ҚАЗБА КӨМІРЛЕРДІ ИНФРАҚЫЗЫЛ СПЕКТРОСКОПИЯ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Научно-технический вестник Поволжья №5 2014 (86-90 стр.)
Е.А.Фарберова, Н.А.Чирикова, Н.Б.Ходяшев, Е.А. Тиньгаева
Пермь ұлттық политехникалық зерттеу университеті, химия-технологиялық факультеті, химия және биотехнологиялар кафедрасы.
*(Орыс тілінен аударған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-техникалық факультетінің 4 курс студенті Нұрмыш Санжар) 25.11.2020ж.

ҚАЗБА КӨМІРЛЕРДІ ИНФРАҚЫЗЫЛ СПЕКТРОСКОПИЯ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ.
Бұл жұмыста қазба тас көмірлерді инфрақызыл спектроскопия әдісімен зерттеу нәтижелері ұсынылған. Қазбалардың белсенді көмір алуға жарамдылығын болжау мақсатында ароматтылық дәрежесін анықтау үшін көрсетілген әдістің мүмкіндіктері бекітілді.
Кілт сөздер: қазба тас көмірлер, тас көмір, инфрақызыл спектроскопия, метаморфизм дәрежесі,ароматтылық дәрежесі.
Белсенді көмірлерді алу технологиясында қазба тас көмірлер қолданылады. Белсенді көмірлердің сапасына айтарлықтай дәрежеде бастапқы шикізаттың құрылымы мен құрамы әсер етеді: ұшпа заттардың шығуы, көміртек үлесі, заттық құрам.
Тас көмірді термиялық өңдеуде (жоғары сапалы белсенді көмірді тізбекті түрде алу) оның реакциялық қабілетін көмір органикалық массасының ароматтылық дәрежесі анықтайды.
Тас көмірдің ароматтылық дәрежесін анықтау үшін заттың химиялық анализіне негізделген және ван Кревелен ұсынған формула қолданылады:
fa=100-VA 12001240 C
мұндағы, fa- ван Кревелен бойынша ароматтылық дәрежесі;
VГ- ұшпа заттардың шығуы, %
C- көміртек үлесі, %
Қоңыр көмірдің ароматтылық дәрежесін анықтау әдісін С.Г.Гагарин ұсынды (Ядролық магниттік резонанс - ЯМР әдісі арқылы алынған нәтижелердің көмегімен эмприкалық тәуелділіктер арқылы):
fa=1.007-0.387HC-0.3725 OC және
fa=1.197-0.5136HC-0.6423 OC
HC және OC атомдық қатынастары көмірдегі ароматты және алифатты фрагменттердің үлестерінің қатынасын сипаттайды.
Донецк бассейні көмірінің ароматтылығын бағалау үшін инфрақызыл спектроскопия әдісі қолданылған. ИҚ спектроскопия көмір құрамындағы оттегілі функционалды OH-CO тобындағы, CH2-алифатты, CH- ароматты атом топтарын сандық түрде сипаттауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жұмыста Красноармейская Западная №1 шахтасынан өндірілетін әртүрлі типтегі көмір сипаттамалары үшін ИҚ спектроскопия әдісін қолдану сенімсіз екені көрсетіледі.
Бұл жұмыста көмірлердің ароматтылық дәрежесін ИҚ спектроскопия әдісін қолданып бензол сақинасындағы көміртек-көміртек байланыстарының нормаль тербелістерінің (νCC) жұтылу жолағы бойынша анықтаудың мүмкіндіктері қарастырылады.
Тас көмірдің ароматтылығын анықтау келесідей жүзеге асады:
Ароматтылық индексін анықтау Nicollet-380FT-1R инфрақызыл-Фурье спектрометрінде жүргізілді. Тас көмір үлгісі шаң тәрізді күйге дейін мұқият ұнтақталды. Массасы 0,005 г көмір ұнтағы лабораториялық таразыда +-0,0001 г дәлдікпен өлшеніп, микропипеткамен 400 мкл вазелин майы қосылды.Зерттелінетін үлгінің қалыңдығы 0,2 мм-ді құрайды.Үлгінің түсірілімі (съемка) алдында фон спектрі түсірілді (жазылып алынды). Үлгі спектрінің фон спектріне бөлінуі атмосфералық сыртқы әсерді жойып, нақты (барлық максимумдары тек зерттелінетін үлгіге тиісті) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белсендірілген көмір - құрамында әртүрлі шығу тегі көміртегі бар органикалық материалдардан алынған кеуекті зат
Көміртекті сорбенттерді активтеу
Қияқты кен орыны көмірінен бөлініп алынған ерітінділер
Көмірдің құрылысы мен құрылымы
Спектроскопия.Спектроскопия әдісінің биологияда және медицинада қолданылуы. Жаңа туылған сәбилердегі Госпел ауруының Фототерапиясы
Шунгиттердің сорбциялық қасиеттерін зерттеу
Құрамында самарий бар полимерлі пленкаларды спектрофотометрлік жолмен зерттеу.
Спектрлік әдістер
Органикалық заттарды физикалық әдістермен зерттеу
Шикізаттың және дайын өнімді бағалауда физико-химиялық анықтау амалдарды қолдану
Пәндер