурсовод отырып экскурсанттармен амандасады. Өз аты жөнін, экскурсия тақырыбын айтады. Топқа маңызды бірқатар нысандарды нысандарды санап шығады. Одан кейін экскурсияның басталуын, аяқталуын, шақырымын айтады.

Психологтар экскурсоводтарға ұсынады: автобусқа кіргеннен кейін және тыңдаушылар алдында тұрғаннан кейін, бірнеше секунд шыдап, сөйлемді бастауы керек. Ең алдымен кіріспе жақсы болуы тиіс. Мысалы экскурсияда мамандар мен қызығушылықтар туралы олардың тақырыбын, меңгеру дайындылығы туралы мәліметтер алуы тиіс.

Көліктен шығу.

Алдын ала айтылуы керек. Нысандар арасында қозғалыс кезінде экскурсанттар логиканың ауысуын тыңдағаннан кейін және шығу орнын белгілеп, нысандарды көргеннен кейін ерекше шақыруларды күтпей тұрып шығады.

Қыста - күн көзінде, жазда -көлеңкеде, жаңбар кезінде -ағаштар арасында немесе қоғамдық ғимараттардың кіріберісінде орналасуы керек. Нысан қасында басқа топтармен бір уақытта кездеспеу, немесе ол экскурсоводтың әңгімесіне кедергі жасамау үшін дистанция сақтау керек. Топты доға бойынша немесе 2, 4 қатарлы етіп, нысанға бетімен орналастыру керек. Экскурсовод сол кезде топтың сол кезде топтың оң жағында тұру керек.

Топтың жаяу жүруін басқару керек. Ондаған метрлерге топ созылмауы керек; қалып қойғандарды тосып, уақыт кетіреміз. Сондықтанда экскурсовод топтың орта белінде жүруі тиіс. Яғни қалып қойғандардың жеңіл басқарылуына мүмкіндік беріледі.

Қозғалыс жылдамдығы берілген ақпараттар мөлшеріне, нысанның күрделілігіне, келесі нысанға дейінге қашықтықтың ұзақтығына байланысты.

Және топтың физикалық күйіне тәуелді болады. Мысалы қарттар мен кішкентай балалардың болуына немесе жолдардың дәрежесіне байланысты.

Жаяу экскурсияның ұзындығы 3-4 шақырымға созылуы тиіс.

Автобусқа қайту.

Экскурсовод жетекшілігімен жүреді. Әсіресе отырғызу орны көліктен шығу орнымен сәйкес келмеген жағдайда бұл өте маңызды. Адамдарды алдын ала есептеу қажет. Отарғызу кезінде экскурсовод есіктің оң жағында тұруы тиіс.

Барлығы жиналған соң ол ең соңынан автобусқа кіреді.

Автобустағы экскурсоводтың орны ұзақ уақыт бойы талқыланды. Осыдан он - он бес жыл бұрын көлік жүргізушісінің қасында арнайы креслода экскурсанттарға бетімен орналасуы нұсқауланды. Қалалық экскурсияларда шығусыз тоқтаулар болған кезінде экскурсовод креслодан тұрып, өз әңгімесін жалғастырады. Автобуста микрофон болмаған жайда, экскурсия

барысына өзгертулер енгізіледі.

Уақытты сақтау

Хронометражды немесе үйде не маршрутта құрастыру керек. Содан кейін жөндеулер енгізіледі. Материалдар толықтырылады немесе алып тасталынады. Сөйлеу жылдамдығы өзгереді. Кейде автобустың кешігіп қалуынан немесе басқа жағдайлар болған кезде, уақыттың қысқартылуы жөнінде сұрақ туады. Соның ішінде тақырыпшалардың айтылуын қысқарту, шығулар санын азайту. Осындай жағдайларға дайын болу керек.

Карточкаларды пайдалану.

Бұл экскурсияны жүргізуді жеңілдетеді. Маршруттың әрбір учаскелері мен нысандары бойынша карточка қалың қағаздан алақанның өлшеміндей болып жасалынады. Карточкалар нөмірленіп, маңызды терминдер әр түрлі түстермен ерекшеленеді. Олар үш тәсіл бойынша пайдаланылады.

1. Олардан цитаталар оқылады.

2. Оларды асулар немесе өтулер кезінде қолданады.

3. Әңгіме кезінде еске түсіру үшін қолданады.

Негізінен, соңғы тәсілді қолданбаңыздар.

Экскурсия барысында қойылған сұрақтарға жауап экскурсия кезінде емес, оның аяталуынан кейін берілуі тиіс.

1. Көптеген сұрақтарға жауаптар экскурсиядан кейін берілуі тиіс

2. Көптеген сұрақтарға жауап тақырыпшалар кезінде берілсе олар экскурсантардың зейінін шашыратады.

3. Көптеген сұрақтарға зейінсіз отқандар үшін беріледі. Олар экскурсия тақырыбына жатпайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экскурсиядағы дайындық технологиясы
Экскурсия өткізу әдістері
Экскурсияны дайындаудың әдістемесі
Музей түсінігі
Экскурсияны дайындаудың негізгі кезеңдері
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсант пен экскурсоводтың белсенділігі
Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық
Блок экскурсиятану
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz